Білімім: Жоғары Оқу орны: Біліктілігі: 1 санат Жалпы өтілі: 30 жыл



бет3/5
Дата28.09.2023
өлшемі6.49 Mb.
#478935
1   2   3   4   5
Разработка по физкултуре Бестас ойынын денетәрбиесі сабағында қолдану

ЖинауҚақпақыл тасты лақтыра отырып, қалған төрт тасты бір-бірлеп екінші қолдың үстіне жинайды.Тастар жиналғаннан соң барлығын жоғары лақтырып алақанға ұстайды. Ұсталған тастарға ұпай беріледі. 
  • Төрт бұрыш. Жерге шашылған тастарды саусақпен төрт бұрыш жасап жинақтап, содан соң қақпақыл тасты биіктете лақтырып, тастардың төртеуін де жинап алу керек.Төрт бұрыш жасаған әр тастың аралығы 5 см. кем болмауы қажет. 
    • Үндемес. Бестас ойының бұл түрінің шарты бойынша қақпақыл тасты қағып алғанда, ол алақандағы басқа тасқа соғылмауы керек. «Үндеместі» ойнаған кезде ойыншының өзі де үндемей отыруы керек. Ал басқа ойыншылар үндеместі ойнап отырған ойыншыны күлдіруге, сөйлетуге тырысады. Ойыншы күліп немесе сөйлеп қойса, онда ойын тоқтатылып, кезек басқа ойыншыға өтеді.
    • Сарт-сұрт. Ойынның бұл түрінде әрбір тас бір-бірлеп қағып алынады. Бірақ қақпақыл тас пен жерден алынған тастың бір-біріне соғылғаны құлаққа естілуі қажет.  
    • Қаршу. Ойыншы бес тасты жерге иіріп тастап, қақпақыл тасын қолына алады да, оны әрбір жоғары лақтырған сайын жерден бір тас алып, қақпақыл тасты қаршып қағып алып отырады.
    • Нәби. Ойынның бұл түрінде сол қолдың бас бармағымен сұқ саусағын жерге тірей қақпа жасап ұстайды. Содан соң оң қолмен сол қолдың сыртынан бес тасты алдыға қарай иіріп тастап, қақпақыл тасты таңдап алады. Ойынға қатысып отырған басқа ойыншы жердегі төрт тастың бірін нәби (ата) деп белгілейді. Ойыншы белгіленген «нәби» тасты басқа тастардың бәрін қақпадан өткізіп болғаннан соң ғана қақпадан өткізеді. Ойынның шарты бойынша басқа тастарды «нәби» тасқа тигізіп алмай өткізу шарт. 
    • Балта шабу. Қолдың қырымен бөліп орындау. Жерге қырымен қойылған алақанды әр тасты өткізу кезінде жылдам көтеріп отыру қажет. Тас қолға тіреліп қалса ойын тоқтатылады. Өткізілген тастардың барлығын қайта бірге жинап алады.
    • Тоқылдақ. Тастарды жерге ұрып орындау. Жерге шашылған тастарды ойыншы екі-екіден бөліп алып жоғары лақтырылған тасты ұстағанша жерге ұрып үлгеруі қажет.


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет