«білім беру және педагогика» жоғары мектебі



бет4/43
Дата10.06.2022
өлшемі386.92 Kb.
#459106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту (1)

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
1.Тіл дамыту әдістемесі пәні
Тіл дамыту әдістемесі пәні және курстың міндеттері. Әдістеменің қолданбалы ғылым ретіндегі сипаттамасы. Ғылым ретіндегі әдістеменің іргелі және қолданбалы міндеттері. Тіл дамыту әдістемесі курсын оқытудың негізгі міндеттері. «Сөйлеуді қалыптастыру», «тіл дамыту», «коммуникативті-тілдік дағдылар» ұғымдарының мазмұны. Сөйлеудің функциялары.
Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негіздері. Тіл дамыту әдістемесінің әдіснамалық негізі. Тіл – ойлау мен танымның құралы ретінде. Тіл мен сөйлеу – қоғамдық-тарихи дамудың өнімдері ретінде. Тіл – тұлғаны дамыту және адамзаттың қарым-қатынас құралы ретінде. Балабақшада балалардың тілін дамыту бойынша жұмыстағы коммуникативті тұғыр. Әдістеменің басқа ғылымдармен байланысы. Тіл дамыту әдістемесіндегі зерттеу әдістері. ҚР «Тілдер туралы» Заңы (1999ж), «Білім туралы» Заңы (2007ж), «Мәдени мұра» Мемлекеттік Бағдарламасы (2004ж), «ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (2016ж).


2.Тіл дамыту әдістемесінің қалыптасуы
Шетелдік педагогикада балалардың тілінлардың тілін дамыту мәселелері. Я.А.Коменский мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту принциптері туралы. И.Г.Пестолоццийдің еңбектеріндегі ана тілін оқыту әдістемесі. Ф.Фребель мен М.Монтессоридің жүйелеріндегі тіл дамыту әдістері.
Ресейде әдістеменың дамуы. К.Д.Ушинский – балаларға ана тілін бастапқы оқыту әдістемесінің негізін қалаушы. Е.Н.Водовозова, оның тіл дамыту әдістемесіне қосқан үлесі. Е.И.Тихиеева, оның балабақшада балалардың тілін дамытудың әдістемелік теориясы мен тәжірибесін құрастырудағы ролі. Е.А.Флерина балалардың тілін дамыту бойынша жұмыстың белсенді формалары туралы. 30-шы және 40-шы жылдары балалардың тілін дамыту бойынша бағдарламаларды құрастыру тәжірибесі. Тіл дамыту саласындағы теориялық зерттеулер және олардың әдістеменің қалыптасуындағы ролі: Ф.А.Сохин, О.С.Ушакова, М.М.Конина, В.И.Логинова, А.М. Бородич.
Қазақстанда әдістеменің дамуы. А.Байтұрсынов, Б.Б.Баймұратова, Г.К.Дүкенбаева, Х.Қожахметованың еңбектеріндегі ана тілін оқыту және тіл дамыту әдістемесінің мәселелері. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін оқыту әдістемесінде шетелдік тәжірибені қолдану. Әдістемені әрі қарай дамыту мәселелері және қазіргі жай-күйі. Көптілділік жағдайында мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту бойынша жұмыс ерекшеліктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет