Биология және экология кафедрасы 050608 Экология мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған



бет4/6
Дата25.02.2016
өлшемі2.16 Mb.
#21671
1   2   3   4   5   6

Дәрістің мазмұны:


1. Экологиялық картографияны пәнінің қоршаған ортаның басты проблемаларын шешудегі маңызы.

2. Экологиялық картография пәнінің қолданбалы маңызы.

3. Экологиялық карталардың жіктелуі.

Әдебиеттер: Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.
Экологиялық карталар жобалау-жоспарлау жұмыстарын жүргізуде, қоршаған ортаға түрлі халық шаруашылығы объектілерінің тигізетін әсерін негіздеуде, экологиялық экспертиза мен геомониторинг жұмыстарын жүргізу үшін ақпараттар мен деректер базасын жасақтап, табиғат қорғау шараларының негіздемесін жасауда кең қолданылады.

Экологиялық проблеманы зерттеуде жанжақты ғылым саласынан мамандар қатысатын болғандықтан дұрыс жасалған карталар олардың бірін бірі түсінуіне қажетті универсальды ақпарат көзі болып саналады.

Карта кеңістікте өзгеретін кез келген құбылыстардың бейнелеудің тиімді тәсілі болып саналады. Түрлердің тіршілік ортасында таралуы кеңістік пен уақыт аралығында өзгеріп тұрады. Сондықтан аймақтың экологиялық жағдайы оны картаға түсірумен бірге жүреді.

Карталарды талдау арқылы табиғат ландшафтарының қасиеттеірн, олардың ластаушы заттар миграциясына әсерін және экожүйенің қалыптытылығы туралы мәліметтер алуға болады.

Экологиялық картографияның зерттеу нәтижелері ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, табиғат қорғау бағытындағы практикалық жұмыстарды ұйымдастыруда әсіресе қолданбалы бағытта экологиялық жобалау жұмыстарында және экологиялық білім беру мен тәрбие жұмыстарында кең қолданылады.

Оқу экологиялық карталар безендірілуі жағынан өте анық түрлі-түсті және түсінікті болуы керек. Бұқараның ақпарат құралы ретінде экологиялық арнайы карталар мен атластарды атауға болады. Мысалы экологиялық жағынан өмір сүруге қолайлы аймақтар, гигиеналық және экономикалық көрсеткіштер. Нарықты экономика жағдайнда тұрғын үй және жер учаскелерінің бағасы т.б. әсер етеді. Сондықтан да экологиялық картадағы ақпараттың дәл болуы оны құрастырушылар мен басушыларға үлкен міндет пен жауапкершілік жүктейді.

Қазіргі кезеңде көптеген карталар халық шаруашылығының түрлі салаларына құрылыс жұмыстарын жүргізу, қайта қалпына келтіру немесе инвестиция бөлу, қаржыландыру үшін қажетті экологиялық негіздемелер бергенде міндетті түрде жасалуға тиісті құжаттар пакеті құрамына кіреді, ал кейбіреулері осы жұмыстарды жүргізу үшін қажетті деп саналады.

Мысалы мелиоративтік жүйелер құрылысы жобасының экологиялық негіздемесінде болуы тиіс:

- Мелиорация түрі мен тәсілін таңдап алуға негіздеме;

- Жобалық өнімнің негіздемесі;

- Шымтезек қабатының минералдану дәрежесі мен жылдамдығы;

- Дренаж суының сапалық көрсеткіштері;

- Гидрографиялық әсер ету шекарасының енін анықтау;

- Грунт және топырақ суларының жату тереңдігінің өзгерісі;

- Өсімдіктер және топырақ жамылғысының болжамдық өзгерісі;

- Жануарлар дүниесінің болжамдық өзгерісі;

- Жергілікті микроклиматтың болжамдық өзгерісі;

- Қайталама тұздану мүмкіншілігін болжау; суарылатын аймақ және оған шекаралас аймақтарда тұз балансын есептеу;

- Мелиорация жұмыстарына және жұмсалатын қаржы көлеміне экологиялық негіздеме;

- Қызыл кітапқа енген сонымен қатар жойылу қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар тізімі;


Инженерлік-экологиялық зерттеулер нәтижесінде техникалық есеп немесе жобаларға түсіндірме жазба жасалады.

Аймақтың қазіргі экологиялық жағдайының сипаттамасы берілген картада мынадай мәліметтер көрсетіледі:

- ландшафттың әр түрлерінің таралуы;

- аймақты функциональды зонаға бөлу;

- қоршаған ортаны ластаушылардың типтері және олардың сипаттамасы;

- ластанудың мүмкін болатын миграция жолы және жинақталу учаскесі;

- ерекше қорғалатын және адамның шаруашылық әрекеті шектеулі түрде жүргізелетін сонымен қатар қауіпті табиғи және техногендік процесстерге ерекше сезімтал аймақтар мен учаскелер;

- геохимиялық, гидрохимиялық және радиациялық зерттеу материалдары;

- аймақтың қазіргі экологиялық жағдайын бағалау;

- аймақты табиғат ортасының экологиялық жағдайларына қарай аудандастыру;

Аймақтың болжамдық экологиялық жағдайы картасында табиғат жағдайларын ескере отырып мүмкін болатын ластанудың сипаты мен түріне байланысты туындайтын өзгерістер көрсетіледі: атап айтқанда, аймақтың ландшафтық құрылымының өзгеруі, жер бедерінің өзгеруі, қоршаған ортаның жеке компоненттерінің өзгеруі, территорияның экологиялық жағдайының дәрежесіне қарай жалпы сипаттамасы т.б.

Экологиялық карталар міндетті түрде толық легенда, қажетті ақпараттар, мысалы топырақ шұңқырларының сипаттамасы және басқа да толықтырулар енгізілген түсіндірме жазбамен бірге жасалады.

Аймақтың қазіргі уақыттағы инженерлік-экологиялық картасын жасауда болжамдық өзгерістер динамикасы көрсетілгені жөн, сондай-ақ қажетті ақпараттарды қосымша картада немесе картограммада кескіндеуге болады.

Картографиялық материалдарға түрлі картосхемалар мен базистік карталар, мысалы аймақтың табиғат-климаттық жағдайы, антропогендік қысым картасы, табиғат ортасының ластануының түрі мен дәрежесін сипаттайиын картосхема мен картограммалар жатады.

Зерттелетін аймақ көлеміне қарай экологиялық карта масштабы да түрліше болады (елді мекен, қала, облыс, аймақ т.б.). Экологиялық карталарға қойылатын негізгі талап болып картографиялық негізде жасалуы және бірдей масштабқа келтірілуі жатады. Карталардың геометриялық дәлдігі мен толық ақпарат болуына үлкен мән беріледі.
Экологиялық картография цифрлік немесе ұқсас аналогия бойынша экологиялық карталарды жасау әдістері мен процесстерінің жиынтығы.

Экологиялық карталар мазмұны жағынан кең және тар көлемде қарастырылады:

кең көлемде қарастырғанда экологиялық карта түсінігіне барлық географиялқ карталар кіргізіледі. Ал тар көлемде қарастырсақ олардың кейбірін ғана шектеп пайдалану;

Экологиялық карталар басқа тақырыптық карталармен салыстырғанда (геологиялық, геоморфологиялық, топырақ т.б.) зерттеу объектісін анықтаудың күрделігімен ажыратылады. Көптеген ғалымдар пікірінше экологиялық картографияда зерттеу объектісі ретінде түрлі деңгейдегі экожүйелер, ортаға антропогендік қысым масштабы, биота, табиғат қорғау шаралары, қоршаған орта мен организмдердің өзара ара қатынасы, экологиялық ситуациялар қарастырылады.

Қазіргі уақытта көптеген тақырыптық карталарда экологиялық ақпараттар көрсетіледі:

- Геологиялық;

- Геоморфологиялық;

- Климаттық;

- Гирологиялық;

- Топырақ;

- Геоботаникалық;

- Әлеуметтік-экономикалық;


Экологиялық картография түрлері: салалық (экология-геохимиялық, медико-экологиялық, экология-демографиялық т.б.), кешенді (экологиялық-географиялық) және геоэкологиялық болып бөлінеді.

Экологиялық картографияда төмендегідей карта түрлері кең қолданылады:

- Ірі масштабты (1 : 200000 үлкен);

- Орташа масштабты (1 : 200000 – 1 : 1000000);

- Ұсақ масштабты немесе шолу (1 : 1000000 кіші);

Экологиялық карталар мазмұнына және қолданылу бағытына қарай бөлінеді:

- Түгелдеу (инвентаризациялық);

- Бағалау;

- Болжамдық;

- Ұсыныстық;

- Бақылау немесе мониторингтік.

Экологиялық карталар қолданылу мақсатына қарай бөлінеді:

- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған;

- табиғат қорғау бағытындағы практикалық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған;

- экологиялық білім беру мен тәрбие жұмыстарында қолдануға арналағн;

Экологиялық картографияда дистанциялық космос және аэрофотосуреттер материалдары кең қолданылады.

Бұзылған экожүйені картаға түсіруде төмендегідей мемлекеттік картаға түсіру материалдары пайдаланылады:

- топографиялық карталар;

- геологиялық карталар;

- гидрогеологиялық карталар;

- инженерлік-геологиялық карталар;

- топырақ картасы;

- геоботаникалық карта;

- орман таксациясы картасы;

Сонымен қатар жарияланған және фондылық ғылыми зерттеу мекемелері мен өндірістердің картографиялық және басқа да еңбектері пайдаланылады. Егер материал жеткіліксіз болса, қосымша инженерлік-ізденіс жұмыстары жүргізіледі.

Бүлінген экожүйені картаға түсіруде негізгі объект болып бүлінген экожүйе немесе ландашафт саналады.


Тақырып: Бүлінген экожүйені картаға түсіру үшін қолданылатын картографиялық негіздер.

Дәрістің мазмұны:

1. Шаруашылықта жерге орналастырудың жобасы немесе контурлы жоспары.

2. Топографиялық карталар.

3. Аэрофотоматериалдар.

4. Космостан түсірілген карталар.

Әдебиеттер: Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.
Бүлінген экожүйені картаға түсіру үшін алдымен картографиялық негіздерді таңдап алу керек. Картографиялық негіздерге бүлінген экожүйелер картасы және басқа да картограммалар салынады.

Шаруашылықта жерге орналастырудың жобасы немесе контурлы жоспары шаруашылық территорияларын ірі масштабты карта жасау үшін қосымша картографиялық негіз болып табылады. Шартты белгілермен елді мекендер, жолдар, гидрографиялық тор, электр желілері, шаруашылық жерінің шекарасы, ауыл шаруашылығында қолдану түрі, көрсетіледі. Жер экспликациясы және ауыспалы егіс жобасы беріледі. Жер бедері шартты түрде ғана кескінделеді. Горизонтальдар салынбаған. Сондықтан бұзылған экожүйе картасын жасағанда шаруашылықта жерге орналастырудың жобасының негізінде жасауға рұқсат етілмейді, бірақ осы жобаның негізінде шаруашылықтың жалпы пайдалану бағыты мен тарихы туралы көптеген қосымша мағлұматтар алуға болады.

Ірі масштабты бүлінген экожүйені картаға түсіру үшін картографиялық негіз ретінде аэрофотосурет материалдары (контактілі фотосуреттер мен фотопландар), топографиялық карталар және жерге орналастыру жоспарлары кең қолданылады.

Картографиялық негіздердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Ең ыңғайлы түрі болып аэрофотосуреттер есептеледі. Басқа картографиялық негіздермен салыстырғанда артықшылығы:

- жер бедеріне сәйкес болып келеді, объектілерді анықтауға болады, дешифрлеуге ыңғайлы, жұмыс маршруттарын жоспарлауға болады, привязка жасауға ыңғайлы.

- аэрофотосуреттер арқылы жер бедерін оңай оқуға болады, мысалы мезорельеф, макрорельф тіпті микрорельеф элементтері.

Топографиялық карталар арқылы жер бедерінің элементтерін оқуға болғанымен субъективті қателер болуы мүмкін. Мысалы олардың ескілігі, қазіргі уақыт ситуациясымен сәйкес келмеуі, жалпылама көрсетілуі.

Бұзылған экожүйелер картасын жасау үшін барлық картографиялық негіздерді бірге қолданған жөн. олар бір-бірін толықтырып неғұрлым толық мәлімет береді.

Топокарта - жер бетін анық бейнелейтін ірі масштабты картаның түрі. Олар масштабы, анықтық деңгейі, пайдалану сипаты бойынша бөлінеді. Жергілікті географиялық объектілер нғұрлым толық бейнеленеді. Объектілер ерекше шартты белгілермен, ал жер бедері горизонталь сызықтармен бейнеленеді.

Топокарталарда дәл масштаб, шартты белгілер жүйесі, координаталар торы көрсетіледі. Белгіленген бағыт бойынша маршрут белгілеу үшін магниттік ауытқу, бұрмалану, меридиандар жақындауы, нағыз азимут, дирекциялық бұрышты білу керек.

Космостан түсірілген суреттер – космос кораблінен немесе жердің жасанды серігі спутниктерден түсірілген сурет. Жалпы (1:10000000-1:100000000) ұсақ (1:500000-1:2500000), орта (1:100000-1:300000) масштабты болып бөлінеді. Арнаулы фотожүйе арқылы түсіріледі. Топырақтың механикалық құрамын, қарашірінді мөлшерін, ылғалдылығын, эрозияға ұщрау дәрежесін анықтауға болады. Орта және ұсақ масштабты карта жасау үшін пайдаланылады. 80-100 км биіктіктен түрлі аппараттар арқылы суретке түсіріп, қажетті масштабқа дейін үлкейтуге болады.

Фотоплан – белгілі бір масштабқа келтіріліп, ситуациялар түсірілген өңделген фотоматериалдар.

Фотосхемаларды топокартаның орнына пайдалануға болады. Егер суреттердің қосымша комплектісі болса қолдан жасауға болады.

Құрастырылған суреттер (накидной монтаж) алынған репродукцияны кішірейтіп суретке түсіреді, далалық жағдайда бағдарламалау үшін қолданылады.



Бақылау сұрақтары:

- Аэрофотоплан қалай жасалады?

- Контактілі аэрофотосуреттер дегеніміз не?

- Аймақтың өсімдік жамылғысы туралы топокарталарда қандай мәліметтер көрсетіледі?




Тақырып: Бүлінген экожүйені картаға түсірудің негізгі этаптары.

Дәрістің мазмұны:

1. Дайындық кезеңі.

2. Далалық кезең.

3. Камеральды кезең.



Әдебиеттер: Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.
Бүлінген экожүйені картаға түсіру жұмыстары үш кезеңнен немесе этаптан тұрады:

- Дайындық;

- Далалық немесе зерттеу;

- Камеральды;

Зерттеу жұмыстарының нәтижелі болуы алдын ала дайындық жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға байланысты болады.

Далалық кезеңде бүлінген экожүйелер және оған шекаралас табиғи экожүйелер көрсетілген сапалы картографиялық негіз дайындау, топырақ-мелиоративті, геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Топографиялық жұмыстар күрделілік деңгейіне қарай 1:1000-1:5000 масштабта жүргізіледі. Горизонтальда қимасы 0,5 м болу керек.

Өте күрделі объектілерде зерттеу 1:500 масштабта орындалады.

Топографиялық жұмыстар қолданылыр жүрген нормативті құжаттар мен инструкцияларға сәйкес жасалады. Шартты белгілер «Условные знаки для топографических планов масштаба 1:5000, 1:2000, 1:1000, 1:500. ГУГК ССССР, 1989» сәйкес салынады.

Камеральды кезеңде жобалау жұмыстары, химиялық талдау жұмыстары жүргізіліп және қажетті жобалау-сметалық құжаттар толтырылады, картограммалар құрастырылып, түсіндірме жазба жазылады.

Бүлінген экожүйені картаға түсіру үшін экологиялық ақпараттар қажет. Экологиялық ақпараттар пайда болу көзі мен мазмұнына қарай түрліше болады. Олар официальды және официальды емес болып бөлінеді, сондай-ақ түрлі әдістерді қолданып зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынады. Мысалы дистанциялық зонд арқылы алынған мәліметтер, ластаушы заттардың сандық және сапалық сипаттамалары, қоршаған ортаға келіп түсетін ластаушы заттардың көлемі мен түсу жағдайы туралы статистикалық деректер, нақты есептелген ластаушылардың уақыт және кеңістік аралығында өзгеру динамикасы, халық денсаулығы, өсімдіктер мен жануарлар жай-күйі т.б.
1. Экологиялық картографияны пәнінің қоршаған ортаның басты проблемаларын шешудегі маңызы.

2. Экологиялық картография пәнінің қолданбалы маңызы.

3. Экологиялық карталардың жіктелуі.
Бүлінген экожүйелердегі экологиялық ситуациялар.
Экологиялық ситуация түрі нормативтік көрсеткіштер мен талаптарға сәйкес анықталады.

Экологиялық ситуация түрін көрсету бүлінген экожүйелер картасын жасауда негізгі құрандас бөлік болып саналады. Бұл проблеманың пайда болуы табиғи ортаның қасиеттері мен олардың салдарының бағытына байланысты. Ең күрделі экологиялық ситуация болып адам өмірі мен денсаулығына әсер ететін проблемалар саналады.

Экологиялық ситуациялардың 5 түрі бөлініп көрсетіледі:

- Қалыпты;

- Қанағаттанарлық;

- Шиеленіскен;

- Критикалық;

- Апатты немесе катастрофалық;


Қазақстан Республикасының «Экологиялық кодексіне» сай табиғат пайдаланушылар жерді пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескеруі қажет. Бүлінген жерлерді негізгі көлемін қалпына келтіру қажеттігі аса маңызды міндет екені атап көрсетілген. Қажетсіз шұңқырлар мен үйінділерді жою, құрылыс қоқыстарын жинау және жер учаскелерін абаттандыру бағытындағы жұмыстар жүргізіп, бүлінген жердің құнарлығын қалпына келтіру, топырақ құнарлығын қалпына келтіріп, жерді айналымға уақтылы енгізу қажет.

Табиғат пайдаланушылар жерді пайдалану кезінде: санитарлық-эпидемологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін өндіріс технологияларын қолдануы, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермеуі, қол жетімді озық технологияларды енгізуі қажет.
Бүлінген экожүйелердің пайда болуы
Жерді қорғау мақсатында жер учаскелерінің меншік иелері жер пайдаланушылар бүлінген жерлердің құнарлығын қалпына келтіру, топырақ құнарлығын қалпына келтіру жерді айналымға уақтылы енгізу, топырақтың құнарлы қабатын кейіннен жердің құнарлы қабатын қалпына келтіруді жүргізу кезінде пайдалану үшін алу мен сақтау жөніндегі іс шараларды жүргізуге міндетті екені атап өтілген.

Пайдалы қазбалар кен орындарынан өндіретін, уақытша пайдалануға ұсынылған жерлердің топырақ жамылғысының бұзылуына байланысты жұмыстар жүргізетін кәсіпорындар «Қазақстан Республикасының Экологиялық және Жер Кодексіне» сәйкес осы жерлерді пайдалану қажеттілігінен басқа өз есептерінен бұл жерді бұдан былай ауыл шаруашылығына және басқа да шаруашылыққа пайдалануға жарамды күйге келтіруге міндетті [3, 26].

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру шараларын негіздеу және жүргізу үшін алдымен олардың ауданын, динамикасын, әсер ететін факторларды, алқап түрін, қазіргі экологиялық жағдайын білу керек. Бұл үшін осы аймақты картаға түсіру жұмыстарын жүргізеді.

Адамның шаруашылық әрекеттерінің әсерінен аймақтың гидрологиялық режимі және жергілікті жердің бедері, топырақ жамылғысы бұзылса және ластанса немесе өсімдігі құрып кететін болса, мұндай жерлер бүлінген жерлер деп аталады. Пайдалы қазбаларды өндіру, соның ішінде ашық әдіспен өндіру, құбырлар қазу, жер жұмыстарын жүргізу елімізде бүлінген жер учаскесінің артуына әкеліп соғады. Адамның шаруашылық әрекеттерінің әсерінен (тау-кен өндірісі, мұнай-газ өнеркәсібі т.б.) табиғи ландшафтарының өзгеруі соның ішінде топырақ жамылғысының бұзылуы қоршаған ортаға үлкен залал әкелумен қатар жүреді.

Топырақ жамылғысы бүлінген барлық аумақты екі топқа бөледі:

- топырағы өндіріс қалдықтарынан тұратын және жер астында кен өндіруден құлаған жерлер (террикондар);

- ашық тау-кен өндіру жұмыстары барысындағы құлаған және жер астында өндіру жұмысы жұмысы барысындағы опырылған жерлер, топырақты ойып алу нәтижесінде зақымдалған территориялар.

Ашық әдіспен өндіргеннен кейінгі карьерлық өндіру әдісіне, пайдалы қазбалардың түріне және тереңдігі бойынша жергілікті жердің геологиясына байланысты бөлінеді. Жеке карьерлардың аумағы 2-3 мың гектарды алып жатады. Олардың тереңдігі 100-200 м-ге жетеді. Бүлінген жер учаскелері тікелей бұзылатын жерлердің ауданынан 10 еседен артық мөлшерде қоршаған аумаққа қолайсыз әсер етеді. Көптеген жағдайларда жұмыс істеп кеткен жер учаскелері құнсыз, пайдасыз игерілмейтін жерге айналады, ал оның беті индустриальды шөлді көзге елестетеді.

Мысалы Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық қаратопырақты ауданында топырағы өте құнарлы қара топырақтар (қарашіріктің қалыңдығы-1-1,5 м) және темір рудасының (барланған қорының 73 пайызы) қорына бай КМА (Курск магниттік анамалиясы) орналасқан. Осы жерлерді қазір ғаламат карьерлер алып жатыр. ХХ ғасырдың 80 жылдары 100-130 метр тереңдікте, ал ХХ ғасырдың аяғында тау-кен жұмыстарының тереңдігі 400-500 метрге дейін жүргізілетін жобалар жасалды. Курскі магниттік анамалиясы ауданының бұрынғы тегіс жазықты құнарлы топырақты жерлеріннің орнында биіктігі 40-60м тұратын кен ішіндегі пайдасыз жыныстық үйіндісінен тұратын таулар (террикондар) толып кетті.

Бүлінген топырақтар дегеніміз сумен шайылған, желмен ұшырылған топырақтар. Бұзылу тереңдігіне қарай олар аз (А жиегінің 1/3 бөлігі), орташа (1/2 бөлігі) және күшті (А жиегі түгел жоғалған) бүлінген топырақтарға бөледі. Бүлінген топырақтардың даму шегін эрозия (бұзылу) деңгейі немесе базисі деп атайды [11].

Бүлінген топырақтар қоршаған ортаға негативті әсер етеді. Топырақ бұзылуы барысында өсімдіктер жамылғысына да нұқсан келтіріліп, табиғи өсімдік жамылғысы жойылады. Екінші реттік антропогенді ландшафтар пайда болады. Топырақтың бұзылуы тың учаскелердің табиғи қалпы мен құрылымын бұзу салдарынан механикалық өзгереді. Бүлінген топырақтар құнарлығы төмендейді. Құрылыс немесе басқа да жер жұмыстары барысында топырақтың ауыр металлдар, зиянды заттар, мұнай өнімдерімен ластануы мүмкін.

Топырақ бұзылуын болдырмауға қарсы шаралар екіге бөлінеді: алдын алу және күресулік. Бірінші топқа топырақ қорғайтын егіншілік жүйесі, ал екінші топқа жолақты егістік, ағаш отырғызу және шөп егу жатады.

Бүлінген жер учаскелерін шаруашылық мақсатқа пайдалану үшін оны қалпына келтіру керек. «Табиғат қорғау. Жерді рекультивациялау. Терминдер мен анықтамалар» 17.5.1.01-83 (СТ СЭВ 3848-82) Мемлекеттік стандартында бүлінген топырақтарға мынадай анықтама берілген: «Бүлінген топырақтар дегеніміз – бұзылуына байланысты алғашқы шаруашылық құндылығын жоғалтқан және қоршаған ортаға жағымсыз теріс ықпал әсер ету көзі болып есептелетін жерлер» [12].

«Жерді рекультивациялау, топырақтың құнарлы қабатын сылу, сақтау және орынды пайдалану туралы» негізгі ережелерді бекіту туралы 22.12.1995 жылы бұйрықта бұл анықтама: «Бүлінген топырақтар - өзінің шаруашылық құндылығын жоғалтқан немесе қоршаған ортаға топырақ жамылғысының, гидрологиялық режимінің бұзылуы салдарынан жағымсыз теріс ықпал әсер ету көзі болып есептелетін және өндірістік қызмет нәтижесінде техногендік рельеф пайда болуына әкелетін жерлер» деп толықтырылған [13].

Рекультивацияланған жерлердің сапасын жақсарту және түпкілікті биологиялық мелиорация жұмыстарын қолданып құнарлығын жақсарту шаралары жүргізілетін кезең мелиоративті кезең деп аталады [14].

Қазіргі уақытта экологиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты көкейкесті мәселелердін ішінде ең күрделі мәселе құнарлы топырақты сақтап қалу мен қорғау болып отыр. Топырақ - биосферасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатыңдықтан ғаламшардағы экологиялық жағдайды жақсарту негізгі өзекті мәселе. Сондықтан құнарлы топырақты қорғау мәселесі егін шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімділігін арттырудың ғана қамқорлыгы емес, сонымен бірге жер бетіндегі экологиялық ахуалдың тиімділігі, жөніндегі орынды мәселе.

Қазіргі таңда бүкіл әлемде топырақтың бұрынғыдан кері кетуі мен бұзылуы 100-150 есеге жетіп отыр.Топырақ зертеуші ғылымдардың зерттеуі бойынша бүкіл әлемде бір минуттың ішінде 15-25 гектар құнарлы топырақ қайтадан қалпына келмейтіндей бұзылады екен.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап индустрияның пайда болуына байланысты топырақ жабынының антропогендік бұзылуы қарқындай түсті. ХІХ ғасырдың ортасына дейін жыл сайын ауыл шаруашылығы жерлер ауданының жоғалу қарқыны орта есеппен 0,2 млн гектар болды (яғни минутына 0,4 гектар). Бірақ соңғы 50-80 жылдары бүкіл әлемде топырақтың құрып кетуі мен бұзылу темпі кенеттен артты. Жыртылу аркылы жер топырағының бұзылуы жыл сайын 10-15 млн гектар (бір минуттың ішінде 15-25 гектар жердін топырағы бұзылуда). Осыған орай, аграрлық сектордың қолданылып жүрген моделі (үлгісі) аграрлық өркендеу дәуірінде болған жағдайға қарағанда топырақ ресурстарын 40-70 есе пайдалануда. Қалпына келіп үлгермеген топырақты тоқтаусыз пайдаланудың нәтежесі ғаламға өте қолайсыз кері әсерін тигізіп, демографиялық фокторды қиындата түседі. Қазіргі уақытта бір адамға орта есеппен 0,3-0,4 гектар егістік жерден келеді,10-15 жылдан кейін - 0,20-0,25 гектардан, 20-30 жыл өткен соң тек қана 0,5-0,20 гектардан, ал онан арғы уакыттарда жер беті халқының қоректік ресурсының балансы бұзылуы мүмкін деген тұжырымдамаға келеміз. Топырақтың құнарлығы ондағы қарашірік мөлшерімен анықталады. Өйткені құнарсыз топырақтың келешекте біртіндеп, бүкіл әлемдік проблема болып отырған құмдану процесіне ұшырап отырғаны баршаға мәлім.

Топырақтың құнарсыздануының көптеген себептері бар. Оларға минералдық тыңайткыштарды шамадан тыс көп мөлшерде пайдалану, топырақтың механикалық эрозиясы, егістік айналымын сақтамау, органикалық тыңайтқыштарды мүлдем пайдаланбау т.с.с. жатады. Осы көпшілікке белгілі себептердің ең негізгісі минералды тыңайтқыштарды ғылыми негізсіз көп мөлшерде қолдану болып табылады. Өйткені, қазіргі агрожүйелерде топыраққа минералдық тыңайткыштарсыз жақсы өнім алу мүмкін емес. Соған байланысты минералдық тыңайтқыштар мен топырақты өнделгенде оның табиғи құнарына зиян келтірмей, яғни қарашірік деңгейін сақтап отыратын тыңайтқыштардың оптималдық мөлшерін қолдану өзекті мәселе.
Бақылау сұрақтары:

Бүлінген экожүйені картаға түсіруде негізгі объект болып бүлінген ландашафт немесе экожүйе саналады.

Бүлінген ауыл шаруашылық экожүйелерін картаға түсіру.

Бүлінген жайылымдық экожүйелерді картаға түсіру.

Бүлінген шабындық экожүйелерін картаға түсіру.

Транспорт тораптары, өнеркәсіп және қала ландшафтарын картаға түсіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет