«білім жолы нұрлы жол» Республикалық журнал редакциясы Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата01.07.2023
өлшемі1.01 Mb.
#475489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
pedagog psiholog

Бұл әдістемелік көмекші құралда:

Мектепке дейінгі ұйымның педагог-психологтары мен жас 
мамандардың жұмысын жүйелі ұйымдастыруға арналған жылдық,
апталық жұмыс жоспарлары мен балалардың жас ерекшеліктеріне 
сай жобалық бағдарлама

Балалардың мектепке дайындығымен танымдық қабілеттерін 
жан-жақты зерттеп дамытуға арналған ойын жаттығулар, тренингтер.

Ата-аналарды қажетті педагогикалық психологиялық біліммен 
жетілдіруге қолданылатын кеңестермен ата-аналар жиналысының 
үлгісі ұсынылып отыр.
Автор: 
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы 
«Рауан» бөбекжай- балабақшасы 
Педагог- психолог
Атчыбаева Оразгул Жолдасбаевна
3


 - - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -
Педагог-психологтың негізгі жұмыс бағыттары:
1. Психологиялық бейімделу
Мақсаты: Тұлғаны жаңа ортаға бейімделуіне көмектесу, балабақшаға алғаш келген 
кезде балабақшаға үйренуі, күн тәртібіне бейімделуі, сонымен қатар ата-анасына да 
балабақша өмірін таныстыра отырып, психологиялық көмек көрсету. 
2. Психологиялық диагностикалық жұмыстар
Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, тұлғааралық өзара әрекет 
ерекшеліктерін зерттеу. Әрбір балаға психологиялық-педагогикалық диагноз жасау.
Әр баланы психологиялық зерттеу:
-
Балабақшаға алғаш келген кезеңі
-
Жастан жасқа өту кезеңі
-
Тұлғалық даму кезеңі
-
Баланы мектепке даярлау кезеңі болып табылады.
Танымдық үрдістерді анықтау:
-
Ойлау
-
Қиялдау
-
Есте сақтау
-
Қабылдау
-
Зейін
Осы үрдістерге баланың өзін-өзі бағалауы, ортамен қарым-қатынасы кіреді.
3. Психологиялық түзету дамыту жұмыстары
Мақсаты: Тұлғаның психологиялық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды 
болдырмау, жалпы, оқу дағдысы мен біліктілікті дамыту. Әрбір зерттелушінің зертелген 
жұмыс қорытындысына орай жүргізіледі. Әр баланың қажеттілігіне ұйымдастырылған 
оқу іс-әркеттеріне қарай тақырыбы таңдалады. 
-
Тұйық балалар
-
Қозғыштығы басым балалар
-
Агрессивті балалар
-
Мазасыз балалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет