Білімім: Жоғары Оқу орны: Біліктілігі: 1 санат Жалпы өтілі: 30 жыл


Тарақтау.Тастарды әр саусақ арасынан өткізу. Соңынан барлығын бірге жинап алу керек. Құдыққа салу



бет4/5
Дата28.09.2023
өлшемі6.49 Mb.
#478935
1   2   3   4   5
Разработка по физкултуре Бестас ойынын денетәрбиесі сабағында қолдану

Тарақтау.Тастарды әр саусақ арасынан өткізу. Соңынан барлығын бірге жинап алу керек.
  • Құдыққа салу. Алақанды қуыстап ұстау арқылы жерге шашылған тастарды бір бірлеп саусақпен алып «құдыққа» жинайды. Соңынан барлық тастарды жерден жинап көтеріп алады. 
  • Қақпаны ашып-жабу. Қақпақыл тасты жоғары лақтыру кезінде тас жинаушы қол алақанымен жерді жауып отырады. Тасты қораға айдаған кезде ғана қақпа ашылып алақанмен тосып алады. 
  • Үй үстіне қою. Жерге шашылған төрт тастың бірін есігі ашық «үйдің» үстіне қойып, қалған тастарды үй есігінен өткізеді. Ең соңында үстіге қойылған тасты есіктен енгізеді. Тастарды үй есігінен енгізу кезінде қол үстіндегі тас жерге түсіп кетсе, ойын тоқтатылады. 
  • Қуалау. Есігі ашық үйге тастарды алдынан енгізгеннен соң, барлық өткен тастарды қайтадан үйдің алдыңғы есігінен айналдырып енгізу қажет. 
  • Кедергі. Қырынан қойылған алақан үстінен барлық тастарды бір-бірлеп асырып өткізеді. Соңынан барлық тастарды біріктіріп жинап алады. 
  • Бұрау. Жоғары лақтырылған тасты екінші қолды бұрап алақанымен ұстау. Барлық тастар бір-бірлеп ұсталады. 
  • Екі алақанмен ұстау. Бес тасты түгел жоғары лақтырып екі алақанмен ұстау. 
  • Алақан сырты арқылы ұстау. Бес тасты жоғары лақтырып екі алақанның сыртын қатар қою арқылы ұстау. Алақан сыртындағы тастарды қайта жоғары лақтыру арқылы алақанмен ұстап алу қажет. 
    • Бір қолдың сырты арқылы қаршу. Жоғары лақтырылған барлық тастарды бір алақанның сыртымен ұстау керек. Алақан сыртында ұсталған тастарды қайта жоғары лақтыру арқылы қолдың алақанымен қаршып ұстау қажет. Қаршып ұсталған тастар санына байланысты ұпай беріледі. 
    • Орақ. Жерге шашылған тастарды орақ ору қозғалысы түрінде бір-бірлеп жинап алады. 
    • Кетпен. Жерге шашылған тастарды кетпен шабу қозғалысына ұқсатып бір-бірлеп жинап алады. 
    • Сапқа тұрғызу. Жерге шашылған тастарды қақпақыл тасты жоғары лақтыра отырып бір сызық бойына тізіп шығады да, соңынан барлық тастарды бірден жинап алады. 


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет