«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет79/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

мектеп информатикасы деп 
атайды. 
Кеңестік дәуір кезіндегі әдебиетке бұл термин алғаш рет 1979 жылы А.П. Ершовтың 
жетекшілігімен жарық көрген: «Мектеп информатикасы – тұжырымдамалары, жағдайы және 
болашағы» атты іргелі еңбегі арқылы енгізілді. Онда мектеп информатикасы мектептегі оқу 
процесінде ЭЕМ-ді қолдануды зерттейтін және бағдарламалық, техникалық, оқу-әдістемелік 
және ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ететін информатиканың бір тармағы ретінде 
анықталды. Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ 
құбылыс болып саналады. 
Сонымен қатар, ақпарат деп кей байланыс формаларының белгіленуі немесе материалдық 
әлемнің белгілі заңдылық класына бағынатын, және оның адам санасындағы бейнесі болатын 
обьектілердің, үрдістердің, құбылыстардың тәуелділіктерін айтамыз. 
Ақпарат мәліметтерге, тәуелділігіне, өздерімен жұмыс істеу әдістеріне байланысты белгілі 
бір қасиеттермен сипатталады. Солардың маңызды түрлері төменде көрсетілген: 
ақпарат қоршаған орта туралы өзі келгенге дейін болмаған жаңа мәлімдемелер береді; 
ақпарат тасымалдаушыда өзінің белгілер мен сигнал түрінде келетініне қарамастан ақпарат 
материалды емес; белгілер мен сигналдар тек оны танып қабылдай алатын алушы үшін ғана 
ақпарат жеткізеді; ақпарат физикалық тасымалдаушыдан ажырамайды, сонымен қоса белгілі 
бір тасымалдаушыға байланысты емес және белгілі бір тілге байланысты емес; 
ақпарат дискреттік – ол хабарлама түрінде берілетін нақты мәліметтерден тұрады; 
сонымен қатар, ақпарат үзіліссіз – ол жинақталып және біртіндеп дамиды. 
Ақпараттың сапасын көрсететін қасиеттер төмендегідей: 
репрезентативтілігі – таңдау дұрыстығы және берілетін құбылысқа ақпараттың бара-бар 
құрылуы осылай аталады; 
мазмұндылығы – хабарламадағы семантикалық ақпарат санының өңделетін ақпараттың 
көлемінің қатынасына тең болатын ақпараттың семантикалық көлемі; 
жеткіліктілігі – шешім қабылдау үшін хабарлаушы көрсеткіш жиынтығының құрамының 
тығыздығы; 
қол жеткізушілігі – ақпаратты көрсету формасының ыңғайлылығы
өзектілігі – ақпараттың сол сәтте қолданудағы құндылық деңгейі; 
құндылығы – нақты мәселелерді шешудегі маңыздылығы; 
түсініктілігі – қолданушының білім деңгейіне ақпараттың мазмұнының сәйкестігі; 
ықшамдылығы – хабарланатын мәлімдемелердің баяндаулығының сығылу деңгейі. 
«Технология» сөзі өнер, шеберлік, істей алу дегенді білдіретін гректің «techne» сөзінен 
шыққан, гректің «logos» сөзі – түсінік, оқу дегенді білдіреді. 
Технология – бұл ғылыми және инженерлік білімнің жиынтығы. Ол өнім немесе қызмет 
көрсетуді іске асыратын материалдық, техникалық, энергетикалық, өндірістің еңбек 
факторларының жиынтығы[4]. 
Ақпараттық технология – бұл ақпаратты сақтаумен, өңдеумен айналысатын адамдардың 
еңбегін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін үйрететін, өзара байланысқан ғылыми, технологиялық, 
инженерлік дисциплиналар кешені. 
Жалпы, кез келген ақпараттық технологиялар қажет ақпаратты талап етілген сапа мен 
белгіленген тасымалдаушымен жеткізуге бағытталған болып табылады. 


128 
Ақпараттық технологиялар негізгі үш компоненттен тұрады: 
техникалық құралдар кешені – есептеуші, телекммуникациялы және техникалық ұйым-
дастыру; программалық құралдар жүйесі – жалпы(жүйелік) және функционалды (қолданбалы) 
программалық жабдықтама; ұйымдастырушылық – әдістемелік қамтамасыз ету жүйесі. 
Жүйе бір мақсатқа жетуге бағытталған бүтін, өзара байланысқан элементтер жиынтығы. 
Қоғамның дамуының қазіргі деңгейі жалпы ақпараттанумен сипатталады, яғни барлық ғылым 
мен техника салаларына компьютеризация мен ақпараттық технологиялардың енуімен 
сипатталады. Осыған байланысты негізгі мағынасы болып, күнделікті қызметте ақпаратты 
өңдейтін құралдар мен әдістердің қолдануы болады. Жаңа ақпараттық технологияның әсер 
етуімен өндірісте және басқару процестерінде үлкен өзгерістер болып отырады. World Wide 
Web – 
әлемдік компьютерлік торап құрамында алуан түрлі ақпарраттары бар миллиондаған 
сайттардан тұрады. Адамдар Internet технологияларын қолдану арқылы сол ақпараттарға қол 
жеткізеді.WWW кеңістігінде пайдалану үшін арнайы программалар – Web техноглогиялары 
қолданады. Web браузердегі бүкіл ақпарат WWW негізгі байт элементтері болып табылатын 
Web 
парақтар түрінде беріледі[8]. 
Web-
парақтар мультимедия технологиясын қолдағандықтан, өзіне түрлі ақпараттарды 
біріктіре алады: текст, графика, дыбыс, анимация, видео. Web-парақтардың қаншалықты 
сапалы және әдемі жасалуы көп жағдайда торапқа байланысты[13]. 
Қолданушылар тартымды және графикамен , анимациямен шегімен безендірілген
сонымен қоса, дұрыс, жылдам жүктелетін Web-парақтарды қарайды. 
WWW 
технологияларының кең мүмкіндіктері WWW серверінің өсу нәтижесіне және 
Internet 
желісінің өсуінің салдарынан пайда болады.WWW сервер- бар ақпараттарды 
сақтайтын,қолданушыларға гипермәтіндік құжаттарға қол жеткізетін, глобальді немесе ішкі 
корпоративті торап. Қолданушы WWW серверімен қарым-қатынас жасау үшін арнайы 
программалық жабдықтама – браузер (англ. browser) яғни көру программасы деп атайтын 
жабдықтама қолданылады. 
WWW-
серверінің жұмыс жасау схемасы келесідей: 
Торапты қолданушы браузер деп аталатын программалық жабдықтама пакетін 
жібереді.Оның құрамына келесі функциялар кіреді: 
Сервермен байланыс орнатады 
қажет құжатты алады; 
алынған құжатты көрсетеді; 
қолданушы әрекеттеріне жауап қату, жаңа құжаттарға қол жеткізу. 
Қолданушының әсер етуімен немесе браузерді жібергеннен кейін, WWW- cерверімен 
байланыс орнатады және оған берілген құжатты алу үшін сұраныс жібереді. 
WWW-
сервер сұраған құжатты іздейді және браузерге нәтижені қайтарады. 
Браузер құжатты алып, қолданушыға көрсетеді және оның қозғалысын күтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет