76
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Д.Г. Орынбаева, Ж.С. Абитова
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған
қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, «Үздік педагог – 2019», PhD
Адамзат табиғатының терең қасиеттерінің бірі –
адамдардың өз дәрежесінде бағалануына деген құштарлық.
У.Джеймс
Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін
күш – білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Елбасы Н.Ә.
Назарбаев «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа жолдауында
білім саласына айрықша көңіл бөліп, елдің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың
қолында екенін назарда ұстауды ұсынды [1].
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі –
әлеуметтік, экономикалық өзгермелі
жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар, оны жүзеге асыруға,
жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын басты
талаптар –
шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.
Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу
қажеттілігі туындайды. «Бағалау жүйесі білім беру процесінің негізі болып алынатын
принциптерді іске асыра отырып, кері байланысты жүзеге асыратын және оқыту
проблемалары диагностикасының
негізгі құралы, тұтастай алғанда мектептің білім беру
кеңістігінің басты кіріктіруші факторы болуы тиіс» [2]. Осы қажеттілікті шешудің бірден-бір
жолы – оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау. «Критериалды бағалау
–
оқушылардың оқу-танымдық құзіреттілігінің қалыптасуына ықпал ететін, тиісті білім беру
мақсаты мен мазмұны, барлық процесске қатысушыларға алдын-ала белгілі,
ұжыммен
әзірленген, анық айқындалған криетрийлері бар, оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға
негізделген процесс» [3]. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу үдерісінің
өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен
кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының
қалай жұмыс істегені, қалай ойланғаны бағаланады. Ал оқушыны ойлантатын да,
шабыттандыратын да, бағалайтын да – мұғалім. А.Байтұрсынұлы: «Мектептің жаны – мұғалім.
Мұғалім қандай болса, мектебі де сондай болмақшы», – деп, мұғалімнің мойнына аса үлкен
жауапкершілік артады. Жақсы мұғалім –
кәсіби деңгейі жоғары, интелектуалдық,
шығармашылық әлеуеті мол тұлға. ХХІ ғасырдың оқушылары жаңаша білім беруді талап
ететіні белгілі. Қазақта «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» демей ме? Сондықтан да
баланың талабына сай білім беру бүгінгі таңдағы мұғалімнің негізгі міндеті. Ж.Аймауытов бір
сөзінде былай дейді: «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны
табатын өнер» [4]. Ағылшын ойшылы У.Уорд: «Жай
мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім
түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабаттандырады», – дейді. Демек, ХХІ
ғасыр ұстазының мойнына артылған міндет – шабыттандыру, баға үшін емес, даму үшін
оқитын, өз қателігін мойындап, жақсырақ болуға ұмтылатын шәкірт тәрбиелеу. Ал біз қызмет
ететін мектеп-интернатта қазақ тілі мен әдебиеті тереңдетіліп оқытылатын болғандықтан,
біздің мақсат –
өз тілінде еркін ойлап, еркін сөйлей алатын, сауатты ғана жазып қоймай,
бейнелі сөздер мен көркем оралымдарды ұтымды пайдалана білетін, ата-бабамыздан жеткен
асыл мұраны жатқа айта алатын шешен, ділмар,
дарынды оқушыны, жаңашыл тұлғаны
қалыптастыру. Осыған орай, біздің тәжірибеде сабақ барысында диалогтік әдіске көп көңіл
77
бөлінеді. Себебі қандай маман иесі болмасын дұрыс сөйлей білуі маңызды. Сонымен қатар,
сабақ барысында сөздің дұрыстығы, тілдің анықтығы, сөз тазалығы, қысқалығы, нұсқалығына
ерекше мән беріледі. Осы мақсатта қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектептер
үшін тиімді болатын криетриалды бағалаудың келесі түрлерін ұсынамыз:
•
өзін-өзі бағалау;
•
«сыншы дос» әдісі;
•
өзара бағалау;
•
«2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі;
•
3 минуттық эссе;
•
1 шумақ өлең;
•
«бағалап көр ділмарша» әдісі;
•
«жолдастық хат» әдісі;
•
«блоб ағашы» әдісі;
•
«инстаграм» әдісі.
Өзін-өзі бағалауды сабақтың соңында жүргізген тиімді. Сабақ басталған сәтте бүгінгі
жұмыс критерийлері деп, оқушылармен бірлесе отырып, бағалау критерийлерін жасап алған
дұрыс. Бұл оқушылар арасындағы сенімсіздікке, ренішке, түсінішпеушілікке жол бермейді.
Криетриалды бағалаудың басты ерекшеліктері:
•
Достарыңызбен бөлісу: