Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


«Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелері



бет2/8
Дата02.01.2022
өлшемі104.65 Kb.
#453977
1   2   3   4   5   6   7   8
Дүниетану

«Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелері.

Бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы:

  1. Күн жүйесінің ғаламшарларын және олардың ерекшеліктерін; Жер мен оның табиғаты туралы, Ғалам туралы негізгі жаратылыстану түсініктерін; ғылыми таным әдістерін: бақылау, эксперимент, тәжірибе; зерттеуді жоспарлау мен жүргізу барысындағы қауіпсіздік техникасы негіздерін; апатты табиғи құбылыстар кезінде әрекет жасау қағидаларын; адамның, өсімдіктердің, жануарлар мен саңырауқұлақтардың өмірлік циклдерін; адамның, өсімдіктердің, жануарлар мен саңырауқұлақтардың негізгі органдарының құрылымы мен орналасу ерекшеліктерін және олардың функцияларын; өсімдіктердің, жануарлар мен саңырауқұлақтардың жіктелуін; фотосинтез процесінің негіздерін; жарықтың кейбір қасиеттерін; кейбір физикалық күштерді және олардың пайда болу себептерін; қуаттың кейбір түрлерін; Жер бетінде кеңінен таралған заттектердің құрамы мен қасиеттерін; түрлі денелердің қасиеттерін және олар қолданатын кейбір салаларды; пайдалы қазбалардың негізгі түрлерін және олардың маңызын, Қазақстан Республикасындағы пайдалы қазбалардың негізгі кеніштерін біледі;

  2. қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың және Жердегі биоалуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын; жеке бас гигиенасын сақтаудың қажеттілігін; ағзаның қорғану функцияларын; табиғат компоненттерінің тірі ағзалар үшін маңызын; қоршаған ортаға енудің құралы ретіндегі ағзалар ерекшеліктерін; омыртқалы және омыртқасыз жанжануарлардың қарапайым айырмашылықтарын; табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың қажеттілігін түсінеді;

  3. табиғи объектілерді, процестер мен құбылыстарды зерделеу үшін кейбір зерттеу әдістерін; табиғи объектілерді, құбылыстар мен процестерді өлшеудің стандартты және стандартты емес бірліктерін; табиғи объектілерді, процестер мен құбылыстарды өлшеудің қарапайым құралдарын; жүргізген зерттеулерді түсіндіруге қажет тиісті ғылыми терминологияны; өзі тұрып жатқан жердегі өсімдіктер мен жан-жануарларды жіктеу үшін олардың қарапайым белгілері туралы білімді қолданады;

  4. табиғат компоненттері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; материалдарды қолдану мүмкіндіктерін айқындау үшін олардың қасиеттерін; белгілі бір аумақтың жануарлар мен өсімдіктер әлемін; алуан түрлі өмір сүру орталарының ұқсастығы мен айырмашылығын; өз зерттеулеріндегі және түрлі дереккөздерден алынған материалдарды талдайды;

  5. тірі және өлі табиғаттың объектілері мен құбылыстарына зерттеу жүргізуді жоспарлау және өткізу үшін алынған білімі мен дағдыларын; сурет, сызба, графиктер, диаграммалар, кестелер түріндегі ақпараттық материалдарды; қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты идеяларды; микро- және макроәлемнің объектілері, құбылыстары мен процестерінің имитациялық және географиялық үлгілерін жинақтайды;

  6. табиғи объектілердің, құбылыстар мен процестердің даму факторлары мен жағдайын; адамның әрекеті мен қоршаған ортаның жағдайына ғылымитехникалық прогрестің салдары; ғылыми-техникалық прогрестің адамның тіршілік әрекетіне әсері; жасалған болжамға өз зерттеулерінен алынған нәтижелердің сәйкестігін бағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет