Тіл дамыту әдістемесінің даму тарихы.
Дәрістің мақсаты. Тіл дамыту әдістемесінің даму тарихы уралы түсінік беру.
Жоспар:
1.Қазақстандағы тіл дамыту әдістемесінің дамуы.
2.Б.Баймұратованың тіл дамыту әдістемесіне қосқан үлесі.
3.Қазіргі кездегі тіл дамыту мәселесі, оған үлес қосқан ғалымдар
4.К.Д.Ушинский, Е.Н.Водовозова, Е.И.Тихеева т.б. Мектеп жасына дейінгі балаларға ана тілін үйретудің негізін қалаушылар.
5.30-40 жылдардағы тіл дамыту бойынша жүргізілген жұмыстар.
Тезистері:
1. 1950-60 жылдарда мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына арналған ғылыми зерттеулер одан әрі жалғасты. Осы кезеңде тіл дамыту сабақтарындағы балалардың сөздің грамматикалық құрылысын жақсы меңгерулері үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдалану керектігі сөз болды. Мектепке дейінгі тәрбие мәселесінің қалыптасуының жаңа кезеңі 1959ж. 21 майдағы орталық комитеттің “Мектепке дейінгі тәрбие мекемедегі оқыту мен тәрбиелеуді жақсарту шаралары туралы” қаулыға байланысты. Ұлы Октябрь революциясынан кейін біздің республикамызда да мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің жұмысы жедел дамыды. 1917 жылы 1 майда ВЕРНЫЙ қаласында тұңғыш балабақша ашылды. Бұл бақшаға әртүрлі ұлттан тұратын 100-ге жуық бала қабылданды. 1922ж. бастап республикада балабақшаға арнап қызметкерлер даярлайтын әйелдер курстары ашылды. Сөйтіп 2 жылда 80 тәрбиеші даярланды. 1926-29 жылдары республикамыздың алыс аудандарына м.д. киіз үй, көшпелі киіз үй, қызыл отау секілді м.д. мекемелердің жаңа түрлері ашылып, олар алыс комиссариатының шешімі бойыша м.д. тәрбие туралы конференция ұйымдастырды. 1938ж. 1 майда Алматы қаласында мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі Республикалық методикалық кабинет ашылды. Осы кабинеттің негізінде тәрбиешілер даярлайтын 3, 6, 9 айлық курстар жұмыс істей бастады және бұл курстарда сабақ қазақ тілінде жүргізілді. Курсты бітірушілер алыстағы аудандарға жұмысқа жіберілді. Осы кабинеттің ашылуымен байланысты балабақша жұмыстары жандандырылып балабақшаға арналған программалар, методикалық еңбектер шығарыла бастады. Алғашқыда бақшаға арналған программа орыс тіліндегі программаның негізінде аударылып жасалды. Соңғы шыққан программа сауат ашу бөлімі қазақ алфавитіне негізделіп, ал көркем әдебиет бөлімі қазақ балалар әдебиетінің туындыларынан алынып жасалды. 1964ж. шыққан программа балалардың жас ерекшеліктеріне сай шығармалар таңдау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. 1960-70жж. арасында республикадағы м.д. мекемелердің саны 5,2 есе, ал оңдағы тәрбиеленетін балалардың саны 5,6 есеге дейін өсті. 1981-82 оқу жылына арнай шығарылған программа, мектепке даярлық топтарына арналған оқу тәрбие жұмысына көңіл бөлінді.
2.Қазақ балабақшаларына арнап еңбектер жазған, ғылыми зерттеулер жүргізген ғалымдардың бірі п.ғ.кандидаты Б.Баймұратова. оның “М.Ж.Д. балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту”, “М.ж.д. балалардың тілін дамыту методикасы”, “Балаларды мектепке даярлау”, “Біздің кітап” т.б. еңбектерін атап өтуге болады. “Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту” деген еңбегінде бақшаға арнаған бағдарлама бойынша тіл дамыту сабақтарын жоспарлау және мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу ерекшеліктерімен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың тәсілдерімен әдістеріне тоқталады және осы еңбектің соңында жоғары топтарда өтілетін кейбір сабақтардың жоспарын берген. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің негізгі әдістері мен тәсілдеріне:
Сөздік жұмысын жүргізу,
Дидактикалық ойындар ойнату,
Түрлі заттардың атын айтқызып салыстыру.
Жұмбақ шешкізу, сурет арқылы әңгіме құрастыру, серуенге, топсаяхатқа шығару жұмыстарының ерекшеліктерін нақты мысалдармен дәлелдеп көрсеткен. Ал “Балалар тілін дамыту методикасы” деген еңбегінде балабақшадағы әр топтағы балалардың сөздік қорының қандай дәрежеде болатындығын төмендегі цифрлар арқылы дәлелдейді. Мысалы: 2 жастағы балалардың сөздік қоры – 500 сөзден астам;
3 жасар баланың сөздік қоры – 1200;
4 жастағы балалардың сөздік қоры – 1900, ал даярлық тобындағы балалардың сөздік қоры – 2500-3500 сөзге дейін. Ал өзінің жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде м.ж.д. балалардың сөзді меңгеруі жанұядағы, бақшадағы жүргізілетін тәрбие жұмыстарына байланысты деген қорытынды жасайды. Бақшадағы әр топтағы балалардың сөйлеу деңгейлерінің бағдарламалық талапқа сай болуы сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдерге де байланысты екендігін көрсетеді. Бұл соңғы еңбегінде Б.Баймұратов төмендегідей 9 жұмыстың түрін атап көрсеткен:
*Оқылған шығарма бойынша сұрақ қойып жауап алу.
*Балаларға антоним, синоним, омоним сөздерді меңгертіп, сол сөздердің ерекшеліктерін ажырата алатындай дәрежеге жеткізу.
*Түбір сөздерді әр түрлі формада қолдана білуге үйрету.
Мысалы: бас, басшы, бастық, бастама т.б.
*Берілген сөздерге теңеу табу. мыс. Қызыл алма,. тәтті алма. алтын күз. суық күз.
*Белгілі бір тақырып бойынша балалардың өздеріне әңгіме құрастыру. /жыл мезгілі, отбасы, достары туралы т.б/
*Суреттермен жұмыс./жеке адам,еңбегі,өмірі,табиғатқа байланысты/
*Топсаяхатқа шығару
*Дидактикалық ойындар арқылы балалар тілін дамыту.
*Өздерінің көрген білгендері бойынша әңгімелесу.
Сонымен қатар автор бұл еңбегінде әр топтағы өткізілетін тіл дамыту сабақтарының үлгі жоспарларын бере отырып, тіл дамытуды басқа пәндермен қалай байланыстыру керектігіне тоқталады. Мысалы, тіл дамыту сабағымен көркем әдебиеттің байланысын жеке, нақты мысалдар арқылы бала тілін дамытуға қандай әсері болатындығын дәлелдеген. Еңбектің соңында тіл дамыту сабатарында пайдаланатын дидактикалық ойынның мазмұны берілген.
3.Соңғы жылдары жарыққа шығып жатқан еңбектерге және мектеп жасына дейінгі бала тілінің дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері.
Ә.С.Әмірова, Қ.М.Меңдаяхова, А.Бақыреденова, К.М.Метербаева және т.б.
4. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында прогрессивтік бағыттағы педагогтің бірі – К.Д.Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Оның философиялық көзқарасы материалистік бағытта еді. Ушинский баланың тіл қалыптасуындағы ана тілінің рөлін ерекше атап өтті. Оның тіл дамыту мен ойлау бір-бірімен тығыз байланыста болады деген пікірі күні бүгінгі дейін құнын жойған жоқ. Сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеуде: халық ауыз әдебиетінің басты роль атқаратындығын айта келіп, баланың жас ерекшелігіне қарай таңдап алынған ертегі, жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштар балаларға адамгершілік тәрбиесін беруде қайнар көзі болып табылады деп дәлелдеді. Ушинский өзінің көзқарасын “Балалар әлемі және хрестоматиясы” (1861), “Ана тілі” (1864) деген еңбектері арқылы халыққа шығарды. Ушинскийдің бұл еңбектеріндегі ең құнды пікірлерінің бірі мектепке баратын балаларды дайындап оқытудың қажеттігі туралы еді. Ушинскийдің идеясын оның ізбасарлары одан әрі жалғастырды. Оның шәкірттерінің бірі – А.С.Семенович. Ол Петербургте, Тбилисиде балабақшада тіл дамыту жұмысы бойынша тәжірибелер жүргізді. Оның әдістемелік теориясының негізінде “Отантану” деген еңбегі және жекелеген пәндік сабақтар өткізу керектігі жөніндегі сабақтардың балаларды қызықтыратын ойын түрлері арқылы өткізу керектігін айтты.
Е.К.Водовозова – шәкірті. 1871 жылы оның педагогикалық тәжірибесінің негізінде “Бір жастан сегіз жасқа дейінгілердің ақыл-ойының дамуы” деген еңбегін жазды. Ол да Ушинский сияқты отбасында және балабақшада балаларды тәрбиелеудің басты құралы – халық ауыз әдебиеті деп түсінді, және мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған орта, табиғатпен таныстырудың маңыздылығын дәлелдеді. Бұлардан кейін тіл дамыту әдістемесі бойынша пікір айтқандардың бірі - И.Е.Тихеева. Ол да Ушинский секілді ана тілін игерудің балабақшадағы және мектептегі оқыту мен тәрбиелеудің негізі деп қарады. Тихеева жүргізген тәжірибесінің негізінде бақшада сабақ жүргізу үшін сабақ жоспары мен программасы болу керектігін айтты. Өзі басшылық еткен балабақша мен Ленинград пединститутында тіл дамыту әдістемесінің оқыту тәжірибесін жинақтап “Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту” деген еңбегін жазды. Бұл еңбегінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету мәселелеріне көбірек көңіл бөлді. Оның осы еңбегіндегі практикалық нұсқаулар әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ.
5. 1924 жылы балабақшаға арналған әдебиеттер бойынша комиссия құрылып, оған Е.А.Флерина басшылық етті. Комиссия балаларға коммунистік тәрбие беретін жаңа әдебиеттер жазу керектігін айтты. Осы кездегі балабақша жөніндегі бір теріс пікір ертегіні оқытуға тиым салумен байланысты еді. Бұл қателік 1934 жылы жазушылар съезінен кейін түзетілді. Еліміздегі балабақша жұмысының жақсаруы орталық комитеттің жаңа шыққан қаулыларымен байланысты болды.
Советтік мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуында Н.К.Крупскаяның қосқан үлесі мол. Оның педагогикалық еңбектерінде балалар тілін қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Ол сөзді ақыл-ой тәрбиесінің негізі деп қарады. Ал, балалардың сөздік қоры олардың айналадағы заттар, құбылыстар туралы қаншалықты білімдері, түсініктері бар екендігін көрсетеді деп есептеді. Сондықтан ол 1932ж. жазған “Балабақшаға арналған программа жобасына ескертпелер” деген мақаласында балаларды тыңдай білуге олардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып отыруға үнемі көңіл бөлу керектігін айтты. Крупскаяның пікірлеріне сай 1934ж шыққан балабақшаға арналған программада балалар тілін дамыту, кітаппен және суретпен жұмыс деген арнайы бөлімдер берді:
1938 жылы “Балабақша тәрбиешісіне басшылық” деген атпен жаңа бағдарламалық әдістемелік құжат жарық көрді. Бұл басшылықтың тіл дамыту әдістемесіне балалардың мәнерлеп сөйлеуіне, қалыптасуына ерекше көңіл бөлді. Бірақ бұл басшылықта да қателік болды. Яғни, бала тілінің дыбыстық жағын байланыстырып сөйлеуіне көңіл бөлінбеді.
1945 жылы шыққан “Тәрбиешіге басшылықтың жаңа басылымында” ана тілін үйрету және айналадағы қоршаған ортамен таныстыру мәселелеріне тереңірек көңіл бөлінді және осы кезеңде мектепке дейінгі мекемелерге арналған алғашқы ғылыми еңбектер шыға бастады. 1940 жылы еліміздің көптеген қалалары мен облыстарында мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне арналған ғылыми практикалық конференциялар өткізілді. Бұл конференцияда балабақшаға арналған ғылыми еңбектерге талдау жасалынып қол жеткен табыстар және алда тұрған міндеттер сөз болды. Сондай-ақ осы конференцияда жеке адамдардың тәжірибелері ортаға салынды. Мысалы, Е.И.Радинаның “Балабақшада тіл дамыту” сабақтарында әңгіме әдісін қалай пайдалану керектігі жөніндегі баяндамасы өте сәтті шықты.
Алексеева М.М., Яшина В.И. , Г. Ушакова және т.б. ғалымдардың мектеп жасына дейінгі бала тілінің дамуына қосқан үлестері мол.
№ 3-4 дәріс тақырыбы:
Достарыңызбен бөлісу: |