Екі қол сыртында «Нәби» атау. Жоғары лақтырылған тастарды екі қол сыртымен ұстап алғаннан соң ішінен бір тасты басқа ойыншы «Нәби» деп көрсетеді. Ойыншы «Нәби» аталған тасты барлық тастардан соң жерге түсіруі қажет. Қол сыртында ұсталған тастар санына қарай ұпай беріледі және уақыт есептеледі. Бір қол сыртында «Нәби» атау. Жоғары лақтырылған барлық тастарды бір қол сыртымен ұстап алғаннан соң, басқа ойыншы ішінен бір тасты «Нәби» деп көрсетеді. Ойыншы «Нәби» аталған тасты барлық тастардан соң жерге түсіруі қажет. Қол сыртында ұсталған тастар санына қарай ұпай беріледі және уақыт есептеледі. - Ескерту. Барлық қаршып ұстау түрлерінде әр қаршып алынған тастан 10 ұпай жинайды. Бес тасты түгел ұстаса 50 ұпай жинайды.
- Жеңімпазды анықтау. Бестас ойыны жеңімпазын анықтау әр ойыншының барлық ойынға жіберген уақытын және қаршып алу кезінде жинақтаған ұпайларын қосу арқылы анықталады. Бестас ойынының ел арасында ойнау түрлері көп. Сіздерден толықтыру және ұсыныстар күтеміз.
- Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады. Ұлттық ойындар бабаларымыздан қалған асыл мұра, қазына дегеніміз жөн. Сондықтанда ұлттық ойындарға ерекше мән берілген. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде балалар арасында ұмытшақтық, қол құрысу, ашуланшақтық болуы жол алуда. Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, сабақтапрлда түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдалануға ұсынамын.
- Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да оқушының рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, денсаулығына, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі.
- Міне менің ұсынып отырған «Бестас» ойынымның ой шыңдау түріне жатады. Оқушы бұл ойынды ойнау кезінде ойлау, санау, ептілік, шыдамдылық, адамгершілікке тәрбиеленді. «Бестас» ойынынң басты ерекшелігі қазіргі экологиялық жағдай басым ауылдың жерлерде ойнауға өте тиімді. Бұл ойын жоспарға тоғызқұмалақ ойынымен қатар енгізе отырып, математика, физика, әдебиет пәндерімен пән аралық байланыс орнатып сабақты әрі қызықты тиімді өткізуге болады.
- Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені болашақ балалар ойнай да, күле де, ойлай да білсін дей отырып, дені сау салауатты ұрпақ өсіруге үлес қосайық.
-
- Бұл ойындарды тереңірек ұғыну үшін әртүрлі әдістерін пайдалану.
- Ұмыт қалған ұлттық ойын түрлерін жаңартуда көркем әдебиетпен және математика пәндерімен байланыстырып өту.
- Оқушының ойынында да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді,ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.
- Баланың қуанышы мен реніші ойында көрінеді. Ойын кезіндегі оқушының психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойналады, эмоциялық әсері ұшқындайды,белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш , ренәш сезімдеріне бөленеді.
- Ұлы педагог В. Сухомолинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды.» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы дами түспек. Ұлттық ойынның оқушыға берер маңызы өте зор. Оқушы ұлттық ойынның тарихын, шыққан кезеңдерін біліп, жадында ұстап, ұлттық қазынамызды кейінгі ұрпаққа қалдыратын мұра иесі болып қалыптасуы тиіс. Ұлттық ойындар арқылы бала бойына эстетикалық,этикалық тәрбие алады. Ұлттық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау, қайталау сияқты үрдістері дамып, оқушылар ойын үстінде қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін ойынға еліктеу қабілеттері жетіледі. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бес тас ойында баланың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастықкөмек, тіртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді.
- 1 бекет Төрт бұрыштың бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрыш қалады?
- 2 бекет Қандай ұлттық ойындарды білесің?
- 3 бекет Жай бөлшектер нешеге бөлінеді?
- 4 бекет Қазақ тілінде неше септік бар?
- 5 бекет Ер бір рет өледі, Қорқақ ...?
- 6 бекет Соңғы олимпиада қай жерде өтті?
- 7 бекет Ерлер арасындағы ауыр отлетик кім?
-
- Жас мамандарға
- әдістемелік
- көмек
Достарыңызбен бөлісу: |