Биология және экология кафедрасы 050608 Экология мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған


Тақырып: Антропогендік бүлінген экожүйелер топырақтарының классификациясы



бет5/6
Дата25.02.2016
өлшемі2.16 Mb.
#21671
1   2   3   4   5   6

Тақырып: Антропогендік бүлінген экожүйелер топырақтарының классификациясы

Дәрістің мазмұны:

1. Антропогенді бүлінген экожүйелер топырақтарын классификациялау тарихы.

2. Антропогенді бұзылған экожүйе топырақтарының диагностикалық белгілері.

3. Топырақты далалық зерттеу техникасы.



Әдебиеттер: Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.
Барлық техногенді бүлінген топырақтар Антропогенді топырақтар немесе Антропоземдер деп аталады. Абиотикалық қабат қалыңдығына қарай аз қуатты (31-60 см), орташа қуатты (61-100 см) және қуатты (100 см артық) топырақтарға бөлінеді. Гумус мөлшеріне қарай абиотикалық (гумус қабаты жоқ) және биотикалық (топырақ бетінде гумус қабаты болады) бүлінген топырақтарға бөлінеді. Бүлінген топырақтар түрге карбонаттар мөлшеріне қарай - карбонатты және карбонатсыз; тұздануына қарай - тұзданған және тұзданбаған; топырақ қабатының құрылымына қарай – қабатталған және біртекті бүлінген топырақтар; мәденилендірілу дәрежесіне қарай – игерілген немесе мәденилендірілген және игерілмеген немесе мәденилендірілмеген; рекультивация жұмыстары жүргізілуіне қарай рекультивация жүргізілген және жүргізілмеген болып бөлінеді.

Топырақтың шайылу дәрежесіне қарай аздап, орташа, өте күшті болып бөлінеді. Аздап шайылған топырақтарда А қабатының жартысынан аз бөлігі шайылған. Орташа шайылған топырақтардың А қабатының жартысына жуығы немесе түгелдей шайылған, В қабаты аздап жыртылған. Өте күшті шайылған топырақтардың өтпелі В қабаты да шайылған. Бүлінген топырақтарды тегістегенде эрозия байқалмайтындай еңістікте тегістеген жөн.

Бүлінген топырақтарға төселетін құнарлы қабат қоспасы бір немесе бірнеше топырақ түр өзгерістерінің араласуы әсерінен орташа қасиеттермен сипатталатын топырақ қоспасы.

Бүлінген топырақтардың тастану дәрежесі және қиыршық тастармен ластану дәрежесі топырақтың 30 см есепті қабаты бойынша анықталады. Егер 0-30 см қабатта тастар мен қиыршық тастар мөлшері 50 м3/га болса аз тастақты және елеулі мөлшерде игерілген топырақтарға жатады. Ал бұл көрсеткіштің 500м3/га артық болуы игерілмеген бүлінген топырақтарға тән.



Бақылау сұрақтары:

- Бүлінген экожүйелер топырақтарының ерекшеліктері?

- Бүлінген жерлердің топырақтарын диагностикалу принципі.

- Бүлінген экожүйе топырақтарын классификациялау принциптері.


Тақырып: Бүлінген экожүйені картаға түсіру үшін жұмыс маршруттарын жоспарлау.

Дәрістің мазмұны:

1. Аймақты рекогносцировкалау.

2. Жұмыс маршруттарын жоспарлау.

3. Топырақты далалық зерттеу техникасы.



Әдебиеттер: Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.
Бүлінген топырақтарды зерттеу үшін арнайы отрядтар, экспедиция жжарақталады. Олардың құрамын алдын ала қажетті кадрлармен және қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтайды. Құрамында басқа мамандардан басқа эколог болғаны жөн.

Дайындық кезеңде зерттеу мақсаты мен міндеттері анықталып, жұмыс көлемі және жоспары жасалады, картаға түсірудің масштабы анықталады.

Бүлінген топырақты зерттеу масштабы шаруашылықтың мамандануына, жерді пайдалану интенсивтігі мен сипатына және топырақ жамылғысының үрделігіне байланысты.

Топырақ жамылғысының күрделігіне қарай 5 категорияны бөліп көрсетеді.


Тақырып: Батыс Қазақстан облысының бүлінген топырақтары.

Дәрістің мазмұны:

1. Батыс Қазақстан облысында бүлінген экожүйелері пайда болуына әсер ететін факторлар.

2. Батыс Қазақстан облысында бүлінген экожүйелердің пайда болуының динамикасы.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.

Природно-ресурсный потенциал и проектируемые обьекты заповедного фонда Западно-Казахстанской области. – Орал, 1998 г. -176 бет.
Батыс Қазақстан облысында бүлінген жерлерді инвентаризациялау (есепке алу) жұмыстары 1990 жылдардан бастап қана белсенді жүрді.

Батыс Қазақстан облысында бүлінген топырақтар Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мен қалалы аймақтарда, елді мекендерде, құрылыс, жол салу объектілерінде кездеседі. бүлінген жерлер ауданының күрт артуы 1984-2000 жылдары Қарашығанақ мұнай-газ конденсатын игеру барысында күрт артты. бүлінген топырақтарды инвентаризациялау мәліметтері бүлінген топырақтарды рекультивациялауда жобадан ауытқушылық фактілері және рекультивация жұмыстары дұрыс жүргізілмегендігі анықталды.

Батыс Қазақстан облысында бүлінген жерлер және рекультивацияланған жерлер ауданы туралы мәліметтер төмендегі кестеде берілген (Кесте 1).
Кесте 1 – Батыс Қазақстан облысында бүлінген жерлер және рекультивацияланған жерлер ауданының (га) жылдар бойынша динамикасы


Жыл

Жыл басында бүлінген жерлер ауданы, га

Есепті кезеңде бүлінген жерлер ауданы, га

Есепті кезеңде рекультивция-ланған жерлер ауданы, га.

Жыл соңыңда бүлінген жерлер ауданы, га

1996

1359

140

87

2026

1997

2026

140

1216

937

1998

937

706

38,3

956

1999

956

826

187

1004

2000

1004

840

319,9

1979,6

2008

3903

3265

1244

7696

Антропогенді бүлінген жерлерде топырақ құнарлығын қалпына келтіру, рекультивация жұмыстарының техникалық және биологиялық этаптарын кешенді жүргізу керек. Егер табиғат қорғаудың және бүлінген жерлерді рекультивациялаудың шаралары орындалып, әрі сақталатын болса антропогенді бүлінген жер бөлігін қалпына келтіру жұмысында қоршаған ортаға зиян байқалмайды, топырақ құнарлығының біртіндеп қалпына келу процесі байқалады.



6. СЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ

7. Пәнді оқып үйренуге арналған әдістемелік нұсқаулар
7.1 Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

«Бүлінген экожүйені картаға түсіру» пәні бойынша практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтар жоспарланбаған.


7.2 СОӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ тақырыптары, мақсаты дәріс, зертханалық жұмыс тақырыптарына сәйкес келуі немесе жаңа тақырып болуы мүмкін. Сабақ 2 бөлімнен тұрады: СӨЖ-ді орындау бойынша кеңес және өзіндік жұмысты орындау бойынша есеп беруден тұрады.

Осы курс бойынша аптасына 2 СӨОЖ қарастырылған. Бұл жұмыс кеңестік және бақылау функцияларын атқарады. СҚОЖ кезінде студенттер оқытушыға өзіндік жұмысты орындау барысында пайда болған қиыншылықтар және сұрақтар бойынша жолығуларына болады. Бұндай мәселелер болмаған жағадайда, СӨОЖ-ге берілген уақыт өткен материалдар бойынша есеп беруіне және өзіндік жұмыстарды орындап тапсыруын пайдаланылады.


1 СМЖӨЖ:

1. Урбанизация дегеніміз не?

2. Бүлінген экожүйені картаға түсіру және экологиялық картография пәні.
2 СМЖӨЖ: Бүлінген экожүйені картаға түсіру үшін қолданылатын картографиялық негіздер.

1. Шаруашылықта жерге орналастырудың жобасында берілген аймақтың экологиялық сипаттамасы.


3 СМЖӨЖ:

1. «Бұзылған экожүйелерді зерттеу этаптары» схемасына талдау жасау.

3 СӨЖ:

1. «Бұзылған экожүйелерді зерттеу этаптары» схемасын сызу



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


4 СМЖӨЖ: Шаруашылықта жерге орналастырудың жобасын оқып үйрену.

1. Шаруашылықта жерге орналастырудың жобасында берілген аймақтың экологиялық сипаттамасы.

2. Жеке тапсырмамен жұмыс.
5 СМЖӨЖ:

Топокарталардың масштабын анықтау.


6 СМЖӨЖ: Топографиялық карталарды оқып үйрену.

1. Топокартада берілген аймақтың экологиялық сипаттамасы.

2. Топокарта бойынша елді мекендердің ара қашықтығын анықтау.

3. Жеке тапсырмамен жұмыс.


7 СМЖӨЖ: Топокарта бойынша макро және мезорельефтің сипаттамасы.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.

8 СМЖӨЖ: Топографиялық карталарды оқып үйрену.

1. Топокарта бойынша аймақты гидрографиялық торына сипаттама беру. Картада кескінделген ең үлкен өзен аңғарының элементтеріне сипаттама жазу: арна, жайылма, терраса. Жайылманың морфологиялық элементтері: орталық жайылма, арна маңы жайылмасы, терраса маңы жайылмасы.

2. Жеке тапсырмамен жұмыс.
9 СМЖӨЖ: Топырақ шұңқырларының түрлері.

9 СӨЖ: Горизонталь түрлерімен танысу:



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


10 СМЖӨЖ: Топографиялық карталарды оқып үйрену.

1. Топокарта бойынша аймақты эрозиялық тілімделу дәрежесіне жіктеу.

2. Жеке тапсырмамен жұмыс.
11 СМЖӨЖ: Аэрофотоматериалдар бойынша макро және мезорельефтің сипаттамасы.

7 СӨЖ: Топокартада берілген аймақты спутниктен түсірілген сурет арқылы қарап салыстырмалы сипаттама беріңіз.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


12 СМЖӨЖ: Аэрофотоматериалдарды оқып үйрену.

1. Аэрофотосурет бойынша аймақтың жер бедеріне сипаттама беру. Горизонтальды және эрозиялық тілімделу коэффициентін анықтау.

2. Жеке тапсырмамен жұмыс: аэрофотосуреттер бойынша аймақтың экологиялық сипаттамасы.
13 СМЖӨЖ: Бүлінген экожүйені картаға түсірудің қысқаша тарихы.

1. Аэрофотоматериалдарды топографиялық және ландшафтық дешифрлеуде қолданылатын дешифрлік белгілер?

2. Бүлінген экожүйені картаға түсіруде аэрофотоматериалдардың маңызы мен кемшіліктерін атаңыз.

3. Контактілі аэрофотосуреттер, фотоплан және фотосхема дегеніміз не?



Әдістемелік нұсқаулар:

АФС бойынша суретте кескінделген өсімдіктер жамылғысы мен ауыл шаруашылық алқаптарын анықтайды. 3-кестені толтыру қажет.


Кесте 3 – Аэрофотоматериалдарды дешифрлеу нәтижелері


№№

Объект немесе контур аты

Дешифрлеу белгілеру

Рельеф элементі

Өсімдік жамылғысы немесе ауыл шаруашылық алқаптары

Форма

Сурет және текстурасы

Тон

Мөлшері

Көлеңкесі

Шекара сипаты

1.

Қарасу (старица)

Орақ тәрізді, аздап иілген

Структурасыз

Қара

Ені 0,5 см, ұзындығы 3,0 см

Жоқ

Анық байқалады

Орталық жайылма

































АФС үстіне калька салып өзен аңғарын, беткейлерді, төбелерді, сайларды, ойыстарды белгілейді. Егр аймақ ландшафтық біркелкі болмаса, копмлекстік мөлшерін анықтайды. Ол үшін алдымен үш бағытта ұзындығы 3-5 см түзу сызық сызып лупа арқылы әрбір контур ұзындығын есептейді. Сөйтіп әрбір компоненттің проценттік үлес көрсеткіші анықталады.

Аэрофотоматериалдар бойынша аймақта кездесетін бұзылған экожүйелерді табыңыз: эрозияға ұшыраған жерлер, сортаңданған жерлер, батпақтанған жерлер.

Осы экожүйелерді картаға түсіру. Шартты белгілерін салу.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


14 СМЖӨЖ: Аэрофотоматериалдарды оқып үйрену.

1. Аэрофотосурет бойынша аймақты гидрографиялық торына сипаттама беру. Кескінделген ең үлкен өзен аңғарының элементтеріне сипаттама жазу: арна, жайылма, терраса. Жайылманың морфологиялық элементтері: орталық жайылма, арна маңы жайылмасы, терраса маңы жайылмасы.

2. Жеке тапсырмамен жұмыс.
15 СМЖӨЖ: Бұзылған экожүйені картаға түсірудің кезеңдері.

1. Тақырып бойынша конспект жазу.

2. Жеке тапсырмамен жұмыс.
16 СӨЖ: Күрделілік категориясы.

1. Күрделілік категориясын туралы конспект жазу.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


17 СМЖӨЖ: Бүлінген экожүйені картаға түсірудің қысқаша тарихы.

1 СӨЖ: Бүлінген экожүйелер анықтамасы және пайда болуы:

1. Бүлінген экожүйелер.

2. Бүлінген экожүйені жіктеу.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


18 СМЖӨЖ: Бұзылған экожүйені картаға түсірудің кезеңдері.

1. Рекогносцировка дегеніміз не?

2. Химиялық талдауға жіберілетін үлгілер ведомостін жасау.
1 СМЖӨЖ: Бүлінген экожүйені картаға түсірудің қысқаша тарихы.

1 СӨЖ: Бүлінген экожүйелер анықтамасы және пайда болуы:

1. Бүлінген экожүйелер.

2. Бүлінген экожүйені жіктеу.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


19 СМЖӨЖ: Топырақ шұңқырларының картаға түсірілу дәлдігін есептеу.

1. Топырақ шекараларының табиғатта анықтығы?

2. Бүлінген топырақтардың морфологиялық қасиеттерінің ведомостін жасау.
20: СМЖӨЖ: Картограмманы талдау:

1. Жалпы түсінік.

2. Атмосфералық ластануды биоиндикациялау.
21 СМЖӨЖ: Бүлінген экожүйені картаға түсірудің қысқаша тарихы.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


22 СМЖӨЖ: Бүлінген экожүйелердің топырақтары картасын жасаудың камеральды кезеңі.

1. Дала жұмыстарын тапсыру және қабылдау актісін жасау.

2. Камеральды кезеңде жүргізілетін жұмыстар жоспарын жасау. Наряд-тапсырма толтыру.
23 СМЖӨЖ: Бүлінген экожүйені картаға түсірудің қысқаша тарихы.

1. Бүлінген экожүйелер.

2. Бүлінген экожүйені жіктеу.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


24 СМЖӨЖ: Картограмманы талдау:
25 СМЖӨЖ: Эрозия түрлері. Эрозия базису туралы түсінік

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


26: СМЖӨЖ: Картограмманы талдау:

1. Жалпы түсінік.

2. Атмосфералық ластануды биоиндикациялау.

2: СӨЖ: Медициналық-статистикалық көрсеткіштерді пайдалану.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


27-30: СМЖӨЖ: Тақырып: Экологиялық картаға түсіруде көрсеткіштерді интеграциялау .

1. Элементарлы көрсеткіштер.

2. Уақыт көрсеткіштері.

3. Территориялық интеграция.

4. Территориялық және уақыт интеграция.

5. Ингредиент аралық интеграция.

6. Компонент аралық интеграция.

7. Фактор аралық интеграция.


Бақылау сұрақтары:

1. Ортаның бір компонентінің бір нүктедегі белгілі бір уақыт аралығында бір көрсеткіш бойынша жағдайын анықтайды?

2. Белгілі бір уақыт аралығында экологиялық жағдайды сипаттайтын көрсеткіштерді атаңыз.

3. Атмосфера ластануының кешенді индексі қандай көрсеткіштерге жатады?



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


8 Типтік есептеу, есеп-графикалық жұмыс, лабораториялық жұмыс, курстық жоба (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар

Курс бағдарламасы бойынша есеп-графикалық жұмыс, курстық жоба (жұмыс) қарастырылмаған.


8.1 Лабораториялық жұмыс орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар
Ұйымдастырушылық аспектіде қарастырылады:

- студенттердің зертханалық сабақтарға дайындығы;

- студенттердің сабаққа қатысуы;

- студенттердің тәртібі.


Қолданылатын әдістер: Сабақ барысында материалдар қаншалықты меңгерілгендігі және ұсынылған оқулықтар қолданылуына байланысты студенттің жауабы бағаланады. Оқытушы сабақ соңында сабаққа жалпы баға береді, сонымен қатар студенттердің жауаптарына да баға береді.

Кең түрде әңгімелесу. теориялық материалдарға негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кесте қолдану, оларға талдау жасай білу. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.

Өрбіген әңгіме. Белсенді өрбіген әңгімені ұйымдастыру, яғни дәріс материалдарына, студенттердің өзіндік жұмысына негізделуі тиіс. Жаппай сұрауды қолдану.

Хабарлама, баяндамалар жүйесі. Сабақтың құрылу жолы студенттердің баяндамасын тыңдау және баяндамашыға топ стденттерінің сұрақ қоюы, баяндама мазмұнын талдау және талқылау.

Жазбаша бақылау жұмысы. Жаппай жазбаша сұрау дәріс материалдарына, зертханалық сабақ, өз бетімен жұмыс сұрақтарына, материалдарды өз алдына талдауға негізделеді.

Тереңдетілген сұрақ: теориялық, практикалық материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.


1 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырып: Бүлінген экожүйені картаға түсіру үшін қолданылатын картографиялық негіздер түрлері. Шаруашылықта жерге орналастырудың жобасы немесе контурлы жоспары.

Зертханалық сабақ мазмұны:

1. Шаруашылықта жерге орналастырудың жобасы туралы түсінік.

2. Карта масштабымен, картографиялық мәліметтермен және кескінделген шартты белгілермен танысу.

3. Шаруашылықта жерге орналастырудың жобасыда берілген рама сыртындағы мәліметтермен танысыңыз.

4. Шаруашылықтың ауданын есептеңіз.

5. Экологиялық ситуацияны сипаттаңыз.



Қажетті құралдар: Масштабы 1:50000, 1:25000, 1:10000 шаруашылықта жерге орналастырудың жобасы, циркуль, транспортир, карандаш, сызғыш.

Бақылау сұрақтары:

1. Шаруашылықта жерге орналастырудың жобасы бойынша неліктен карта жасауға болмайды?

2. Жерге орналастыру жоспары бойынша бүлінген экожүйені картаға түсіргенде қандай мәліметтер алынады?

Әдістемелік нұсқаулар: Суреттер қарындашпен сызылуы тиіс. Әрбір тапсырма бойынша талдау жасалады.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


2 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырып: Шаруашылықта жерге орналастырудың жобасын оқып үйрену.

Зертханалық сабақ мазмұны:

1. Бұзылған экожүйелерге сипаттама беру.

2. Шабындықтар мен жайылымдарда кездесетін бұзылған экожүйе түрлерін анықтау.

3. Бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруге экологиялық негіздеме жасау.

4. Эрозияға ұшыраған, батпақтанған, қайталама тұзданған, сортаңданған учаскелерді табыңыз, ауданын есептеңіз.

5. Орман алқабы мен жолақтарының ауданын есептеңіз. Шаруашылық жерінің қанша процентін алып жатыр? Орман жолақтары экожүйесінің экологиялық маңызын жазу.

6. Шаруашылықтың жер экспликациясын жасап, сипаттама беріңіз.

Қажетті құралдар: Масштабы 1:50000, 1:25000, 1:10000 шаруашылықта жерге орналастырудың жобасы, циркуль, транспортир, карандаш, сызғыш.

Бақылау сұрақтары:

1. Шабындықтар мен жайылымдарда қандай бұзылған экожүйе түрлері кездеседі?

2. Жайылымда бұзылған экожүйелердің пайда болу себептері?

3. Шабындықтарда бұзылған экожүйелердің пайда болу себептері?



Әдістемелік нұсқаулар: Суреттер қарындашпен сызылуы тиіс. Әрбір тапсырма бойынша талдау жасалады.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


3 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырып: Топографиялық карталарды оқып үйрену.

Зертханалық сабақ мазмұны:

1. Топографиялық карталар (топокарта) туралы түсінік.

2. Топокартаның шартты белгілермен танысу.

3. Топокартаның рамадан тыс безендірілуіне сипаттама беру.

4. Топокартада кескінделген ситуацияны сипаттау.

5. Планшет ауданын анықтау (гектармен және кв.км).

6. Горизонталь түрлерімен танысу.

7. Топокарта бойынша аймақтың жер бедерін, өсімдіктерін, ауыл шаруашылық алқаптарының экологиялық жай-күйін сипаттау.



Қажетті құралдар: Масштабы 1:25000, 1:10000 топографиялық карталар, циркуль, транспортир, карандаш, сызғыш.

Бақылау сұрақтары:

1. Топокарта түрлерін атаңыз.

2. Бүлінген экожүйені картаға түсіруде топокарталардың маңызы мен кемшіліктерін атаңыз.

3. Топокартада өсімдіктер қандай шартты белгілермен көрсетіледі?



Әдістемелік нұсқаулар: Суреттер қарындашпен сызылуы тиіс. Әрбір тапсырма бойынша талдау жасалады.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


4 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырып: Топографиялық карталарды оқып үйрену.

Зертханалық сабақ мазмұны:

1. Беткейлердің көлбеулігін анықтау.

2. Оқытушының тапсырмасы бойынша А- В бағытында жер бедерінің профилін сызу.

3. Топокартада кескінделген аймақтың ең биік және ең төмен биіктіктерін табыңыз. Оқытушының тапсырмасы бойынша біреше нүктенің биіктігін анықтаңыз. Беткейлердің экспозициясы мен көлбеулігін есептеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет