- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -
- Қолды құмға жасыру.
- Құмды себелеп құю.
Балалар, енді кілемге жайғасып отырайық, ертегі тыңдайық «Ғажайып көбелектің түсі»
ертегіні айтады, Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүреді.
Күндіз олар ұйықтап жатады, ал түн болғанда оянып, жан - жаққа ұшады.
Әр көбелек өз
адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып.
Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып тұрады. Көбелек қанатымен қағып қалса,
сол адамға жақсы түс кіреді, ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер кіреді.
Өз түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сіздер қандай түстер көресіңдер? Қорқынышты
түстер көресіңдер ме?
Психолог: Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды
жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді жыртады.
Психолог: Міне, біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз. Балалар біз мына
көбелектерге қандай түс көргілерің келеді? Соның суретін салып бояйық.
Балалар сурет
салады.
Достарыңызбен бөлісу: