- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -
ҚОРЫТЫНДЫ
Педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі
көңіл бөліп, баланың жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал жасау
арқылы өз нәтижесін береді.Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың,
іс-әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды талап
ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді.
Ойында,
сурет салуда, құрастыруда, жапсыруда, оқу
және еңбек тапсырмаларын
орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қана қоймайды, жаңа
нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Мектеп жасына дейінгі балалар
өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер жасауға кіріседі,
құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып, қорытындылар жасайды.
Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында кейбір механикалық физикалық және басқа
байланыстар мен қатынастарды түсінуді, осы байланыстар мен қатынастар туралы білімді
жаңа жағдайларда қолдана білуді талап етеді. Осы жастағы балалардың жылдың соңына
дейін абстрактылы логикалық ойлауы жақсы дами түседі.
Осындай әр түрлі психологиялық ойын тапсырмалар мен танымдық жаттығулар беріле
отырып диагностика жасалады.
Балалардың есте сақтауы, ойлауы, зейіні, сөйлеуін
бақылау негізінде қорытынды диаграмма құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: