«Төртіншісі артық» әдістемесі.
Мақсаты: логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру.
Психолог тақтаға суреттер іледі.Қай сурет артық екенін балалар табулары
қажет.Мысалы: үш ыдыстың суреті ,бір мысықтың суреті ілінеді.
ҚАБЫЛДАУДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН
ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР
«Жемістер мен көкөністер»
Мақсаты: Жемістер мен көкөністер түсінік беру. Оларды ажырата білуге үйрету,
қабылдау дүниетанымын дамыту.
Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік
әңгімелер жүргізу.
Сиқырлы саусақтар
Мақсаты: қабылдаудың тұтастығын дамыту.
1. Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру).
2. Өзіңді көрсету (бір саусақпен).
3. Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру).
4. Қорқыту (сұқ саусақпен).
5. Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру).
ҚИЯЛДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР
Ине мен жіп
Мақсаты: қиялды және шығармашылық қабілетін дамыту.
Жүргізуші: Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз
алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан
шығады.
«Ойыншықты сипатта»
Мақсаты: шығармашылық қиялды дамыту.
Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуды ұсынады.(1 минут)
Мысалы: қуыршақ, қоян, түлкі, түйе т. б. Алынатын ойыншықтар түрлі – түсті және
бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты
көргенде түр – түсі, пішіні, көлемі, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап әңгімелеп
беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай
жалғастырады.
7
- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -
ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА
Достарыңызбен бөлісу: |