ЖАҒДАЙДЫҚ ЕСЕПТЕР МЕН ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ОРЫНДАУ
1.Жаттығулар.
1. 1. «Майлар көмірсулар жалынында жанады» деген сөз нені білдіреді және бұл процесс аштық пен қант диабеті кезінде неге бұзылады?
2. Ацетоацетаттың активтену реакциясын жазыңыз. Бұл фермент бауырда жоқ, сондықтан бауыр кетон денелерін энергия көзі ретінде пайдалана алмайды. Фермент пен ферменттің класын көрсетіңіз.
3. Қандағы кетон денелерінің мөлшері артқан. Бұл жағдай қалай аталады? Бұған қандай себептер әкелуі мүмкін? Қандағы кетон денелерінің деңгейінің күрт артуы қандай салдарға әкелуі мүмкін?
4. Ацетил-КоА-ның артық мөлшерінің түзілуі және оның тотығу процесінде толық пайдаланылмауы неліктен қауіпті?
5. Ловастатин (мевакор, мевинолин) – тиімділігі жоғары гипохолестеринемиялық (антиатеросклеротикалық) препарат болып табылады. Ловастиннің әсер ету механизмі қандай?
6. Кейбір дәрігерлер статин қабылдайтын науқастарға бір мезгілде Q коферментін тағайындау керек деп есептейді.Мұндай ұсыныстың мағынасын түсіндіріңіз?
7. Бауырда 7α-гидроксилаза белсенділігінің төмендеуі нәтижесінде липидтер алмасуының қандай процестері бұзылады?
8. Адам ағзасының энергетикалық қажеттілігінен асатын мөлшерде сахароза, глюкоза және фруктозаны қорытуды аяқтағаннан кейін олар триацилглицериндерді синтездеу үшін май қышқылдарына айналады.Май қышқылдары синтезі кезінде ацетил-КоА, АТФ және NADPH тұтынылады. Бұл заттар глюкозадан қалай алынады?
1.Жағдайлық есептерді шығару
1.Май қышқылдарының синтезі жүретін жасушаларда, сол үрдіспен қатар глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы (ПФЦ) жүреді. Осы үрдістердің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
а) ПФЦ және май қышқылдарының синтезінің сызбанұсқасын көрсетіңіз
б) Май қышқылдарының синтез реакцияларын ПФЦ-мен қамтамасыз ететін коферментті және оның құрамындағы витаминді атаңыз. Осы коферменттің қатысуыменен жүретін май қышқылдарының синтез реакцияларын жазыңыз.
в) Неліктен бауырда, май тінінде, эритроциттерде ПФЦ өте қарқынды жүреді?
2.Егер тамақтану рационында мүлдем көмірсулар болмаса, яғни тек липидтер мен белоктармен ғана қоректенсе немесе көмірсуларсыз тек липидтермен қоректенсе қандай процестер артады, қайсысы ингибирленеді.
а) Көмірсулардың жетіспеушілігі энергия алу үшін майларды пайдалануына қалай әсер етуі керек?
б) Егер сіздің тамақтану рационында мүлдем көмірсулар болмаса, сізге көміртегі атомдарының жұп немесе тақ санды май қышқылдарының қайсысын тұтынған дұрыс болар еді? Түсіндіріңіз.
3. 30 жастағы ер адамда отбасылық гиперхолестеринемия, ТТЛП рецепторларының тапшылығынан туындаған бұзылулар анықталды. ТТЛП рецепторларының синтезі және олардың кейінгі өзгерістері. Жасушадағы ТТЛП-дан (β-ЛП) босатылған холестерин жасушадағы холестериннің метаболизмін қалай бақылайды?
4. Көміртегі атомдарының жұп және тақ санды май қышқылдарының тағамдық рөлі қандай?
Зертханалық тәжірибеде егеуқұйрықтардың екі тобы бір ай бойы көміртектің жалғыз көзі ретінде май қышқылдарының екі түрлі түрін алды. Бірінші топтағы жануарларға энант ( гептан) қышқылын (7:0), ал екінші топқа-каприл (октан) қышқылын (8:0) алды. Тәжірибе соңында екі топтағы жануарларының жағдайында таңқаларлық айырмашылық анықталды: бірінші топтағы жануарлар сау және салмақ қосады, ал екінші топтың жануарлары бұлшық ет массасының жоғалуына байланысты әлсіз және арықтаған болды Мұндай айырмашылықтың биохимиялық себебі қандай? Көміртегі атомдарының жұп және тақ санды май қышқылдарының рөлі қандай?
5. «Пепси ұрпағы» туралы айтатын болсақ, ең алдымен жастардың жаңа технологияларды жеңіл игеруі, коммуникабельділік пен динамикалық туралы ой келеді. Соынмен қатар «пепси ұрпағының» семіздіктің алғашқы сатысымен зардап шегетіні де белгілі. Қантты газдалған сусындарды шамадан тыс тұтыну мен липидтер алмасуының бұзылуы арасындағы байланысты түсіндіріңіз. Ол үшін:
A. Осындай сусындардың құрамындағы көмірсулардың гидролиз реакциясын жазыңыз;
B. Осындай тамақтану кезінде қандағы және сілекейдегі глюкозаның концентрациясы қалай өзгеретінін көрсетіңіз;
C. Тәтті газдалған сусындарды ұзақ уақыт тұтыну тістің жағдайына әсер ете ала ма?
D. Глюкоза және липидтер алмасуының жылдамдығы семіздікке әкелетін метаболикалық жолдарының сызбаларын жазыңыз.
6. Стоматологиялық көмекке жүгінген науқаста орташа ауырлықтағы жалпыланған пародонт ауруы анықталды. Аталған ауру кезінде ұсақ қан тамырларының, әсіресе ауыз қуысының тамырларының микроциркуляциясы нашарлағаны анықталды. Тіс дәрігері пациентке қандағы ТАГ, холестерол,ТТЛП және ТЖЛП деңгейін тексеруге кеңес берді. Ол үшін:
а) Неліктен тіс дәрігері пациентке қандағы ТАГ, холестерол,ТТЛП және ТЖЛП деңгейін тексеруге кеңес бергенін түсіндіріңіз.
б) холестерол синтезінің схемасын жазыңыз, оның қандағы қалыпты концентрациясын көрсетіңіз;
в) холестерол алмасуындағы ТТЛП мен ТЖЛП рөлін түсіндіріңіз;
г) ауыз қуысы тіндеріндегі гиперхолестеринемияның себептері мен салдарын атаңыз.
6. Жұма күні кешке жас жігіт төменгі жақ сүйегінің сынуымен емханаға түсті. Кезекші дәрігер науқасқа түтік арқылы тамақтануы керек екенін түсіндірмей, науқасқа шина салды. Дүйсенбі күні тексеріс кезінде дәрігерге әлсіздік, бас айналу, ауыздан ацетонның иісі шығатыны туралы шағымданды. Тез арада оның қаны алынды.Науқастың қан талдамасында неге глюкоза деңгейінің төмендегенін және кетон денелерінің жоғарылауын көрсететінін түсіндіріңіз? Сұраққа жауап беру үшін:
А. қандағы кетон денелерінің деңгейінің жоғарылау себебін түсіндіріңіз,
B. олардың синтезделу орнын және зат алмасудағы рөлін көрсетіңіз, сәйкес зат алмасу жолын ұсыныңыз, энергиялық шығымын есептеңіз;
C. нәтижелермен танысқаннан кейін дәрігердің не істейтінін болжаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |