«білім жолы нұрлы жол» Республикалық журнал редакциясы Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың



Pdf көрінісі
бет9/18
Дата01.07.2023
өлшемі1.01 Mb.
#475489
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
pedagog psiholog

Афирмациялар
« Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді»,« Мен жетістіктің адамымын»,
« Менің жағдайым күннен – күнге жақсаруда»
«Таңғажайып дорба» ойыны
Дорбада бірнеше жеміс, көкөніс бөліктері бар. Бала көзі жабылып, дорбадағы заттың 
дәмін татып, оның қай жеміс екенін, дәмі, исі, формасы, түсі жайында ажырата 
баяндайды.
Мен қандай адаммын?
Әр қатысушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтады. Сол бойынша 
қорытынды жүргізіледі.
14


 - - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -
Менің қиыншылықтарым
Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп, ортаға салады, 
өзгелермен ой бөліседі.
Есте қалған қызықты оқиға 
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір - біріне кезектесіп 
беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Ұқсастық шегі
Қатысушылар жұптасып отырады. Жұбыңа қарап, ұқсастықты тауып жазады. 
Ұқсастығын оқып, ой бөліседі 
Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір - бірінің көздеріне қарап отырады. 
«Мен саған сенемін...» өйткені сен жақсы адамсың.
«Сиқырлы сөздер» ойыны
Психолог кез - келген өтінішті айтады, ал бала оны әдепті түрде айтуы керек. 
Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші» 
Ізеттілік туралы ертегі тыңдау
«Ең жақсы» ойыны
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа мынадай нұсқау беріледі. Берілген 
мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет. Ең ақшалы, ең жасыл, ең тәтті, ең 
күлкілі, ең ұсқынсыз, ең қарым - қатынасы күшті, ең жауапты, ең салмақты
«Жағдайлы волейбол» ойыны
Психолог әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады, сол арада дұрыс 
жауапқа бала допты қағып алады, бұрыс жауапқа қағып алмайды
«Кездесу» ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама – қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір - 
біріне қарап, баланың қасиетін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет