Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
Активті сірке қышқылының (АСҚ) түзілу және жасушаларда пайдаланылу жолдарын схема түрде көрсетіңіз (қазақ және орыс бөлімдері үшін ағылшын және екінші тілде).
БМҚ биосинтезінің негізгі сатылары және оның реттелуі. Реакциялардың реттілігі. Пальмитин қышқылы синтезіне жұмсалған АТФ, НАДФН2 санын есептеңіз.
Кетон денелерінің синтезі, гиперкетонемия мен кетонурия себептері, аштық және қантты диабет кезіндегі даму механизмдері.
Кетон денелерінің тотығуы. Ацетосірке және -гидроксимай қышқылдарының тотығуының энергиялық балансы. Балалардағы кетозға төзімділік және бейімділік.
Холестерол синтезі, сатылары және биологиялық рөлі. Холестерол синтезінің реттелуі.
Қандағы холестеролдің тасымалдануы:ТӨТЛП,ТТЛП, ТЖЛП-ның ролі. Апо В100 рецепторының ролі мен кездесетін орны. ТТЛП рецепторлы эндоцитоздың маңызы және олардың компоненттерінің эндоцитоздан кейінгі метаболикалық жолы. Ацил-SКоА:холестерол-ацилтрансфераза (АХАТ) рөлі. лецитин:холестерол-ацилтрансфераза (ЛХАТ) катализдейтін реакция, және оның ХС алмасуындағы рөлі. Балалар ағзасындағы холестериннің алмасуы.
Холестерол мен кетон денелерінің синтезіндегі ұқсастықтар мен айырмашылтар.
Липидтер алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан шығарылу жолдары.
Сабақты өткізу форматы:
Бағдарламалық бақылаудың билеттері бойынша жазбаша бақылау.
Ауызша сұрау тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша жүргізіледі және кестелер толтырылады.
Шағын топта жұмыс.
Жаттығулар орындау және жағдайлық есептерді шешу.
Глоссариймен жұмыс (2-3 терминді үш тілде қарастыру).
Шағын топта жұмыс: студенттерді топта 3 адамнан тұратын 3-4 топшаға бөлінеді және әрбір топшаға есеп беріледі: БМҚ синтезіне қажетті малонил-КоА, АСҚ, НАДФН2, АТФ санын есептеу немесе кетон денелерінің тотығуында түзілетін АТФ санын санау ж/е т.б. Алдымен топшадағы әр студентке есепті шешуге 2-3 минут уақыт беріледі, содан кейін топшадағы студенттердің өзара талқылауына уақыт беріледі және топшаның шешімін 1 студент басқа студенттермен және оқытушымен талқылау үшін айтады (ЖИГСО әдісі).
Шағын топта жұмыс істеуге арналған сұрақтар:
Стеарин қышқылы синтезіне қажетті малонил-КоА, НАДФН2 және АТФ санын есептеңіз (кез-келген жұп санды көміртекті май қышқылын беруге болады).
Бета-гидроксимай қышқылы тотықанда түзілетін АСҚ, НАД, ФАД және АТФ санын санаңыз
Ацетосірке қышқылы тотыққанда түзілетін АСҚ, НАДН2, ФАДН2 және АТФ санын санаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |