«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет26/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

отбасылық тәрбие мен ұлттық педагогика осындай тұлғаларды тудырды. Тағы тереңірек 
үңілсек, бұл тұлғалардың шыққан ортасы – сол қоғамның жоғары тап өкілдерінің отбасы. 
Шоқан ақсүйек төреден шыққан болса, Ыбырай Қостанай өңіріндегі белді Балқожа бидің 


58 
тәрбиесінен, ал Абай атақты Құнанбайдың өмір мектебінен шықты. Мұнда 
қонақжайлылықтың не қатысы бар дерсіз? Он тоғызыншы ғасыр – байлар мен ауқаттылардың 
заманы болды. Ауылға келген қонақ ас-суы бар үйге түсті. Ас-суы бар – әрине, ауқаттылардың 
үйі... Ол кездің түсінігі бойынша бала келген қонаққа қызмет көрсетіп, батасын алумен қатар 
қонақтармен бірге араласып, дастархан басындағы үрдістің бір «бөлшегіне» айналып отырды. 
Диалогтің бір «бөлшегі» болу баланың түрлі дағдыларының артуымен қатар танымының да 
қалыптасуына, артуына ықпал етті. «Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін» деген сөз 
осы тұста, осындай құндылықтарға сай қалыптасса керек. Себебі, қарны аш адам бірінші 
кезекте қарнын тойдыруды ойласа, түрлі ой-пікірлер мен көзқарастарды көріп-біліп өскен 
байдың баласы терең ойлайды, ірі сөйлейді, шығарған шешімі де кең болады деген ой болса 
керек. Жоғарыда айтылған үш тарихи тұлғамыздың дүниетанымының қалыптасуына үйлеріне 
келіп жатқан қонақтардың ықпалы, көзқарастары мен идеялары әсер еткендігі даусыз. Қазақ 
жеріне патша үкіметінің саясатына қауіп төндірген идеялар мен көзқарастарда болғандығы 
үшін 19 ғасырдың 30-жылдарынан бастап жер аударылғандар мен озық ойлы ағартушы-
ғалымдардың қазақ ауылдарында болуы Шоқан, Ыбырай, Абайлардың дүниетанымының 
қалыптасуы мен артуына ықпалы болды. Сол замандағы жер аударылған және озық ойлы 
зиялы қауым өкілдері ретінде шығыстанушы-профессор В. В Григорьев, Е.Михаэлис, 
А.Янушкевич, Ф.Достоевский және т.б. қазақ ауылдарында қонақ болуы да жаңа көзқарастар 
мен ой-пікірлердің пайда болуына үлес қосты. Сондықтан, бала үшін бедел, тұлға бола алатын 
азамат/азаматтар қонақ болып үйімізге келіп жатса «ес біліп етегін жия бастаған» 
балаларымызды да қонақтармен қатар дастарханға отырғызып әңгіме-сұхбаттың бір 
«бөлшегі» болуына назар салсақ. Бұл жағдай қонақтың да қонақтық мәдениетті сақтауына 
ықпал етер еді. Әрине, әлі оң-солын ажыратып үлгермеген кішкентай баланы қонақтармен 
бірге отырғызу қонаққа деген сыйламағандық, немқұрайлылық болып көрінуі де мүмкін 
(кішкентай бала ыдыс-аяқты құлатып алуы, ас-суды төгіп алуы, шашуы... мүмкін), оны да 
назарда ұстауымыз қажет деп ойлаймын. Егер келген қонақтарымызбен бала естуге тиісті емес 
немесе оның тәрбиесіне кері ықпалы болуы мүмкін әңгімелер, ойлар айтар болсақ баламызды 
неліктен жай ғана сол сәтте бұл жайында ескертіп «сыртқа шығып келуін», «ойнап келуін»... 
өтінбеске.
Өмірдегі күнделікті «күйбең тірлігімізді» жандандырып, кішігірім мерекеге айналдырып, 
белсенділігімізді арттыратын қонақжайлылық дәстүріміз – біздің құндылығымыздың бірі 
екендігі сөзсіз. Дәстүрлі таныммен өскен ортамызда қазақ десе қонақжайлылық
қонақжайлылық десе қазақ деп қабылдайтынымыз да рас. Қазіргі заманда адамзат алдындағы 
басты қатер – жойқын ядролық немесе химиялық қару емес, керісінше, адамдар, қоғамдар 
арасындағы жанды, тірі қарым-қатынастың аздығы. ЖаҺандану заманындағы ғаламтор мен 
әлеуметтік желілердің әсерінен жойылып бара жатқан адамдар арасындағы шынайы, жанды 
қарым-қатынасты қайта қалыптастырып, дамытуда «қонақ культін» тығырықтан шығатын бір 
мүмкіндік ретінде қабылдауға да болады. Сондықтан, қазақты қонақжайлылығынан «айыру» 
да мүмкін емес, дегенмен, «қонақ культін» бала тәрбиесінде қолдану мүмкіндіктері сіз бен 
біздің қолымыздағы үлкен құрал екенін ұмытпасақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет