«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет25/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

біріншіден, әрине, 
басқаны (қонақты, туған-туысты, үлкенді, бауырды...) сыйлау, ықылас, құрмет көрсете білуге, 
көпшіл болуға тәрбиелесе – бұл бүгінгі қоғамда қалыптасқан әдептілік пен мәдениеттің 
ажырамас бөлігі емес пе? Әрине, бұл мақсаттар жүзеге асады – егер біз баланы қонақ күту 
процессіне араластыратын, қатыстыратын болсақ. Мұны айтып отырған себебім, қазақ халқы 
баяғыдан-ақ үйге қонақ келерде, келгенде балаға да белгілі бір міндеттер беріп, қонақ күту 
процессінің белді мүшесі ете білген. Келген қонаққа қызмет көрсетумен қатар сол келген 
қонақтармен бірге отырып әңгімелесуіне, әңгімені тыңдауына, өз ой-пікірін білдіріп отыруына 
да мүмкіндік беріп отырған. Бұл баланың елгезек, бауырмашыл, жан-жақты боп өсуіне ықпал 
еткен. Қонаққа қызмет көрсете отырып әдептіліктің негізгі қағидаттарына үйренумен қатар, 
қонақтардың рахметі мен батасын алып отырғанның адамгершілік, мәдени, психологиялық 
тұрғыдан да артық болмас! «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ер көгерер» деген қазақтың 
мақалы тегін айтылмаса керек... Қонақтың қолына су құйып, үлкен ата-апаларына көмек 
қолын созып қызмет көрсетуі баланың адамгершілік қасиеттерін арттыратыны сөзсіз. Балалық 
кезіміздегі үйге қонақ келгенде құмған мен сүлгіге ие болып, таяқ ұстаған үлкен ата-
апаларымыздың киімін іліп, көмек көрсетіп жасаған қызметімізге қонақтардың «үлкееен 
азамат бол!», «өркенің өссін!», «көп жаса!» деп берген баталары мен ықылас-ниеттерінің өзі 
қалай әсер етуші еді... Аңызға сенсек, бұл дәстүр Сүлеймен пайғамбардан қалған дейді. Дәуіт 
пайғамбар отыз ұлынан айрылып, қайғыдан қан жұтқанда жаратушы Алла оған ұл беріп, 
есімін Сүлеймен қояды. Дегенмен, Сүлейменге тоғыз жыл ғана ғұмыр беретінін періштелер 
арқылы жеткізеді. Дәуіт патша қынжылса да, Алланың ұл бергеніне ризашылығын білдіріп, ес 
білген сәттен бастап баласы Сүлейменді сарайына келген қонақтардың қолына су құйып 
қызмет көрсетуге қояды. Сарайға келген қонақтардың қолына су құйып, алғысын алған 
Сүлейменнің өмірі ұзара түседі. Дәуіт пайғамбар мұның себебін сұрағанда жаратушы Алла 
«Сүлейменнің пешенесіне тоғыз жылдық ғұмыр жаздым. Бірақ зерек ұлың қонаққа қызмет 
етуден еш шаршамады. Ақсақалдардың батасын алуға құмар болды. Күн сайын адамдар оған 
Менің 99 есімімді айтып, шын жүректен алғыс жаудырып, батасын берді. Көптің алғысымен 
оның ғұмыр жасы ұзарды. Менің бір есімім – Халық. Халықтың тілегін қабыл етпеу 
Ұлықтығыма сын болар. Бүгіннен бастап Сүлейменге 99 түрлі мұғжиза (Алланың 


57 
пайғамбарларға берген кереметі) берем. Жердегі бүкіл тау-тас, аң-құс, он сегіз ғаламға патша 
қыламын!» дейді. Халықтың батасын алған Сүлеймен Алланың қалауымен пайғамбар болып, 
патша болып әділ билік жүргізтеді. Тарихымызға көз жүгіртсек, он үш жасында жетім қалса 
да он бес жасында ел билеп, дауға қонақ берген Бала би де осындай тәрбиенің «жемісі» емес 
пе?. Қазақ тарихында мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Қазақтың 
қонақжайлылығында, бала тәрбиесіндегі этнопедагогикасында осы «халыққа қызмет ету» 
деген ұлы гуманистік ой жатқан жоқ па, ойланайық... Мүмкіндігінше елдің алғысы мен 
рахметін алу әр кез жолымызды ашып, ізгі ниеттеріміз бен мақсат-мұраттарымызға жетуге 
ықпалы зор. Қоғамда қарап тұрсаңыз, көптің алғысы мен тілегін алмаған адамдардың кедергі 
мен қиындықтарға көп тап болатынын байқайсыз. Қазақтың этнопедагогикасындағы бұл идея 
батыстық құндылықтардың қазақ қоғамына ене бастауымен әлсірегенін мойындауымыз керек. 
Өткенді қаралаудан немесе кір іздеп, күйе жағудан аулақпын, дегенмен, Ресей отаршылдық 
саясатымен бірге ене бастаған батыстық, қазаққа жат құндылықтар этнопедагогикаға әсер етті. 
Әсіресе, кеңес үкіметі кезінде күшейе түсті. Қазақ қоғамына жат, әсері күшті алгогольдің, 
түрлі улаушы, адастырушы дүниелердің келуімен қонақ күтудің мазмұны, маңызы өзгерді... 
Салмақты, салиқалы әңгіме-дүкеннің орнын жеңіл-желпі көңіл мен қалжың басты. Қарапайым 
тілмен айтқанда қонақтың аузынан «ақ ит кіріп, қара ит шығатын» болды. Баласын мұндай 
әбестіктен, «тәрбиеден» аулақ ұстау үшін ата-ана баласын үйден сыртқа «қуды», баланың 
қонаққа қызмет көрсету «мүмкіндігі» азайды. «Жаман үйді қонағы билейтін» заман туды, 
қонақтардың әңгімесінің негізгі желісі «ішкен арақтары мен жеген тамақтары» болды. Ал қазір 
ше... Қазір заман өзгерді, адамдардың құндылығы мен мәдениетінде елеулі өзгерістер мен, 
алға ұмтылушылық бар. Сондықтан қазақтың этнопедагогикасына тән жоғарыда айтылған 
қонақжайлылықтың құндылықтарын неге қайта жандандырмасқа!
Қонақжайлылықтың бала тәрбиесіне ықпалының 
екінші бір жағы – танымдық мәселесі. 
Қонақжайлылықтың баланың танымдық жағына ықпалына тоқталып көрейікші. Бұл баланың 
қонақтармен етене араласып, дастархан басындағы салихалы әңгімеге, сұхбатқа араласуымен 
қалыптасатын жағдай. Өкінішке орай, жоғарыда айтылғандай, біз баланы «қонақжайлылық 
қатарынан» мүлдем түсіріп алдық. Қазір салауатты өмір салтын ұстанып, салихалы сұхбат 
жүргізте алатын, бала үшін тұлға ретінде ықпал ете алатын қоғамда азаматтарымыз
«қонақтарымыз» баршылық. Үйге келіп жатқан қонақтарымыздың жүз пайызы болмаса да 
көпшілігі салауатты, иманды, бала үшін беделді азаматтар бола алады. Баланың ортада өзін 
ұстауы, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы, дәйекті сөйлеуі және т.б. дағдылары осындай 
адамдармен қарым-қатынаста қалыптаспай ма... Бірде, жиырма бестегі жігіттің қонақта ойын 
жинақтап «дұрыс» тілек айта алмай тұрғанын көрген үлкен кісінің «қазақы бала бала емес... 
ынжық» деген сөзін естіп, қатты қынжылдым. Балаға кінә артпас бұрын үлкендер, ұстаздар, 
біздер де ойланайықшы! Егер жастайынан бала түрлі адамдармен қарым-қатынасқа түсіп, 
түрлі аудиторияда сөйлеп, пікір айтып үйренбесе үлкейгенде бір күнде ондай дағды қайдан 
болсын. Бала қонақтармен көсіліп әңгіме айтпаса да, сол ортада айтылған ой-пікірлерге 
ойланатыны, салыстыратыны, өзінше екшелеп-талдайтыны, әңгімеге қатысушыларды 
саралайтыны, бағалайтыны сөзсіз ғой. Яғни, қазіргі заманда маңызды болып отырған, біз үшін 
әлі де болса түсініксіз боп отырған (өкінішке орай) сын тұрғысынан ойлау дегеніміз осы емес 
пе?... Қазіргі заманда баланың ойлау дағдысының, оның ішінде сыни тұрғыдан ойлау 
дағдысының болуы маңызды екендігін бәріміз түсініп отырмыз. Мектепте ғана емес үйде 
отбасында да баланың өмірге қажетті дағдыларын қамтып, танымының артуына неге 
қонақжайлылық дәстүрімізді пайдаланбасқа. Қазақ тарихына көз жүгіртіп, Шоқан, Ыбырай, 
Абай және тағы басқа да қазақтың дана, біртуар тұлғаларын алайықшы... Әрине, бұл тарихи 
тұлғалардың тәрбиесінде, өсіп-өнуінде ата-ана, туған-туыстары мен ортасының ықпалы зор, 
ол заңды да! Қазіргі кездегідей оқу-тәрбие жүйесі, жоғары білім беру жүйесі болмаса да 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет