Білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»


-15 жас кезеңдегі жасөспірім тәрбиесі



бет4/6
Дата23.02.2024
өлшемі27.76 Kb.
#493008
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Біртұтас тәрбие бағдарламасы

4.3 11-15 жас кезеңдегі жасөспірім тәрбиесі

Жасөспірімдік кезең бала дамуындағы ерекше кезең. Бұл кезеңде бала өзін ересек, өз бетінше шешім қабылдай алатын дербес тұлға ретінде көрсетуге ерекше ұмтылады. Олар еліктегіш, құрдастарының, достарының пікірлері маңызды деп санайды, тәуекелге барып, батыл қадамдар жасайды, мінез-құлқы жылдам өзгермелігін ескере отырып 11-15 жастағы балалар тәрбиесі бойынша ұсынылады:


тәрбие шаралары мен жобаларының мазмұнын, форматын, көркемдік стилін, ұсынылу тәртібін анықтауда жасөспірімдік кезеңдегі балалардың психологиялық ерекшелігін, қызығушылығын назарға алып, цифрлық технологиялардың жетістіктерін ескеру;
жас ерекшеліктеріне сай келетін классикалық көркем шығармалар мен көркем әдебиеттерді ұсыну; оқылған шығарма кейіпкерлерінің бойындағы адами қасиеттері мен жағымсыз әдеттерін талқылауға бағытталған кейстік жағдаяттарды шешуді ұсыну;
еліміздегі тарихи орындарға, ескерткіштерге экскурсия жасау, ел мен жер тарихы туралы деректермен танысу, театрға, музейлерге, мұрағаттарға, ұлттық парктер мен қорықтарға бару, виртуалды саяхаттар жасау немесе/және цифрлық технологиялардың жетістіктерін қолданып таныстыру;
ақын-жыраулар және ұлт зиялыларының, батырлардың, тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің өмір жолдарымен, олардан мирас болып жеткен мұралармен таныстыру;
тарихи, деректі фильмдерді талдау;
білім алушылардың мәдени және ұлттық мұраны насихаттау бойынша бастамаларына қолдау көрсету;
табиғатты қорғау, адамның әрекеттерінен туындайтын апаттардың алдын алу бойынша жобалар әзірлеу;
жобаларды жүзеге асыруға отбасын әлеуметтік әріптестікке тарту;
«Гаджетсіз демалыс» күндерін ұйымдастыру, кітап оқу, спортпен шұғылдану, табиғат аясында серуендеу т.б. шаралар ұйымдастыру ұсынылады.

4.4 15-18 жас кезеңдегі жастар тәрбиесі


15-18 жас кезеңінде білім алушылар жедел шешімдер қабылдап, тәуекелдерге барудан қорықпайды, албырттығымен ерекше және өз болашағы туралы ойланып, тәуелсіз шешім қабылдауға бейім болатындығын ескере отырып тәрбие жұмысын ұйымдастыруда ұсынылады:


ел мен жер тұтастығы мен ел тәуелсіздігін қадірлеуге, ар-ұят, намысты жоғары ұстауға, адал еңбекпен қызмет етуге, қоғам игілігі үшін азаматтық белсенділік танытуға, жауапкершілікті саналы түсінуге, салауатты өмір салтын ұстануға басымдық берілуі тиіс;
отбасы алдындағы перзенттік парызы мен Отан алдындағы борышын түсінуге бағытталған әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға жастарды тарту;
халқымыздың ата-бабадан мирас болып қалған мұрасын дәріптеу мен ұлттық бірегейлікті сақтауда жастардың бойындағы рухты ояту, отаншылдық пен мемлекетшілдік сезімдерін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру;
отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасын құруға жауапкершілікті түсіндіруге бағытталған іс-шараларға тарту;
адал еңбекті жоғары бағалауға, еңбек адамын құрметтеуге бағытталған іс-шараларға тарту, кәсіптік бағдарын дұрыс анықтауға қолдау көрсету ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет