61
пәндерінің жаңартылған мазмұндағы тереңдетілген бағдарламалары негізінде оқытылмақ.
Жаратылыстану бағытындағы пәндер қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізіліп,
заман
талабына сай информатика пәнімен қатар робототехника пәні де оқытылады. «Абай айрықша
дәріптеген игілікті істің бірі – тіл үйрену», - деп мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев айтқандай,
мектепте орыс тілі, түрік тілі, ағылшын тілі пәндері оқытылады. Алайда ғылым мен техника
қарыштап дамыған заманда интеллектуалды тұлға қалыптастыру тек компьютерлік
сауаттылық пен полиглот деңгейінде қалмауы тиіс. Себебі «Кітап аяулы досы бола бастаған
шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады»[2,16], -
деп Мұхтар Әуезов айтқандай, шынайы интеллект, нағыз білім – кітапта. Осы орайда өзге
пәндерден гөрі басымдық беріліп, тереңдетіле оқытылатын қазақ тілі мен әдебиеті пәндері
мұғалімдерінің ұсынысымен мектепте
«100 кітап» акциясы қолға алынған.
Бұл жоба
бойынша мектеп қабырғасында білім алып жүрген әр оқушы бір оқу жылында бағдарламадан
тыс 100 көркем шығарма (қазақ тілінде) оқып шығады. Әр жарты жылдыққа 50 көркем
шығарманың тізімі беріледі. Жартыжылдық соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің
мамандарымен бірге әр шығарманың мазмұны мен идеясы «Оқырмандар» клубында
талқыланады. Оқылған шығармалар тізімі оқушылардың
«Мен оқыған көркем шығармалар»
атты дәптеріне тіркеліп отырады. Осы дәптер бойынша жыл соңында есеп беріледі. 2019-2020
оқу жылында 8-11-сыныптар бойынша оқушылардың 97%-ы жалпы саны 100
шығармаға
жуық оқыған. В.И. Даль: «Цивилизацияның жалпы көрінісінде әрбір халықтың орны оның
оқыған кітаптарының санымен анықталады»[3], - дейді. Ендеше, бұл жоба кез келген мектеп
үшін таптырмас әдіс, тиімді тәсіл деп білеміз.
Дарындылық тек жақсы оқумен, үздік болумен шектелмейді. Дарынды балаларды
анықтау — баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Жас жеткіншектің
бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына
бағыт-бағдар бере білу – ерекше қиын іс. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына
қызығуын қалыптастыру,
шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану
мәдениетіне тәрбиелеу — ұстаздардың басты міндеті. Бұл бағыттағы жұмыстар мектепте
төмендегі реттілікпен жүзеге асырылады:
І. Пәндік олимпиадаларға дайындау:
8-
сынып:
LSарқылы оқушының бейімділігін анықтау. Пән мұғалімдерімен бірлесе
отырып, мектепішілік олимпиадаға дайындау, қатыстыру;
9-
сынып: Мектепішілік олимпиада нәтижесін сараптау,
жіберілген кемшіліктерді
түзету бағытында пән мұғалімімен, қолданбалы курс ғалымдарымен бірлесе жұмыс жасау;
10-
сынып: Облыстық, республикалық олимпиадаларға қатысу, нәтиже көрсету; ҚР
Ұлттық кітапханасымен және ғалымдармен байланыс жасай отырып,
білімін толықтыру;
11-
сынып: Республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысу, нәтиже көрсету.
ІІ. Ғылыми жұмыстарға дайындау
8-
сынып:
LSарқылы оқушының бейімділігін анықтау. Қолданбалы курс ғалымдарымен,
пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, тақырып таңдау, бекіту. Мектеп бағдарламасы аясында
тақырыппен танысу;
9-
сынып: Тақырып бойынша зерттеу жұмыстарымен, ғалымдардың еңбектерімен
танысу, саралау. ЖОО-дағы ғылыми жетекшіден кеңес алу;
10-
сынып:Ғылыми жұмысты аяқтау, мектепішілік ғылыми жобалар сайысына ұсыну,
қорғау, нәтиже көрсету. Кемшіліктерін толықтыру. ЖОО-дағы ғылыми жетекшіден кеңес алу;
11-
сынып:Республикалық, халықаралық
ғылыми жоба сайыстарына ұсыну, қорғау.
Нәтиже көрсету.
Жоғарыда көрсетілген жұмыс нәтижесінде, оқушылардың пәндік және ғылыми
сауаттылығы артып, өзіне деген сенімі күшейіп, нәтижеде сапалылыққа ұмтылуға
бейімделуде. Соның нәтижесі болса керек, Абай атындағы мектеп-интернат соңғы 3 жылда
Республика бойынша «Ең үздік олимпиадалық мектеп» атағына және ғылыми жобалар
сайысында «Ең үздік команда» атағына ие болып келеді. Сонымен қатар, мектепте екі жыл