Білім сапасының салыстырмалы мониторингісі Қауіпсіздік ережесі


Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қорғаңыздар!



бет3/4
Дата21.04.2023
өлшемі460.56 Kb.
#472509
1   2   3   4
ата-аналар жиналысы ІІІ тоқсан

Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қорғаңыздар! 
Сіздің балаңыздың үйде және көшедегі қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар. Күн сайын балаңызға қайталап айтып отырыңыз: - Өз үйінен, ауласына алыстап кетпесін. 
- Көшедегі бейтаныс адамдардың қолынан ештеңе алмасын, сөйлеспесін
- Сыныппен серуенге немесе интернатта дүкенге шыққанда және үйірмелер мен қосымша сабақтарға барған уақытта уақытыл барып-келсін, қасындағы достарынан бөлектеу кетіп қалмасын, бірін-бірі тастамасын. 
- Танымайтын адамдарға есік ашпасын. 
- Таныс емес номерлерден келген қоңырауларға жауап бермесін және кері қоңырау шалмасын!
Электронды темекінің зияны
Электронды темекі-ішінде сұйықтығы, арнайы ауыстыратын картриджі бар, өкпеге тыныс алу жолдары арқылы никотин жеткізетін темекінің жаңа түрі. 
Жастар арасында кеңінен таралып, қазіргі таңның өзекті мәселелерінің біріне айналған бұл өнімнің қаншалықты зиян екені көпшілікке мәлім болса да, оны қолдануларын әлі де тоқтата қоймады. Қоғам жастары есеюдің көрінісі десе, енді бірі бүгінгі таңның сәні ретінде күнделікті өмірде кеңінен пайдалануда. Ғалымдардың пайымдауынша, электронды темекі кәдімгі темекіге қарағанда зияндылығы тұрғысынан аздау. Бұл әсер көміртегі тотығы токсиндерінің, шайырдың және басқа да қосымша қоспалардың болмауына байланысты. Сонымен қатар, кәдімгі темекі түтіні мен электронды темекі түтінін салыстырар болсақ, оның айналадағы жұтушыларына да салыстырмалы түрде азырақ зияндық етеді екен. Десе де,электронды темекі құрамында 30-дан астам улы заттар бар. Олар: никотин, көмір қышқыл газы, көміртек тотығы, көгеретін қышқыл, аммиак, шайырлы заттар, органикалық қышқылдар және т.б. Негізгі міндетті компоненттері-глицерин және полипропилен химиялық қоспасы.
Электронды темекі денсаулыққа зиян, қауіпі зор бәлекет. Бұл жайында нақты дәлелдер келтірер болсақ, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, темекі шегу салдарынан әлемде 8 млн адам қаза табады, соның ішінде 7 млн-ы темекі шегетін немесе бұрын тастап кеткендер. Ал темекі түтініне булыққандар саны-1,2 млн. Лондондағы шылымның денсаулыққа әсерін зерттейтін орталықтың маманы Амонда Сэрфордтың айтуынша, электронды темекі құрамында никотин бар. Ал никотин адамды шылымға үйір қылады. Шылым түтінің өкпеге тартқанда денсаулық одан көбірек зиян шегеді. Электронды темекі адам өкпесін ірітіп жібереді. Бұған дәлел ретінде, Қырым федералды университетінің ғалымдары электронды темекіден немесе вейптардан шығатын бу өкпе тінін бұзатынын айтады. Тіпті никотин қосылмаған құрылғының өзі де адам ағзасына аса зиян. Егеуқұйрыққа жүргізілген эксперимент нәтижесінде сұйықтығы құйылған жануардың өкпесі 40 күннен кейін іри бастаған.
Бірінші байлық-денсаулық демекші,оны сау кезінде бағалайық. Он екі мүшеміз аман-есен, күш-қайратымыз, ерік жігеріміз тасып тұрған шақта оны мағыналы істерге жұмсайық. Электронды темекі, вейптар-өзіңізді алдау. Табак өндірушілердің жарнамасына еліктемей, өзіңіздің, келешек ұрпағыңыздың саулығын ойлаңыз. Денсаулық — тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың ұлы игілігі. Осыны ескере отырып, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылайық! Зиянды әдеттерден барынша аулақ болып, қоғамда ұлттық тәрбиемізді нығайтып, жандандырайық!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет