«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет27/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


2-секция 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАРЫНЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
(Абай РММИ тәжірибесінен) 


60 
ЖЕЛІЛІК «АБАЙ МЕКТЕПТЕРІНДЕ» ОҚЫТУДЫҢ
ТҮРЛІ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП,
ОҚУШЫ ДАРЫНЫН ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
(Абай атындағы РММИ тәжірибесінен) 
 
Сексенова Роза Ербозымқызы 
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға 
арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын
орта мектеп-интернатының директоры м.а. 
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастықпен ықпалдаса отырып, 
білім беру мен тәрбие саласында ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруда. Білім берудің 
мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Себебі қай қоғамның 
болмасын дамуы мен өркендеуі жас ұрпақтың меңгерген білімі, қалыптасқан іскерлік 
дәрежесіне байланысты. Қазіргі жағдайда қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық 
әлеуеті ұлттық байлықты құрайтын маңызды сипатқа ие. Бұл тұрғыда үкімет білім беру 
ұйымдары мен мұғалімдерге жаңа талаптар қойып, үлкен жауапкершілік жүктеп отырғаны 
белгілі. Ұлтты ұлт етіп, дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы, дарынды, талапты 
ұрпағы. Осы орайда, әсіресе, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды 
балалармен жұмыс жүргізу басты назарға алынуда. Республиканың әр аймағында (14 облыс, 3 
қала) хакім Абайды қазақ ұлтының жол көрсетер «Темірқазығына» айналдыруды көздеген 
гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған желілік «Абай 
мектептерінің» ашу ісінің қолға алынуы соның айғағы. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында: «Жаңғыру 
атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. 
Керісінше, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды 
алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру ұлттың рухани тамырынан нәр ала 
алмаса, ол адасуға бастайды»[1,3], - деген еді. Желілік «Абай мектептерінің» моделі Абайдың 
«толық адам» іліміне негізделе отырып, білім беруді оқушының бойында өз тарихына, 
Отанына, әдебиеті мен мәдениетіне деген құрмет сезімін қалыптастыруға негіздейді, дарынды 
баланың қабілетін жан-жақты ашуға бағыттайды. Сөзіміздің дәлелі – оқушылардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет