Білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»


-бөлім. Тәрбиені жүзеге асыру тетіктері



бет5/6
Дата23.02.2024
өлшемі27.76 Kb.
#493008
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Біртұтас тәрбие бағдарламасы

5-бөлім. Тәрбиені жүзеге асыру тетіктері

Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтарды дарыту мақсатында оқыту мен тәрбиенің интеграциялануы қажет. Сондықтан білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиенің тұтастығын қамтамасыз ету келесідей жүзеге асырылады: пәндік мазмұн; сынып сағаттары; сыныптан тыс іс-әрекеттер; отбасымен ынтымақтастық; үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу ұсынылады.


Пәндік мазмұн шеңберінде:
сабақ тақырыбының тәрбиелік мәнін ескеру және оның сабақ барысында жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
бастауыш сынып пәндері апталығын жоспарлау мен өткізуде ортақ тақырыптардың әлеуетін ескеру;
орта және жоғары сыныптарда пән апталықтарын жоспарлау мен өткізуде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға назар аудару қажет.
Сынып сағаттары:
сынып сағаттарының жылдық жоспарын әзірлеуде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың бірізділігі мен жүйелілігін сақтау;
оқу жылының мерейтойлық күнтізбесін ескере отырып жоспарлау және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
сынып сағаттары аптасына бір сағаттан мектептің сабақ кестесіне сай енгізілуі және уақытылы жүйелі түрде өткізілу.
Сыныптан тыс іс-әрекеттер шеңберінде:
білім алушыларды белсенді іс-әрекеттерге тарту арқылы пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің бірлескен жобаларын жүзеге асыру;
танымал, атақты тұлғаларға, оның ішінде мектепке аты берілген тұлғалар туралы тереңірек білуіне бағытталған іс-шараларды өткізу;
білім беру ұйымы орналасқан өлкенің танымал тұлғаларымен, еңбек ардагерлерімен және мектепті бітіріп, табысты еңбек етіп жүрген түлектермен кездесу ұйымдастыру ұсынылады.
Отбасымен ынтымақтастық шеңберінде:
білім беру ұйымдарында бала тәрбиесіне қатысты мәселелер бойынша ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету (тәрбие жұмысын жоспарлау, бірлесіп басқару әрі шешім қабылдау);
білім беру ұйымының әлеуметтік желілердегі (Instagram, Facebook, Телеграм және т.б.) парақшасы арқылы ақпарат алушы ретінде ата-аналармен байланыс орнату;
білім алушылардың даму динамикасын көріп, сапалы кері байланыс беру мақсатында ата-аналар жиналыстарының жаңа форматтарын ұйымдастыру (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, семинарлар, ашық есік күндері, ата-аналар конференциялары, дәрістер, педагогикалық қонақ бөлмелері).
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу шеңберінде:
білім беру ұйымының өз қажеттіліктеріне сәйкес іс-шаралар, жобалар ұйымдастыру;
жергілікті жердің көрнекті орындарында сабақ өткізу немесе іс-шаралар ұйымдастыру (музей, театр, өлкетану экскурсиялары, кәсіпорындарға бару т.б.).
Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысында білім алушылардың ерекшілігін ескере отырып, интерактивті әдістерді қолдануға басымдық берілуі қажет. Интерактивті тәрбие әдістері – өскелең ұрпақтың тәжірибеге белсенді қатысуын, тәжірибе алмасуын қамтамасыз етеді. Сондықтан сынып сағаттарында топтық талқылаулар, рөлдік ойындар, проблемалық жағдайларды немесе кейстерді шешу, зерттеу жобалары, модельдеу, оқыту ойындары, дебаттар мен форумдар және басқада интерактивті әдістерді қолдау ұсынылады. Интерактивті әдістерді қолдану балалар мен жасөспірімдердің құндылықтарды тереңірек түсінуіне және оларды күнделікті өмір жағдайында қолдануға ықпал етеді.
Тәрбие құндылықтарын дарытуда әлеуметтік тәжірибелерге, жобаларға білім алушыларды тарту маңызды. Өйткені, әлеуметтік тәжірибелер мен жобалар – бұл әлеуметтік мәселелерді шешуге, адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартуға, қоғамды дамытуға және оған оң үлес қосуға бағытталған іс-шаралардан тұрады. Жобалар білім алушылардың сыни ойлауын, эмпатияны және қоғамдағы өзара әрекеттесу үшін маңызды әлеуметтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобалар «Таза аула», «Жасыл мектеп», «Эковолонтерлер», «Экологиялық мониторинг», «Экологиялық туризм», «Үнемді тұтыну», «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла», «Мектептегі энергияны үнемдеу», «Судың да сұрауы бар», т.б.
Білім алушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған жобалар практикалық жұмыстардан бастап ғылыми-зерттеу жобаларына дейінгі іс-шаралардың кең ауқымын қамтуы мүмкін. Олар: «Менің елім және менің құқығым», «Құқық-квест», «Заңға қосқан үлесім», «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Заң мамандықтары». Бұл жобалардың барлығы білім алушыларға өздерінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ еліміздің құқықтық жүйесінің жұмысын түсінуге ықпал етеді.
Еңбекқорлыққа тәрбиелеу үшін келесі жобалар ұсынылады: «Қолөнер шеберханасы», «Еңбегі адал жас өрен», «Өзің жасап көр», «Аспаздық жоба» және т.б.
Ар-ұят, намыс, адалдық, жауапкершілік сияқты құндылықтарды жетілдіру үшін мынадай тақырыптағы жобалар ұсынылады: «Бейбіт күннің каһармандары», «Өнер мен құндылықтар», «Тарихқа құрмет», «Менің отбасымның өмірлік жолы», «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» және т.б.
Салауатты өмір салтының маңыздылығын түсінуі және денсаулықты нығайтатын әдеттерге дағдылануы үшін келесі жобалар тақырыптары ұсынылады: «Күнделікті пайдалы тағам», «Зиянды әдеттен аулақ бол», «Спорт және мен», «Қауіпсіздік және алғашқы көмек», «Психологиялық әл-ауқат және күйзеліске төзімділік», «Ұйқы және оның денсаулыққа әсері», «Экранға тәуелділік: жаман әдет», «Цифрлық гигиена» және т.б.
Ұсынылған жобалар шеңберінде әдеби марафондар, квесттер, челлендждер, пікірсайыстар, түрлі конкурстар, фестивальдер өткізумен қатар театрға, мұражайға және тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет