- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -
Бақылау зерттеу нәтижесі
Танымдық қабілеттері
Бастапқы кезең
(қыркүйек-қазан)
Орта кезең (қаңтар-ақпан)
Сөйлеу
Түйсік (сенсорлық әрекет)
Зейін
Ойлау
Есте сақтау
Қабылдау
Жаңғырту
СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
«Фотоаппарат»
Қысқа мерзімдік кӛру арқылы есте сақтауды дамыту Алдымен балаға ӛзін фотоаппарат
ретінде сезінуін ескерту, содан соң балаға үстел үстіндегі заттарды есте сақтап қалуын
ескертеді. Бір-екі минуттан кейін баланың кӛзін жұмып, ойында қалған заттарды айтқызу.
(топпен)
«Барлаушы»
Ӛзгерісті тез аңғаруға үйрету Ойыншылардың ішінен бір барлаушы шығады.
Жүргізуші «Қозғалмаңдар» деген бұйрық берген кезде барлаушыдан басқа ойыншылар әр
түрлі қалыпқа еніп тұрып қалады. Ал барлаушы болса, осы тұрған қалыптарын, реттерін
мұқият есіне сақтап қалуы керек. Ойыншылар да ӛздерінің тұрған қалыптьарын естеріне
сақтаулары керек. Сосын барлаушыны бӛлмеден шығарып жібереді де, оқушылар
киімдерін, орындарын, қалыптарын т.б. ауыстырады. Қайтып келген барлаушы сол
ӛзгерістерді табуы керек. (топпен)
«Мен күлгенді ұнатамын»
Психолог балаларға:тұңжыраған жәнекөңілсіз,жабырқаған және ойланған көңілді және
күлкілі;қайрымды
және қуанышты,т.б.кейіпке еніп,бір бірімен рольге кіріп,адамдардың
бейнесін келтіруге ұсынады.балалар айнаға қарап, әдемі ақкөңіл кейіпте
күлімдейді.педагог осы «Мен күлгенді ұнатамын » жаттығуын күніне
бірнеші рет
қайталап көңіл күйді күлкімен көтеруге бола- тынын түсіндіреді. «Күлкі-көңіл күйдің
сиқырлы кілті.Адам күлгенде өз көңіл күйін,өз денсаулығын жақсартады және
айналасындағы адамдардың көңіл күйімен денсаулығына жақсы әсер береді.»
«Табиғат аясында саяхатат» атты сергіту сәті
«Біз казір нұрын төққен,кең
даланың ұзын,соқпақ жолымен жүріп,саяхатымызды
бастаймыз»(Балалар аяқтарымен тарсылдатады)
Алдымызда көк майсалы шалғын,аяғымыздың астында жұмсақ шөптер. (Аяқтарымен
көк шөптің үстінде сырғанағандай сыңай танытады. • Міне мен өзен жағалауына да келіп
жеттік,аяғымыздың астында құм сусылдап жатыр,(Алақандарын бір-біріне ысқылайды). •
Мына ағаш көпір арқылы өзеннен өтеміз.(Тізелерін жоғары көтеріп,тізеле-рінің артынан
шапалақтайды). • Өзеннің арғы беті батпақтау екен,бір төмпешіктен екіншісіне секіріп
өтейік.(Екі аяғымен секіреді). • Айналамызда қалың тал өсіп тұр,оның ұзын,майысқан
13
- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -
бұтақтарын жел тербейді. (Қолдарын жоғары көтеріп ,ары бері қозғайды) • Алдымызда
үлкен жыра бар,аттап өтейік.(Үлкене адым жасап секреді) •
Оң жағымызбен сол
жағымызда алқызыл түске еніп,албырап пісіп,жидектер өсіп тұр,сыйға тарту үшін теріп
алайық.(Оңға, солға еңкейіп,отырып тұрады) • Мына алдымыздағы қалың өскен
шалғыннан өтіп көрейік.(Тізелерін жоғары көтеріп жүріп өтеді). Міне көздеген жерімізге
де келіп жеттік!
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР
«Суреттерді аяқтайық» жаттығуы
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс
істей білуін дамыту.
Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп
дайындалады. Балалардың көздері шарфпен байланады да, олар кезек - кезекпен шығып,
бірі денесін, бірі басын, бірі аяғын салады, осылайша жалғаса береді.
«Түрлі – түсті доптар» жаттығуы
Мақсаты: Балалардың есту арқылы есте сақтауын дамыту.
Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп,
қызыл доп пен жасыл доптың
ортасына үлкен көк доп сал, ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал.
«Менің көңіл - күйім» жаттығуы
Мақсаты: Көңіл - күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге
тәрбиелеу.
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл - күйлеріңді суреттеп салыңдар.
«Мен басқаның көзімен»
Ортаға бір баладан кезекпен шығып, қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой - пікірде
екенін айтады. Бала өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды.
«Атомдар мен молекулалар»
Әр қатысушы - жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі,
бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула
құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына
кірмей қалғандар ойыннан шығады.
Достарыңызбен бөлісу: