Биология • экожүйелер • Қоректік тізбек 1 1-бөлім: Қоректік тізбек және желілер


- Қоректік тізбектегі биоаккумуляция



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата19.12.2023
өлшемі1.26 Mb.
#487151
1   2   3   4   5   6
kktwig-orektik-tizbek

- Қоректік тізбектегі биоаккумуляция
- Деректер: Қорек тізбегіндегі сынап
• Экожүйеде басқа қандай қоректік қарым-қатынастар бар?
Жыртқыш пен жемтік арасындағы классикалық қарым-
қатынас сияқты, көптеген ағзалар қажетті энергияны 
әртүрлі тәсілдермен алады. Мысалы, паразиттер 
өздерінің иелерінде өмір сүреді, иесімен қоректенеді 
және оған зиян келтіреді. Бұған қансорғыш жәндіктер 
мен жануарлардың асқорыту жолындағы құрттар 
мысал бола алады. Паразиттер қоректік тізбектің 
түзілуінде, соған байланысты экожүйенің қызмет 
ету жүйесінде де маңызды рөл атқара алады. Сол 
сияқты редуценттер де экожүйенің қызмет етуінде 
өте маңызды рөл атқарады. Көптеген бактериялар 
мен саңырауқұлақтардан тұратын редуценттер 
ферменттерді өлі органикалық заттарға бөліп, сол 
заттарды қорытып, оларды сіңіреді. Редуценттер 
көміртек пен азот секілді қоректік заттарды қайта 
өндіру процесінде маңызды рөл атқарады.
Масалар адамда безгек паразитін тасымалдайды
ДИАГРАММА 03:


 БИОЛОГИЯ • ЭКОЖҮЙЕЛЕР • ҚОРЕКТІК ТІЗБЕК
4
3-бөлім: Азот айналымы
• Экожүйедегі қоректік заттар айналымы қалай жүзеге асады?
Күн арқылы жеткізілетін энергия соңында жоғалатын болса, ал 
көміртек пен азот секілді қоректік заттар үнемі қайта өңделіп
қайтадан көп рет қолданылады. Мысалы, өсімдіктер көмірқышқыл 
газындағы көміртекті фотосинтез кезінде қант, крахмал және май 
секілді органикалық қосылыстар өндіру үшін қолданады. Өсімдіктер 
дем шығарған кезде, бұл қосылыстардағы көміртектің бір бөлігі ауаға 
қайта оралады, бірақ кейбір бөлігі шөпқоректілер мен етқоректілер 
сияқты, атмосфераға көміртекті дем шығарғанда қайтаратын қоректік 
тізбектерге өтеді. Тірі ағзалар өлген кезде, олардың денелерін 
саңырауқұлақтар мен бактериялар шірітеді де, айналымды аяқтау 
үшін дем шығарып, көміртекті атмосфераға қайтарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет