«білім жолы нұрлы жол» Республикалық журнал редакциясы Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата01.07.2023
өлшемі1.01 Mb.
#475489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
pedagog psiholog

4. Психологиялық ағарту жұмыстары
Мақсаты: Тұлғаның психологиялық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге 
ескерту жасау. Бұл балалармен, ата-аналармен, педагогтармен және ұжымның барлық 
мүшесімен алдын ала жүргізілетін жұмыс түрі. Мұнда жүргізілетін жұмыс нәтижесіне 
байланысты кеңестер мен ұсыныстар беріледі.
5. Психологиялық кеңес.
Мақсаты: Педагогикалық үрдіске қатысушыларға мәселелерді шешуге көмектесу. Бұл 
жұмыс түрлері:

Ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты мазалап жүрген сұрақтарына байланысты.

Ұжымда жағымды қарым-қатынас орнату үшін

Педагогтардың бір-бірімен өзара қалыпты қарым-қатынас орнатуы (сауалнама, 
тренингтер)

МДҰ-ның жылдық жұмыс жоспарын құруда әкімшілікпен бірлесе отырып, баланың 
жас ерекшелігін топтастыруда педагогикалық-психологиялық кеңестер беру жатады.

Педагог-психологтың жұмысына көмекші құрал ретінде әрбір баланың жас 
ерекшеліктеріне сай жобалық бағдарлама ұсынып отырмын.
Бұл бағдарламада әрбір мектепке дейінгі баланың психологиялық даму үрдісіне сай 
ойындар мен тапсырмалар берілген, 
4


 - - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -
Бағдарламаның мақсаты:
Баланың табиғи психологиялық дамуына жағдай туғызу.
Міндеті:
1. Танымдық қабілеті мен психологиялық үрдісін дамыту-қабылдау, есте сақтау, ойлау, 
қиял
2. Танымдық ортасын дамыту – ойша қабылдауын дамыту, елестету қабілетіғ бейнелык 
қабылдауы, сөздік-логикалық, шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлауы
3.Эмоциялық ортасын дамыту. Адами эмоциялық әлемге кіріспе
4. Қарым-қатынасын дамыту. Жағымды қарым-қатынас орнату үрдісін қадағалау
5. Тұлғалық даму бағыты өзін-өзі жағымды бағалауғ өз-өзіне сенімділігін арттыру
6. Ерік бағытының дамуы-психологиялық үрдісі өзін-өзі ұстауы, мектепке жақсы 
оқуына ықпал жасау. Оқуға деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет