Биология • экожүйелер • Қоректік тізбек 1 1-бөлім: Қоректік тізбек және желілер



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата19.12.2023
өлшемі1.26 Mb.
#487151
1   2   3   4   5   6
kktwig-orektik-tizbek

Шектен тыс балық аулау теңіз
экожүйесіне үлкен әсерін тигізеді
• Ұсынылатын фильм
- Басқыншы жануарлар: Оңтүстік Америка 


 БИОЛОГИЯ • ЭКОЖҮЙЕЛЕР • ҚОРЕКТІК ТІЗБЕК
3
Қосымша сұрақ
С4. Экожүйеге жаңа түрлер енгізілгенде не болады?
Адамдардың экожүйеге түрлерді енгізуіне байланысты бірнеше апатты жағдайлар болған. Бұрын экожүйеде 
болмаған жаңа түрлердің енгізілуі кейде кері әсерін тигізеді, себебі жаңа ағза жаңа мекен орнын басып алып, 
басқа ағзалармен жаңа әдістер арқылы байланысып, жиі бәсекелесіп, оларды мүлдем жойып жіберуі де 
мүмкін.
• Ластану қоректік тізбекке қалай әсер етеді?
Ластану қоректік тізбектерге әртүрлі жолмен әсер етуі 
мүмкін. Ластану атмосфераға температура, жаңбыр секілді 
өлі факторлардың өзгеруіне әкеліп соқтыратын ұзақ 
мерзімді әсерін тигізуі мүмкін, өз кезегінде бұл қоректік 
тізбектегі тірі ағзаларға едәуір ықпал етеді. Ластауыштар: 
пестицидтер мен сынап секілді өнеркәсіп қалдықтары 
популяция санын азайта отырып, ағзаларға тікелей 
кесірін тигізеді. Басқалары қоректік тізбектің жоғарғы 
сатысындағы жануарларға үлкен зиян келтіруі мүмкін. Бұл 
биоаккумуляция деп аталады.
Қосымша сұрақ
С5. Биоаккумуляция нені білдіреді?
Егер жануарлар өздері қорыта алмайтын 
және бөліп шығара алмайтын қосылыстармен 
қоректенсе, бұл қосылыстар олардың денесінде 
сақталады. Неғұрлым көбірек жесе, соғұрлым 
қосылыстардың концентрациясы арта береді де, 
улы затқа айналады. Қоректік тізбектің жоғарғы 
сатысындағы жануарлар құрамында жоғары 
консентрациялы улы заттары бар жануарлармен 
қоректенеді де, өз денелерінде ең жоғарғы 
дәрежеге дейін биоаккумуляция жасайды және 
соның зиянды салдарларына ұшырайды.
• Ұсынылатын фильмдер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет