Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


«Дүниетану» оқу пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері



бет5/8
Дата02.01.2022
өлшемі104.65 Kb.
#453977
1   2   3   4   5   6   7   8
Дүниетану

«Дүниетану» оқу пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері


19. «Дүниетану» пәні негізгі және жоғарғы мектепте қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндерінің кіріктірілген пропедевтикалық курсы ретінде әзірленді.

20. «Дүниетану» – адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән. Оқу пәнінің нысандары – адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта.

21. «Дүниетану» пәні:

1) оқушыларда тұлғалық, қоғамдық және ұлттық сананы, патриотизм мен адамгершілікті қалыптастырады;

2) қоршаған орта туралы ғылыми негіздерді қалыптастырады, тарихи және географиялық тұрғыдан ойлауын дамытуға ықпал етеді;

3) Қазақстанның және бүкіл әлемнің тарихи және қазіргі оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;

4) өткен және қазіргі оқиғалардың тигізетін әсері туралы түсінігін тереңдетеді;

5) өз халқының және өзге халықтардың мәдениетін, дәстүрін сыйлай білу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеу сезімін қалыптастырады;

6) азаматтық құқықтар мен міндеттерді түсінуіне жағдай жасайды;

7) әлеуметтік ортада қоғамдық мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін сақтай білу маңыздылығын қамтамасыз етеді.



22. «Дүниетану» пәнінің мақсаты:

ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара келісілуі туралы білім жүйесін қалыптастыру.



23. Пәннің міндеттері:

1) оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;

2) оқушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру;

3) оқушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;

4) оқушылардың танымдық әрекетін дамытуды қамтамасыз ету;

5) оқушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне дағдыландыру;

6) пәнді оқыту арқылы оқушыларда өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастар қалыптастыру.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет