Білім берудегі психология – ғылыми білімнің пәнаралық саласы. Білім беру психологиясының жалпы-ғылыми сипаттамасы


Дәріс 4 Тұлғаның психикалық дамуының жас периодизациясы



бет5/17
Дата19.03.2024
өлшемі74.46 Kb.
#496106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
ББП- қысқаша дәрістер тезисі

Дәріс 4 Тұлғаның психикалық дамуының жас периодизациясы.

  1. Психикалық дамудың механизмдері.

  2. Бағыттар, кезеңдер және теориялар.

  3. Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері.

Тұлғаның психикалық дамуының жас периодизациясы - бұл адамның жас ерекшеліктеріне және даму міндеттеріне сәйкес оның өмір бойы қалай өзгеретінін түсінуге мүмкіндік беретін тұжырымдама. Бұл тақырып психология және басқа да гуманитарлық ғылымдар үшін үлкен маңызға ие. Бұл дәріс барысында жас кезеңділігінің негізгі кезеңдерін және олардың жеке тұлғаның психикалық дамуына әсерін қарастырамыз.


Жас ерекшелік психолоиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның пәні- оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық және даму психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі- бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі; олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясың зерттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады.
Психикалық дамудың механизмдері
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С.Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.
Адамның өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты, психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес
жас кезеңдерін былай топтастыруға болады:

  • Нәрестелік кезең (0-1 жас)

  • Ерте балалық шақ (1-3 жас)

  • Мектепке дейінгі жас (3-5 жас)

  • Кіші мектеп жасы (6-12 жас)

  • Жасөспірімдік шақ (13-19 жас)

  • Жастық және ерте есею (20-40 жас)

  • Кемелдік кезең (40-65 жас)

  • Қарттық кезең (60-70 жас)

  • Кәрілік кезең (70тен жоғары)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет