АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР
Сөз моншақтар
Мақсаты: көріп есте сақтауын дамыту.
Жүргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында қандай әріп есітілетінін
сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке
тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде
сақтап, көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды
жүргізеді.
"Мен қапқа салдым" ойыны
Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту.
Нұсқау: Жүргізуші ойынды бастап "мен қапқа салдым" дейді. Келесі ойыншы оны
қайталап, тағы бір жемістің түрін қосады. "Мен қапқа банан мен алма салдым." Келесі
ойыншылар осы айтылғандарды қайталап, әрқайсысы жемістің түрін қосып отырады.
Ойын осылай жалғаса береді. Бұл ойында кімнің жеңгені немесе кімнің жеңілгені
маңызды емес, ең бастысы бала бұл ойында есте сақтау қабілетін еркін дамытса болғаны.
ҚОСЫМША ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРДЫҢ ҮЛГІСІ
(психологиялық бейімделу)
№ Жұмыс бағыты
Жұмыс
түрлері
Зерттелуші нысана
Өткізілу мерзімі
1
Балабақшаға жаңадан
келген тәрбиеленушіге
бейімделу парағын
толтыру
Сауалнама
Тәрбиеленушілер
Жыл бойы
2
Балабақшаға бейімделуін
зерттеу
Тәрбиеленушілер
Жыл бойы
3
Тәрбиеленушінің
тәртібіне сәйкес
бақылауға алу
Қажетіне қарай
4
Ата-аналарға сауалнама
жүргізу(балабақшаға
баласының бейімделуі
туралы)
Сауалнама
Ата-ана
Жыл бойы
5
Жас ерекшеліктеріне
байланысты ата-аналар
жиналысына баяндама
дайындау
Баяндама
Ата-ана
Жыл бойы
8
- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -
Достарыңызбен бөлісу: |