Биология • экожүйелер • Қоректік тізбек 1 1-бөлім: Қоректік тізбек және желілер


Қызыл қанатты қараторғай (екінші реттік



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата19.12.2023
өлшемі1.26 Mb.
#487151
1   2   3   4   5   6
kktwig-orektik-tizbek

Қызыл қанатты қараторғай (екінші реттік
тұтынушы) жұлдызқұрттармен
(негізгі тұтынушы) қоректенеді
Қосымша сұрақ
С7. Қазбалы отындар қалай түзіледі?
Қазбалы отындар өлі жануарлар мен өсімдіктер толықтай шірімей, бірнеше миллион жыл бойы жердің 
астында сақталып, қысымға ұшырағанда түзіледі. Көмір мен мұнай секілді қазбалы отындар соңында жерден 
шығарылып, энергия алу үшін жағылады. Олардың құрамындағы көміртек атмосфераға көмірқышқыл газы 
ретінде қайта оралады, ал өсімдіктер оны фотосинтез үшін қайта қолдана алады. 
• Ұсынылатын фильмдер
- Селбесу: Паразитизм
- Саңырауқұлақтар
- Селбесу: Мутуализм
Қосымша сұрақ
С6. Мутуализм дегеніміз не?
Мутуализмнің паразитизмнен айырмашылығы, мутуализм – екі ағзаға да 
пайда әкелетін екі ағза арасындағы қарым-қатынас. Мутуализм көбінесе бір 
немесе екі түр де қорек өндіретін қарым-қатынасқа негізделген. Мысалы, 
қына бір-бірін маңызды қоректік заттармен қамтамасыз ететін саңырауқұлақ 
пен балдырдан тұрады. Осыған ұқсас көптеген мутуалды бактериялар 
сүтқоректілердің ішегінде өмір сүріп, қоректі иесінен алып, ал өзі астың 
қорытылуына көмектеседі. 
• Экожүйедегі азот айналымы қалай жүзеге асады?
Азот – ақуыз бен ДНҚ құрылысына қажетті болғандықтан биологиялық жүйелерде маңызды рөл атқаратын 
элемент. Продуценттер ретінде өсімдіктер оны топырақтан нитрат күйінде алып, ақуыз бен ДНҚ жасау үшін 
қолданады. Азотты қосылыстар қоректік тізбектер бойымен өтіп, кейін ағзалар қалдық шығарғанда немесе 
өлгенде топыраққа қайта оралады. Редуценттер бұл қалдық заттарды шірітіп, топырақтағы бактериялар ондағы 
нитраттарды қайта жаңартып, топырақты толықтырып отырады. Сонымен қоса, топырақтағы кейбір бактериялар 
атмосферадағы азотты тікелей топырақта өндіруге икемді. Бұлар азот өңдегіш бактериялар деп аталады және 
олар топырақта жекеше немесе бұршақ деп аталатын өсімдіктермен мутуалды қарым-қатынаста өмір сүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет