Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің
10 «Ә» сынып оқушыларына
педагогикалық-психологиялық
МІНЕЗДЕМЕ
10 «Ә» сыныбында 17 оқушы бар: 11 қыз, 6 ұл. Сынып оқушыларының әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан толық қамтылған.
Сынып оқушыларының жалпы білім деңгейі өте жақсы және бірінші күннің өзінде ұйымшылдықпен көзге түсті. Олар сабақтар мен жаттығуларға жауапкершілікпен қарайды, қызығушылықпен айналысады, сабаққа жоғары белсенділік танытады және қиындықтар туындаған тапсырмаларды шешуге тырысады, ізденістері бар. Оқушылар қоғамдық істерге қызығушылық танытады. Берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды.
Оқушылар бір-бірін құрметтейді. Сыныпта теріс топтар жоқ. Оқушылар бос уақытты мектепте және одан тыс уақыттарда пайдалы істермен айналысқанды жақсы көреді. Оқушылар сыныптастарының жетістіктеріне қуанады, сыныпты қолдайды, қиын сәттерде достарын қолдайды.Балалар мектепшілік іс-шараларға қатысуға тырысады. Іс шаралар өткізген кезде олар бірігіп, сыныптың намысын қорғауға тырысады.
Ата-аналары сынып өміріне белсене араласып отырады. Балаларының жағдайын, сабақтарын үнемі бақылауда ұстайды. Бір-бірімен, сынып жетекшісімен ынтымақтастықта, бірлесе жұмыс жасап, сынып проблемаларын бірлесе шешеді.
Практика жетекшісі: Сейдалиева Н.М
Биология пәнінің мұғалімі: Сейнәсіп А.Ш
Педагогикалық іс – тәжірибеден өтуші: Пәржан Г. О.
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта
Мектебінің 10 «Ә» сынып оқушысы
Серікбай Анельяға
педагогикалық-психологиялық
МІНЕЗДЕМЕ
Серікбай Анелья 10 «Ә» сынып оқушысы. Оқушының ынта-жігері жақсы, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады, сынып белсенділерінің бірі. Сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі.
Мінезі салмақты, сабырлы, адамдармен тез тіл табыса алады. Үлкендерді құрметтеп, кішіні сыйлай алады. Оқушыларды бастап, ұйымдастыра алу қабілеті бар. Әр сабақты зейін қойып тыңдап отырады.
Оқу жұмысына белсенділігі жоғары. Барлық сабақты ұнатады. Биология сабағын сүйіп оқиды. Үй жұмысын жүйелі орындап келіп отырады. Сабақ үстінде бар назары мұғалімде болып, сұрақтарға жауап беріп, үнемі тақтаға шығып, сабақ айтып, топта да белсене жұмыс жасайды. Сабақтан себепсіз қалмайды. Сабаққа белсене қатысып, түсінбегенін мұғалімнен сұрап, өз бетімен де жұмыс жасай алады.
Анелья мұғалімдермен, оқушылармен, басқа да сынып оқушыларымен жақсы қарым-қатынаста. Кез-келген ортада беделді, жақсы жағынан көріне алады. Мектепте қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Мектепте өткізілетін түрлі білім сайыстарында жақсы көрініп, жүлделі орындар алып жүрген оқушы.
Педагогикалық іс – тәжірибеден өтуші: Пәржан Гауһар
Психология кафедрасының оқытушысы:
Педагогика кафедрасының оқытушысы:
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
Биология және биотехнология факультеті
5В011300-«Биология» мамандығының
4 курс студенті Пәржан Гауһар Оңалбайқызының
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің
10 «Ә» сыныбына өткізілген тәрбие сағатының
Достарыңызбен бөлісу: |