- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ
ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГТЕР
Мен өмірді сүйемін» тренингі
Мақсаты: Тренинг қатысушыларына “Өмірді сүю” және оның мәні туралы түсінік беру.
“Мен өмірді сүйемін” сенімін орнату. Адамның өмірі өз қолында екенін түсіндіріп, өмірді
сүюге дағдыландыру.
Тренинг барысы:
1. Тренингке қатысушылармен сәлемдесу.
2. «Мен өмірді сүйемін» танысу жаттығуын орындау. Шаттық шеңберін
құра отырып,
әрбір қатысушы «Мен өмірді сүйемін» деп өзінің аты - жөнін мен мектебін кезектесіп
айтып шығады.
3. Сергіту сәтін орындау. Бейнетаспа арқылы педагогтарды көңілді әуенге билету.
4. Тренинг қатысушыларына өмірі жайлы қысқаша баяндап беру.
"Қауымдастық" ойыны.
Тренингке қатысушы педагогтармен шаттық шеңберін құру. Оң қолдың алақанын
жұмып, бас
бармағын шығарып төмен қаратып, келесі мұғалімнің жазылған сол
алақанына қою керек. Ал сол қолдың алақаның келесі мұғалімнің жұмылған алақанының
бас бармағының астына қою керек. «1, 2, 3» рет санап, 3 деп айтқанда
сол алақанды
жұмып қалу керек. Осылай екі рет, екі қолды кезек ауыстыруға байланысты орындалады.
Содан кейін барлық мұғалім оң қолдарын қойып,
одан кейін сол қолдарын қойып,
барлығы бірге жүргізуші тілегін айта отыра аспанға қолдарын көтереді.
Достарыңызбен бөлісу: