Биология кафедрасы



бет7/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.59 Mb.
#133662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Есту гигиенасы. Есту талдағышының қызметіне қажетті тиімді жағдайларды есту гигиенасы зерттейді. Адам организміне әсер етуші шудың ықпалын азайтып, есту қабілетін ұзақ мерзім жоғары дәрежеде сақтап қалу үшін бала кезден бастап есту гигиенасының талаптарын дұрыс орындап отыру керек) Айқай-шу есту талдағышына 2 түрлі әсер етеді: құлақтың дыбыс өткізуші мүшелерінің қызметін бұзады және орталық жүйке жүйесіндегі есту орталықтарының қызметін нашарлатады. Қатты айқай, айталық 90 децибел шамасындағы, есту қабілетіне ғана есер етіп қоймай, ас қорыту, жүрек-қан-тамырлар жүйелерінің ішкі секрециялық бездердің қызметін бұзады, жалпы жүйке жүйесін тоздырады. 4-5 жыл бойы 120 децибел шуда еңбек еткен адамның жүйке жүйесінде кемшіліктер пайда болады:

Ұйқысы бұзылады, басы ауырады, ішкі секреция бездерінің қызметі нашарлап, зат алмасуы әлсірейді, тез қозғыш, ашуланшақ болады, қанның қысымы артады, есту қабілеті төмендеп, мамандығына байланысты кереңдік пайда болады. Мысалы, тракторшының басы ауырып, дыбыс нервтерінің қабынуы пайда болады. Тіпті 6 сағат бойы 90 децибелдік шуда болғанның өзінде есту қабілеті шүғыл төмендейді (90 децибелдік шу — көлік ағылып жатқан көшенің шуына барабар).

Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі айқай-шудың мөлшері - 40-100 децибел, ал мектеп бөлмелеріндегі айқай-шу одан артығырақ болады. Ер балалардың шеберханасындағы шудың шамасы 60-110 децибел, сынып бөлмесінде - 40-90 децибел. 40 децибел шамасындағы шу балаларға зақым келтірмейді. 50 децибелден асқанда балалардың еңбек қабілеті төмендейді. Әсіресе 60 децибеддегі шу оқушылардың зейінін төмендетіп, еңбек қабілетін нашарлатады. Осыған байланысты баланың еңбек шеберханасында шулы жұмыспен көп шұғылданбағаны жөн.

Есту кемшіліктерінің алдын алу үшін дыбыс гигиенасының талаптарын орындау қажет. Әсіресе мектепте гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы зор. Мектептегі шуды азайту үшін оның ауласының көше жақ бетіндегі жерді қорғаныс аймағына айналдырып, оған 5 қатар ағаштар мен бұталар отырғызады. Жапырақты биік ағаштар мен бұталар сыныпқа көшеден келетін шудың мөлшерін 1,5-2 есе азайтад.Қауіпсіздік аймағының ені 6 метрден, мектеп үйінің көлік жолынан қашықтығы 25 метрден кем болмауы тиіс. Гигиеналық талапқа сай сынып кабинеттерінің есігі тығыз жабылса, болмеге кіретін шудың мөлшері 5-7 децибелге азаяды.

Есту қабілеті төмен оқушыларды алдыңғы қатардағы парталарға отырғызған жөн. Мектеп үйінің шулы бөлмелерін, айталық спорт залы, шеберханалар негізгі оқу бөлмелерінен бөлек әрі алыс орналастырылады. Олардың қабырғасын қалың, есігін шу шығармайтындай етіп орнату керек. Балалар жұмыс істеп жатқан шеберханаларда, шулы жерлерде әр 30-50 минут сайын 10-15 минутке созылатын үзіліс жасау керек.

6-7 жаста мектепке барар алдында емханаларда баланың есту қабілетін тексереді, балалар бақшасына баратын балаларды мектеп алдындағы тексеру кезінде балалар бақшасының комиссиясы тексереді. Содан кейін 4-5-ші, 7-ші, 8-ші, 9-шы сыныптарда баланың дыбыс есту қабілетін бала дәрігері анықтап отырғаны жөн.

Баланың есту қабілетін сақтауда мүғалімнің сөйлеу ерекшеліктерінің әсері күшті. Сондықтан мұғалім, әсіресе бастауыш сыныптарда асықпай, ақырын, мәнерлеп сөйлегені дұрыс. Мұғалімнің әр сөзі анық болуы керек. Бастауыш сыныптарда мұғалімнің сөзі көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың есту қабілетін жеңілдетеді. Ұзақ уақыт ақырын, біркелкі дауыспен сөйлегенде баланың есту орталығы тез шаршап, қызмет қабілеті төмендейді, қорғаныс тежелуі пайда болады.

Бастауыш сыныптағы оқушылардың есту қабілетіне ұзақ уақыт қатты дауысты теледидар, музыка аспаптарының дыбыстары күшті әсер етеді. Кішкентай балаларға құлаққа киіп тыңдайтын аспапты пайдалануға болмайды. Дыбыс есту қабілеті жарықтың әсерінен күшейеді, сондықтан музыкалық әуендердің дыбыстарын күшейте түсу үшін, оны жақсы қабылдау үшін ойын-сауық орындарында, концерт залдарында түсті жарықты кеңінен қолданады. Мұнымен қатар қатты дауыстағы музыка адамның жүйке жүйесіне, әсіресе көңіл күйінің қалпына күшті әсер етеді. Сондықтан музыка аспаптарының дыбысын тым қатты қойып, үзақ тыңдауға болмайды. Музыканы қатты қойып тындаумен әуестенген жастардың ішіңде, әсіресе 1-15 жастағы кереңдер саны көбеюде. Қатты дауысты музыканы тындау мөлшері 7-10 жаста — жарты сағаттай, 11-16 жаста 1-1,5 сағат, 17-20 жаста 1,5-2 сағаттан аспауы тиіс. Музыка аспаптарының қатты дауыстары кейбір мамандықтар үшін аса зиянды. Айталық, көлік жүргізушілер ұйықтап қалмас үшін музыка ойнатады, бірақ оның шуы 40-60 децибелден аспауы тиіс. Егер жүргізуші музыка шуын 90 децибелден асырып (бұл - жастарда жиі байқалатын жағдай), 1-2 сағат тындаса, онда шаршау белгісі пайда бола бастайды және, ең қауіптісі, жол оқиғаларына деген жауап реакциясы нашарлайды да, жол апаттарына себеп болады. Сонымен қатар, көліктегі музыка дыбысы кала көшелеріндегі жалпы шудың мөлшерін күшейтеді.

Вестибулярлық немесе дененің кеңістіктегі орнын анықтайтын және тепе-тендік сақтайтын талдағыштың жас ерекшелігі Вестибулярлық талдағыш. Адам кеңістіктегі өзінің орнын көз арқылы анықтайды. Адамның кеңістіктегі орнын арнайы құрылым - вестибулярлық талдағыш анықтайды. Сондықтан көзі көрмей қалған адам үйреніп алғаннан кейін кеңістіктегі өз орнын анықтап, дене тепе-тендігін сақтайды,

Вестибулярлық талдағыштың шеткі, яғни с е з г і ш бөліміне ішкі құлақтағы жартылай айналмалы 3 каналдар мен солардың табалдырығындағы о т о л и т жатады) Жартылай айналмалы каналдардың табалдырығының іші эңдолимфа сұйығына толы. Бұл сұйықта отолит немесе статолит деп аталатын кальцийдің фосфор қышқылды тұздарынан тұратын құрылым бар. Табалдырықты лабиринт деп те атайды. Лабиринттің бір-біріне перпендикуляр орналасқан 3 жарты ай тәрізді каналдарының бір ұштары кеңейіп ампулаға айналған. Олардың ішінде орақ іспетті сүйекті құрылым бар. Бұл құрылымға жарғақты лабиринт жалғасады. Онда екі ұштарында 10-15 шақты ұзын түктері бар сезгіш және тірек клеткалары болады. Тірек клеткалары бір-біріне киіз тәрізді жабысқан талшықтарды түзеді. Бұл талшықтарға түкті клеткаларға жалғасқан отолит сүйекшелері байланысады.

Орақшаның түкті клеткалары мен отолит қапшықтары ішкі құлақтың түкпірінде орналасқан вестибулярлық Скарп түйінімен байланысқан биполярлы нейрондардың талшықтарымен жалғасады. Бұл нейрондардын аксондары вестибулярлық нейронды құрап ұлу нервімен бірге дыбыс нервіне айналады. Дыбыс нерві ішкі құлақтан шығып, сопақша миға барады. Сопақша мида вестибулярлық нерв қайтадан ұлу және вестибулярлық нервтерге бөлінеді. Сопақша мида вестибулярлық нерв жоғарғы және төменгі талшықтарға жіктеледі. Бұл талшықтар сопақша мидағы вестибулярлық ядроларда аяқталады. Вестибулярлық ядролар талшықтар арқылы мишықпен, сопақша ми мен ортаңғы мидың вегетатаивтік орталықтарымен, ортаңғы мидан шығатын III және 4 қозғаушы нервтермен, жұлын және ми шарларының самай бөлігімен байланысады.

Дененің кеңістіктегі орнын анықтау бастың қимылына байланысты. Бас қозғалғанда эндолимфа сұйығы жылжиды. Онда қалқыған отолиттер қозғалады да, жартылай айналмалы каналдардың сезгіш түкті клеткаларын тітіркендіреді. Сондықтан орталыққа тебетін жүйке импульстері пайда болып, вестибулярлық нерв арқылы сопақша миға, сосын мишық пен ортаңғы және аралық миға барады. Содан кейін ғана ми қыртысының самай болігіндегі вестибулярлық орталыққа жетеді. Жартылай айналмалы каналдар қимылдың басыңда және соңында тітіркенеді, яғни олар негізінен қимылдың қозғалысын үйлестіреді. Бас қозғалғанда пайда болған жүйке импульстері рефлекторлы түрде бұрылыс жағындағы мойын еттерін ширықтырады. Отолиттердің қысымы рефлекторлы түрде мойынның, аяқ-қолдың, тұлғаның бүгу еттерінің тонусын күшейтеді, жазылдырғыш еттердің тонусын, керісінше, босатады. Отолит қапшықтарының ішіндегі отолиттері дененің еңкеюін, оңға және солға бұрылуын, шалқаюын реттейді. Олар тітіркенген жақтағы еттердің тонусын күшейтіп, кері жағының еттерінің тонусын төмендетеді.

Сондықтан қаңқа еттерінің ширығып, босауын вестибулярлық аппараттан орталыққа тепкіш жүйке арқылы келіп түратын импульстер реттейді.

Вестибулярлық аппарат өте сезімтал болған жағдайда ұзақ қозғалыс кезінде, әсіресе шайқалмалы қозғалыста (мысалы, ұшақпен ұшқаңца, кемеде жүзгенде, жүріп келе жатқан машинада отырғанда) "теңіз ауруының" белгілері пайда болады: бас ауырып, жүрек қобалжиды, пульс жиіленеді, қан тамырлары өзгереді, қанның қысымы артады, тер шығады, ішек-қарынның қозғалысы үдеп, адам құсады, яғни түрлі вегетативтік рефлекстер туады. Вестибулярлық аппаратқа өте күшті және ұзақ жүктемелер - "теңіз ауруы", ғарыштық дағдарыс т. б. - әсер еткен кезде қозғалыс үйлесімділігі төмендейдь, Арнайы жаттығулар арқылы тепе-теңдік рефлекстерінің түрақтылығын нығайтуға болады. Ғарышкерлерді дайындауда мұндай жаттығулардың маңызы зор. Жаттығуды алдымен аз шапшаңдықтан бастайды, содан соң жылдамдықты үдетеді. Әуелі көлденең тербеліс бағытында, кейіннен жоғары-төмен тербеліс бағытында жаттықтырылады. Бастапқы кезде бас айналып, лоқсу, қүсу т. б. жағымсыз сезімдер пайда болады, бірақ бірнеше жаттығудан кейін организм бейімделіп, вестибулярлық аппараттың сезімталдығы төмендеп, болашақ ғарышкер тербеліске үйренеді. Ғарыштық салмақсыздық отолиттік қабылдағыштың қасиетін өзгертеді. Оның қызметі алғашқы 2-3 тәулікте тым төмендеп кетеді де, содан кейін жоғарылай бастайды. Бесінші тәулікте қабылдағыштың қызметі бұрынғы, яғни жердегі қалыпқа сәйкестенеді.

Дененің кеңістіктегі орынын анықтау мен тепе-тендік сақтауда, қимылды үйлестіруде бұлшық еттерден, буындар мен сіңірлерден, яғни олардың проприорецепторларынан үнемі келіп тұратын кері байланыс импульстерінің маңызы өте зор. Бұған терінің тактильді рецепторларынан келіп тұратын импульстері де қатысады. Адамның проприорецепторлары құрылысының күрделілігі жағынан төртінші орын алады. Қаңқа еттерінің жүйкелеріңде проприорецепторлық импульстерді өткізетін талшықтар барлық орталыққа тепкіш талшықтардың 30-50 %. Бұл рецепторлар жаттықтыруға көнбейді, олардың бейімделу қасиеті де жоқ. Соңдықтан еттер мен буындардың сөл өзгерістері оларда қозуды тудырады, яғни проприорецептролар әрқашан да қозуға дайын түрады. Бұл қасиеттерге байланысты адамның позасы сақталып, жердің тартылыс күшіне қарсы түру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Бүған қоса, проприорецепторлардың тітіркенуі арқылы бүлшық еттердің жиырылуының тонусы мен дененің кеңістікте қозғалуының рефлекторлы түрде өзін-өзі реттеуі іске асады. Проприорецепторлардың тітіркенуі рефлекторлы түрде вегетативтік қызметтерді тудырады. Бүл функциялар қимылдың түріне, маңызына, сипатына байланысты.

Проприорецепторларға қоса теріден, оның тактильді рецепторларынан импульстер келіп түрады. Олардың бір-бірі-мен байланысын кинестезия деп атайды. Кинестезия қимьглдың үйлесімділігін реттейді, кеңістікті бағдарлап, көру сезімдерімен қоса, заттың қашықтығын аңғартады.

Проприорецепторлардың тітіркенуі жоғары жүйке өрекетіне өсер етеді: шартты қимыл рефлекстерінің жасырын уақыты өзгереді. Мысалы, дененің бір қалыптан екінші қалыпқа ауысуы, айталық, отырған адам түрған кезде, қолдың шартты қимыл рефлексінің уақытын азайтады, ал өз еркімен тынысты тоқтату арқылы қимыл рефлексінің уақытын қысқартуға болады. Сонымен, дененің кеңістікте орын алуы мен қозғалуында вестибулярлық аппаратқа қоса проприорецепторлар мен тактильді рецепторлар маңызды орын алады.

Вестибулярлык талдағыштың қызметінің жас ерекшеліктері. Адамның вестибулярлық аппараты туғаннан бастап қызмет атқарады. Жаңа туған нәрестенің жартылай айналмалы каналдары, әсіресе бүйір жақ шетіндегі каналы жақсы қалыптасқан. Ол тік және еркін орналасқан жоғарғы каналмен үлкен бұрыш жасайды. Ересек адамда бұл канал тік күйіңце қалғанымен, сәл қиғаштау орналасады. Оның артқы жағына таман орналасқан пирамиданың бетінде терең шұңқыр көрініп тұрады. Ол арқылы қан тамырлары өтеді. 3-5 жастан кейін ол ұзын өзекше пішінді болады, 8-10 жаста тар жылғашаға айналады. Жаңа туған сәбидің ұлу тәрізді сүйекшесінің күмбезі жалпақтау жөне жоғарырақ орналасқан. Оның жалпы көлемі баланың жасы үлғая келе кішірейіп, 3-5 жаста ересек адамдікіндей болады.

Жаңа туған сәбидің отолит сүйекшелері мен отолит жіпшелері нәзік шеміршектен тұрады.

1 мен 3 жастың арасыңда олардың тығыздығы төмен болады да, 5-7 жаста тығыздығы артады Жаңа туған нәресте тербелісті жақсы сезеді, тіпті 1 айдан кейін тербелістің бағытын да сезе алады. Тербеліс сезімталдығы өте жоғары болады. Бір жасқа дейінгі нәрестелерді орнынан қозғағанда, жастығын жөндегенде, оны оқыс көтеріп және түсіргенде ол екі қолын екі жаққа созып, саусақтарын ербеңдетіп, тынысын ішіне тартады.

Бесікке жатқызу, тербету сияқты әрекеттерге байланысты "бесік" шартты рефлекстері 12-16 күнде-ақ пайда болады. Бүл рефлекстері осы әрекеттерге дайындық кезінде қолдарын екі жаққа созуы мен саусақтарын ербеңдету қимылдары, содан соң қолы мен саусақтарын бұрынғы қалпына келтіруі, тынысын ішіне тартуы арқылы байқалады. Тепе-теңцік рефлекстері баланы аспа бесікке салып, жоғары-төмен тербеткенде жақсы байқалады. Бұл рефлекс 2-3 айлығында айқындалады.

Баланың вестибулярлық рефлекстері 6-7 жаста жылдам пайда болады. Олардың рефлексінің пайда болуына әсер ету ұзақтығы жасына байланысты: 6-7 жаста 7,3 м/сек, 10-15 жаста 11 м/сек, 15-20 жаста 16 м/сек.

Баланың жасы осе келе, вестибулярлық аппараттың сезімталдығы төмендейді. Оған қоса, жаттықтыру арқылы оның сезгіштігін азайтуға болады.

Кеңістікте қозғалудың үйлесуі негізінен балалық шақта қалыптасады. Оның қалыптасуы коптеген мүшелер жүйелерінің дамуына байланысты, соңдықтан кеңістіктегі орынын анықтау және тепе-теңдігін сақтау қабілеттері баланың өмірден алған тәжірибесіне, шартты рефлекстерінің пайда болуына, жүйке жүйесінің дамуына байланысты.



Тері, дәм және иіс сезімдері туралы жалпы түсініктеме. Дене сезімі бірнеше сезімнің жиынтығы, оның ішкі жене сыртқы мүшелері қабылдаған мәліметтер әртүрлі сезім тудырады, бірақ дененің қалыпты жағдайын немесе оның өзгерісін білдіретін тікелей мәліметтер әуелі терідегі рецепторлар арқылы қабылданады. Бұлар сыртқы ортаның денеге тікелей әсерін білдіреді. Тері рецепторларының жалпы аумағы өте үлкен: 1,5-2 м2. Мүңда жанасу, қысым, ыстық-суықты сезу жене ауырсыну рецепторлары бар. Олар терінің әртүрлі қабатында және әр жерінде орналасқан. Көбі саусақтың ұшында, алақанда, табанда, ерінде, бетте, қол-аяқтарда, жыныс мүшелерінің терісінде болады.

Құрамы жағынан рецепторлар әртүрлі: үлкенді-кішілі, жалпақ, сауытша терізді, жіпше, түкті болып келеді. Негізгі түрлері - ұсақ жіңішке жүйке талшықтарының жалаңқай ұшы.Бұл нерв ұштары тері түктерінің әсерімен жанасуы сәтінде қозады да, мәліметті қабылдап, орталық жүйке жүйесіне жіберіп тұрады.

Тері рецепторларының сан мөлшері де әртурлі: жанасу рецепторлары 500000, жылуды сезу рецепторлары 30000, суықты сезу — 250 000 шамасында, ауырсыну (ауру сезу) бәрінен де көп және дененің барлық жерінде болатын әртүрлі рецепторларца тітіркендіргіштің күшті әсерінен ауырсыну сезімі туа береді.

Бақылау сұрақтар

1.Талдағыштар деген не, оларға қандай мүшелер жатады?



  1. Барлық талдағыштарға ортақ қаңдай бөлімдер бар?

  2. Талдағыштардың қаңдай ортақ қасиеттері бар?

  3. Көру талдағышының 3 бөліміне не жатады?

  4. Көздің қосымша аппараттарына нелер жатады, олардың жас ерекшеліктері қаңдай?

  5. Көздің жарық сыңдырғыш аппараттарына не жатады, олар баланың жасына сай қалай өзгереді?

7. Көздің торлы қабығының құрылысы мен ондағы
таяқша және сауытша клеткалардың қызметі қаңдай?

  1. Түсті және түссіз жарық қалай қабылданады?

  2. Көру гигиенасының талаптары қандай?

  3. Дыбыс есту таддағышының 3 бөлімін атап шығыңыз.




  1. Құлақтың жалпы құрылысы мен оның баланың жасына байланысты өзгеруі.

  2. Ішкі қүлақта қандай талдағыштардың қабылдағыш бөлімдері орналасқан?

  3. Адам дыбысты қалай қабылдайды және оның бағытын қалай анықтайды?

  1. Есту талдағышының гигиеналық талаптары қандай?

  1. Тепе-теңдік (вестибулярлық) талдағышының 3 бөлімі жөне олардың қызметінің жас ерекшеліктері қандай?

  2. Тері сезімдерінің қандай түрлері бар және жасқа байланысты олардың сезімталдығы қалай өзгереді?




  1. Дәм сезгіш рецепторлардың орналасуы мен қызметінің жас ерекшеліктері қандай?

  2. Иіс сезгіш рецепторлардың орналасуы мен қызметінің жас ерекшеліктері қандай?

  3. Түрлі түсті бояуды көру қағидасы.

  4. Көру талдағышының жас ерекшеліктері қандай.

21.Көз өткірлігі дегеніміз не.Ол қалай анықталады. Адамның жасына байланысты ол қалай өзгереді.

22.Көздің айқын көру нүктесі деген не

23.Тек алыстан немесе тек жақыннан керуі қабілеттері, астигматизм.

Тақырыбы: Лекция № 5

Тақырыбы: Жасөспірімдер эндокринологиясы.

Жоспары:

1.Ішкі секрециялық бездер. Гормондар.Гипоталамо – гипофизикалық жүйе, оның басқа ішкі секрециялық бездер қызметін реттеудегі ролі.

2.Қалқанша, бүйрек үсті, ұйқы, жыныс бездері, олардың организм дамуы,өсуі,жыныстық жетілуі процестеріндегі ролі.

3.Жыныстық жетілу стадиялары, соңғы жыныстық белгілердің дамуы. Жыныстық жетілудің физиологиялық әлеуметтік екендігі туралы.



Лекция мақсаты: Организмдегі барлық безсерді танып білу.

Лекция мәтіні:

1.Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық (лат. секреция — сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері (лат. секрет-без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі -сілекей )шемесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі - тер дененің сыртына шығады). Сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесе экзогендік (грек. экзо - сыртқы, сыртқа гея-тек, болмыс) бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал і ш к і секрециялық немесе эндокриндік (грек. эндон - ішкі + крино –бөліп шығару) бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады: Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын тигізеді.

Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон (грек. гормо - іске қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат жөне энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. 1980-2000 жылдары гормондардың молекулалық тетіктерде тұқым қуалау мәліметтерін тасуға және организмнің биологиялық ырғағын анықтауға қатысатыны дәлелденген. Сонымен, гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің қызметтерін реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі. Олардың көбі жақсы зерттелген және адамдарды емдеуге қолданылады.( Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, үйқы (қарын асты) безінің аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Қарын асты және жыныс бездері қос секрециялық бездерге жатады, себебі олар әрі сыртқы,әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады. Соңғы кездерде жартылай ішкі секрециялық безге бүйректерді де жатқызып жүр, өйткені оларда қанның қысымын арттыратын ренин және эритропоэтин деген заттар түзіледі. Бұлар бүйректің нефрондарының тамырлы полюстерінде орналасқан юкстагломерулалық аппаратында өндіріледі. Баланың эмбриондық дамуы кезінде кейбір ішкі секрециялық бездер қызмет атқара бастайды да жатырдағы баланың дамып, жетілуіне әсер етеді. Бала туғаннан кейін ол бездердің қызметінің басталуы әр безде әртүрлі болады. Түрлі эндокриндік бездердің қызмет дәрежесі баланың өсуі мен дамуы барысында оның жасына, жынысына, ауа райының жағдайына және басқа мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызмет қабілетіне байланысты болады. Организмдегі гормондық тепе-теңдік баланың жоғары жүйке әрекетіне әсер етеді. Себебі денеде эндокриндік жүйенің ықпалынан тыс қалатын ешқандай қызмет жоқ. Дегенмен ішкі секрециялық бездер езінің қызметін жүйке жүйесі арқылы реттейді. Олай болса, организмдегі барлық қызметтерді реттейтін біртүтас жүйкелік-гормондық реттелу бар деп айтуға болады.Соңғы зерттеулер бойынша гормондардың көбі жүйке жүйесіндегі күллі жүйке клеткаларының қызмет жағдайын өзгертетіні мәлім болды. Мысалы, бүйрек үсті бездерінің гормондары қозу мен тежелудің күшін өзгертеді. Егер жануарлардың бүйрек үсті бездерін, тәжірибе жасау үшін, сылып алып тастаса, ішкі тежелу мен қозу нашарлайды да жоғары жүйке әрекетінің терең өзгерістері пайда болады. Ішкі секрециялық бездердің гормондары, олардың қызметі.

Ішкі секрециялық бездердің өнімі г о р м о н - өте белсенді химиялық зат. Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер жүйесіне, тіпті күллі организмге өсер етеді. Осыған байланысты ішкі секрециялық бездер қан тамырларыңа бай келеді.

Гормондардың қасиеттері: а)олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады; ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды; б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық тұрып, алыстан әсер етеді.

Химиялық құрамына қарай олар белок, полипептид, липидтер немесе стероидтарға жатады. Гормондар ішкі секрециялық бездерде, ас қорыту жолының мүшелеріңде, бүйректе, бауырда да түзіледі. Барлық гормондар денедегі зат алмасуына әсер етеді. Олар алдымен қанға сіңгенімен, тек қана клетканың мембранасымен қабысқанда ғана белсенді болады.

Гормондардың биосинтезі адамның тұқым қуалайтын аппараттарында жобаланған, сондықтан әрбір ішкі секрециялық бездер тек қана нақтылы гормондарды өндіреді.

Адам организміндегі гормондардың ішінде гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері гормондарының маңызы өте зор. Олар өздері жеке жүйе ретінде қарастырылады. Бұл жүйе организмнің біртұтастығын сақтауға қатысатын физиологиялық қызметтердің негізгі, әрі маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда мидың гипоталамус бөлігі жоғары дәрежедегі қыртыс асты ішкі секрецияның реттеушісі болып есептеледі.Оның бұл қызметі гипофиз безінің жұмысына дәм беруші химиялық өнімдер -нейросекр е т т е р д і (грек. нейрон - нерв клеткасы + секрет) өндіру және шығару арқылы орындалады. Гипоталамуста пайда болған нейросекрет гипофизге құйылып, оның басқа бездерге әсерін тудырады. Аралық мида орналасқан гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі секрециялық бездердің қызметін реттейді. Сондықтан ол мидың барлық бөлімдерімен және гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысып жатыр.

Мида көптеген гормондар бар екені табылды. Олар жүйке импульстерін синапстар арқылы өткізуді өзгертеді.

Гормондар ұлпаларға немесе мүшелерге тікелей әсер етіп, олардың қызметін күшейтеді немесе тежейді, я болмаса жүйке жүйесі арқылы жанама әсер етеді. Кейбір гормондар (бүйрек үсті бездерінің стероидты гормондары, қалқанша безінің гормондары) клеткалық мембранадан өтеді де, клетка ішіндегі ферменттер жүйелерімен ерекеттесіп, ондағы зат алмасуына ықпалын тигізеді. Ірі молекулалы пептидтік гормондар клеткалық мембранадан өте алмайды да, клеткадағы зат алмасуына клеткалық мембрананың сыртында орналасатын арнайы рецепторлар арқылы өсер етеді. Мұндай гормондық-рецепторлық тізбектер клеткадағы аденозинмоно фосфорлық қышқыдды белсендіреді, ал ол, өз кезегінде, клеткалық ферменттерге әсер етіп, ондағы зат пен энергияның алмасуын өзгертеді. Бір сәтте клеткаларға көптеген гормондар әсер етеді, бірақ клеткадағы заттар мен энергияның алмасуына ең нәтижелісінің әсері ғана қабылданады. Олардың қайсысы нәтижелірек екені арнайы заттар — простогландиндердің қатысуымен анықталады. Былайша айтқанда, простогландиндер нақтылы сәтте гормондардың қажетсіздерін тежейтін реттеуші қызметін атқарады.

Гормондардың жанама әсерін тұжырымдай келгенде, ол да клеткадағы зат пен энергияның алмасуына әсер ететіні белгілі болды. Бірақ бұл әсер жүйке жүйесінің қатысуымен орындалады. Соңғы жылдары гормондардың клетканың ішіндегі РНК мен белоктың синтезделуіне қатысатыны анықталып отыр.Ішкі секрециялық бездердің қызметі өзара тығыз байланысты. Олар бір-бірінің қызметіне белсенді түрде тікелей де, жүйке жүйесі арқылы жанама да әсер етеді. Мүндай өзара байланыстың нәтижесінде олардың қызметі жүйке жүйесі арқылы к е р і байланыс жолымен реттеліп отырады да, денедегі гормондардың мөлшері тұрақты мөлшер қалпында сақталады. Егер бұл байланыс бүзылса, организмде түрлі зат алмасуға байланысты аурулар пайда болады. Жүйке жүйесінің ішкі секрециялық қызметті реттеуі өткен ғасырдың 50-ші жьглдары анықталды. Қазіргі түсініктеме бойынша, нейрондар өздерінің негізгі қызметіне қоса, физиологиялық белсенді заттар - нейросекреттерді -түзейді. Нейросекреттердің түзілуінде гипоталамустың нейрондары маңызды орын алады, ол қүрьглысы бойынша гипофиз безімен тікелей байланысты. Оның нейросекреттері гипофиз безінің, ал ол арқылы басқа да ішкі секрециялық бездердің қызметін өзгертеді. Гипоталамустың нейросекреттерін рилизинг-гормондар деп атайды. Оларға либериндер мен статиндер жатады. Либериндер гипофиздің троптық гормондарының өндірілуін, ал статиндер - тежелуін реттейді; Осылай гипоталамус бүрын айтьглып кеткен қызметтерінен басқа, ішкі секрециялық бездердің де қызметін реттейді

2.Ішкі секрециялық бездердің қызметі соншама жақсы реттелгенімен олардың қалпына жөне қызметіне түрлі аурулар әсер етеді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция ( грек. Гипо - аз, төмен) және күшейгенде гиперсекреция (грек. гипер - артық, жоғары, шегінен тыс) байқалады. Демек, ішкі секрециялық бездердің қызметінің бүзылуы организмнің тіршілігіне өсер етіп, қауіп тендіреді.

Гипофиз және оның гормондарының бала организмін әсері гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің "түрік ері" деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол ортаңгы мимен көрші орналасады жөне рнымен екі жақты көптеген байланысы бар.'Соңғы жылдардағы мәлімет бойынша гипофиз бен аралық мидың гипоталамус бөлігінің арасында 100 мыңға дейін байланыс жүйке талшықтары бар.Жаңа туған нөрестенің гипофизінің салмағы 10-15 мг, бірақ 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін оседі де, жас өспірімдерде ересек адамның молшеріндей болады. Ол ересек адамда 50-65 мг, пішіні сопақшалау болады. Гипофиздің көлемі баланың жасына лайық ұлғаяды, әрі "түрік ері" сүйегінің есуіне байланысты өзгереді.Жаңа туған сәбидің бұл сүйегі 2,5 х 3 мм, 1 жасқа жеткенде 4x5 мм, ал 16-18 жасқа дейін 9 х 11 мм болады. 18 жастан кейін әр адамның организмінің ерекшеліктеріне сай өзгереді. Емханада гипофиздің мөлшерін "түрік ерінің" мөлшеріне қарап анықтайды. Құрылысы жағынан гипофиз 3 бөліктен турады: алдыңгы, ортаңгы және артқы бөліктер. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Гипофиздің бар салмағының 75% алдыңғы, 1-2 % ортаңғы, 18-23 % артқы бөлікке жатады. Гипофиздің мөлшері жүкті әйелде біраз ұлғаяды, ал босанғаннан кейін бұрынғы қалпына келеді. Гистологиялық құрылысы күрделі алдыңғы бөлімі негізінен хромофобты без клеткаларынан, ортаңғы бөлімі — базофильді клеткалардан, артқы бөлімі питуицидтер мен жүйке талшықтарынан тұрады. Жалпы алғанда гипофиздің ортаңғы бөлімі адамда нашар дамыған және оның қызметі әлі күнге дейін толық айқындалған жоқ деуге болады.

Аденогипофизде 22 гормон түзіліп қанға құйылады. Бұлар химиялық құрылысы бойынша троптық гормондар, аса маңыздылары: соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ), тиреотропин (ТТГ), адренокортикотропин (АКТГ) және үш түрлі гонадотропиндер (ТТГ) - лютеиндеуші (ЛТГ), лютеотроптық (ЛСГ), фолликулстимулдеуші (ФСГ) жене ортаңғы бөлімінде түзілетін меланотропин (МТГ).

СТГ, яғни өсу гормоны, белоктың алмасуын жөне ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Өсу гормоны балалардың бойының өсуіне әсер етіп, ересек адамдарда майдың алмасуына ықпал ету арқылы энергияның пайда болуына мүмкіндік тудырады. Соңғы зерттеулерге қарағанда СТГ денедегі майды ыдыратып, организм оны энергия ретінде пайдаланады да, глюкоза қантын жүйке жүйесінің қорегі ретінде сақтайды. Соматотропин гормоны әйелдің сүт безінде сүттің түзілуіне де әсер етеді деген мәліметтер бар.

Өсу гормоны ұлпаларға тікелей әсер етпей, делдал (келістіруші) заттар арқылы немесе медиаторлар арқылы әсер етеді. Бүл гормондардың медиаторының қызметін МСГ адам терісінің түсін жөнге келтіреді. Оның мөлшері көбейсе, дене терісінде сүттей ақ, ал азайса -қоңыр дақтар пайда болады. Егер ол мүлде түзілмесе, адамның барлық денесінің терісі сүттей аппақ болып, күн шалмайды (күнге күймейді). Бүған қоса, меланотропиндер көздің жарық қабылдағыш аппараттарының қызметін күшейтіп, қараңғылыққа бейімделуге және естің қалыптасуына қатысады.

Нейрогипофизде вазопрессин мен окситоцин деп аталатын нейросекреттер белсенді қалыпқа келтіріледі. Химиялық құрамы жағынан бұлар нанопептидтер, яғни аминқышқылдарының 9 қалдығынан құрылған. Бұлар супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларда түзіледі де, аксондар арқылы нейрогипофизге келеді. Нейрогипофиз бұл гормондарды қор етіп етіп сақтайтын орын. Бұл жерде олар белсенді қалыпқа келіп, қанға құйылады және қан арқылы бүкіл денеге тасылады. Вазопрессинді антидиурездік гормон (АДГ) деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді. Нейрогипофиздегі бұл гормонның гиперсекрециясыңда қантсыз диабет ауруы пайда болып, тәулігіне бірнеше литр несеп бөлінеді. Оның ықпалынан тегіс мускулатураның және ішектің артерияларының қызметі күшейеді, қанның артериялық қысымы артады.

Окситоцин жатырдың жиырылуын камтамасыз етіп, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына көмектеседі. Сонымен қатар, окситоцин сүт бездерінің альвеолаларының эпителий клеткаларын жиырып, сүттің сүт жолына, одан баланы емізгенде емшектен сүттің шығуын реттейді. Окситоциннің қанға шығуына бала сорғанда емшектің үшын тітіркендіруі арнайы қоздырушы ролін атқарады.

Гипофиз безінің аурулары басқа аурулармен салыстырғанда мектеп жасына дейінгі балалар өмірінде онша маңызды орын ала қоймайды. Дегенмен, келесі ауруларды мысал ретінде келтіруге болады. Айталық, кішкентай балаларда кездесетін жартылай (парциалды) гигантизм немесе жартылай алыптық. Бұл ауруды көп емдеген В, И. Молчанов оны туа пайда болған кемшілікке жатқызадьйЖартылай алыптың бүкіл денесі емес, тек қана кейбір мүшелері (саусақтары, бір аяғы, бір қолы) тез өсіп, басқа денесінен ерекшеленеді. Қантсыз диабет ауруында бала шөлдей береді, суды өте көп 10-15 литрге дейін ішеді, жиі дәретке отырады, жүдейді.

Бастауыш сынып оқушыларында гипофиз безінің қызметі ересек адамның безінің қызметіне жуық деуге болады.

Эпифиз безінің жас ерекшелігі мен гормондары. Эпифиз немесе домалақ бездің пішіні домалақ, бірақ жалпайған. Ол ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Жаңа туған нөрестеде оның үзындығы 3 мм, ені 2,5 мм, қалындығы 2 мм. 4 жасқа дейін эпифиз өсіп, оның көлемі артады. 4 жаста үзындығы 9 мм, ені 6 мм, қалындығы 3 мм болады. Ересек адамда осы көрсеткіштер онша өзгере қоймайды, бірақ салмағы аздап қосылады. Эпифиз 4 жасқа дейін ғана дамығанымен, одан өрі қарай оның клеткалары кішірейіп, қарапайымдалады, ал одан өрі қарай дөнекер ткандері көбейеді. 8 жастан кейін без тығыздалады. Дегенмен, жасөспірімдер мен жігіттерде бойжеткендерде без клеткаларының қызметінің белсенділігінің барлық белгілері орын алып, протоплазмасындағы түйіршіктер дамиды және ядролары бөлінеді. Ересек адамдарда бүл бездің клеткаларының тіршілігі тұрақталады, цитоплазмадағы түйіршіктерінің саны аздап кемиді. Кейбір ғалым-мамандар мұны без ұлпаларының белсенді секреторлық қызмет атқаруының белгісі санайды.

Эпифиздің ішкі қабаты жалпақ эпителий клеткаларымен көмкерілген. Соңғы жылдардығы ғылыми мәліметтер бойынша эпифизде 3 гормон — меланин, гломерулокортикотропин және контргипоталамус-гипофизарлық гормондар өндіріледі.Гипофиздің меланоцитотропин гормоны терінің пигменттік қасиетін реттесе, меланин теріні түссіздендіреді, демек екеуінің арасыңда қарама-қайшылық бар. Контр гипоталамус-гипофиз гормоны гипофиздің қызметін тежейді, сөйтіп гипофиздегі гонадоптропин гормонының өндірілуін азайтады.

Эпифиздің ертінді тұнбасын денеге еккенде бүйрек үсті безінің аумағы кішірейіп, ондағы аскорбин қышқылы (витамин С) және майлы заттардың мөлшері азаяды, өйткені гломерулокортикотропин гормоны бүйрек үсті безінің қызметін тежейді. Ал бүйрек үсті безінің қызметі күшейгенде эпифиздің қызметі, керісінше, төмендейді. Олай болса, осы екі бездің арасында кері қарым-қатынас бар.

Қалқанша безі мен оның гормондарының бала организміне әсері.Адамның қалқанша безі сыңар мүше. Оның аты 1956 жылдан бастап әйгілі болғанымен, организмдегі ішкі секрециялық қызметі жайлы алғашқы болжамдар 1838 ж тәжірибелер негізінде көрсетілген. Бұл без көмейдің алдында орналасқан екі боліктен және оларды қосып тұрған без сабынан тұрады. Безді қоршаған дәнекер ұлпасы ішіне қарай өтіп, оны бірнеше бөлшекке бөледі. Бөлшектер адамның жасы ұлғайған сайын өсіп, көбейеді. Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1 г, 6 айда 2 г алғашқы жылғы баланың өміріңде без ұлпасы айтарлықтай өсе қоймайды да, салмағы 1 жаста 3 г ғана болады. 3-4 жаста 7 г, 5-6 жаста 10 г болып, 12-15 жаста без клеткалары жылдам өсіп жетіліп, 16-20 жаста 25 г болады. Ал ересек адамда бездің салмағы 35-37 г жыныстық жетілу кезінде, негізінен, бойжеткендердің қалқанша безінің уақытша болады көлемі ұлғаяды, себебі қыздардың жыныс гормондары іске қосылады және аналық бездердің гормондарының циклды өзгерістері туады. Без клеткаларының қанға толуына байланысты мөлшері өзгермелі келеді. Бұл без пішіні мен көлемі жағынан әртүрлі тұйық көпіршіктерден, яғни фолликулдан тұрады. Фолликулдар дөңгелек, сопақша немесе көп қырлы болуы мүмкін. Фолликулдар бір-бірінен дәнекер ұлпаларымен бөлінген, олар қан тамырлары мен нервтерге бай келеді. Бездің қызметі баланың ұрық кезінде басталады. Қалқанша безінде 3 гормон түзіледі: тироксин, трийодтиронин және кальцитонин бұл гормондар зат алмасуын удетуші, биохимиялық реакцияларды тездетеді. Олар барлық мүшелерге, әсіресе орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Тироксин жүйке жүйесінің қалпын сақтауға күшті әсер еткендіктен оның қандағы мөлшері өзгергенде ең алдымен жүйке жүйесінің қызметі нашарлайды. Жекелеп алғанда тироксин судың алмасуын реттейді, бүйректе судың қанға қайта сіңуіне ықпалын тигізеді, белоктың, майдың, көмірсутегінің алмасуына, организмдегі негізгі зат алмасуына, қан клеткаларының пайда болуына әсер етеді. Тіпті жүректің қызметіне де күшті әсері бар. Бұл гормонның ұрықтың дамуында маңызы тіпті зор. Оның ұлпаларының өсуі мен қызмет атқаруға бейімделуін күшейтеді Қалқанша бездің гормондары организмдегі иммундық қасиеттерге әсер етіп, аллергиялық жағдайдың және инфекцияның дамуына ықпалын тигізеді.

Қалқанша безінің тиреоидты гормондары ұрықтың өсіп дамуына күшті әсер етеді. Әсіресе оның маңызы ұрықтың жүке жүйесінің дамуына әсері аса маңызды. Бүл гормондардың жеткіліксіз болуы кретинизмге ұшыратады.

Жаңа туған сәбидің тироксиндік белсенділігі күшті болады, яғни физиологиялық гипертиреоз байқалады. Мұндай қалып 2 аптаға дейін сақталып, содан соң біртіндеп азая бастайды да, 6 жастан соң ересек адамның қалқанша безінің белсенділігіндей болады. Бұл организмнің қажеттілігін және күшті өсуін қамтамасыз етеді. Алғашқы жыддардағы стероидтық гормондардың секрециясы жоғары болғандықтан, балалардың қалқанша безінің мөлшері де үлкен болады қалқанша безінің гормондарының құрамында йод бар. Мысалы, тироксиннің 65% йод. Сондықтан организмге йод жетіспегенде бездің гипосекрециясы байқалады. Ал пайда болған ауруды э н демиялы зоб деп атайды.(грек. эндемос - жергілікті). Эндемия деп атау себебі ауру белгілі бір жердің маңайыңда, топырағында йод жеткіліксіз жерлерде пайда болады. Мұндай жердегі тұрғындардың қалқанша безі үлкейіп, оның қызметі төмендейді. Қазақстан топырағының кей жерлерінде йод жеткіліксіз. Сондықтан біздің ел де сол елдердің қатарына қосылады. Бүл ауру топырақта йодтың жетіспеуіне байланысты болғанымен, оның пайда болуында басқа да себептер бар. Қуатты тағамдармен тамақтанатын балаларда бұл ауру кездеспейді. Йодтың жеткілікті болуына астың құрамындағы витаминдердің, тұрмыс жағдайларының, тазалықтың маңызы зор. Бүған қоса, сыртқы ортадағы фтор, кобальт микроэлементтерінің маңызы да бар екені анықталды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша эндемиялық зоб ауруының алғашқы жеңіл түрлерінің өзінде бүл науқасқа байланысты жүрек-қан тамырлар кемшілігі, жүйке жүйесінің кемшілігі жөне зат алмасуының өзгеретіні анықталды. Бүл ауруды емдеуде маңызды орынды профилактикаға, яғни аурудың алдын алу жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Жалпылай профилактика арқылы балалардың зоб ауруын 20-30 есе азайтуға болады. Эндемиялық зобтың пайда болуына жұқпалы аурулар жиі себеп болады. Инфекция өзінің тікелей өсеріне қоса, қалқанша безіне орталық жүйке жүйесі арқылы әсер етеді. Себебі барлық инфекция ең алдымен орталық жүйке жүйесін уландырады, оның қызметін өзгертеді, ал жүйке жүйесінің өзгерісі тікелей қалқанша безінің ауруын тудырады. Сондықтан мектепке дейінгі балалармен, бастауыш сынып оқушыларымен тәрбие жүмыстарында оларды жүқпалы аурудан сақтауға көбірек көңіл аудару керек.

Қалқанша безінің кальцитонин гормоны қанның құрамындағы кальцийдің мөлшерін азайтады. Оның бұл әсері сүйектің минерал заттары — оксиапатитті сүйек ұлпасына жинауына байланысты. Соңғы кездерде кальцитонин көптеген ас қорыту бездері мен ішкі секрециялық бездердің өндіру қызметін тежейтіні анықталып отыр.

Қалқанша безінің гиперсекрециясында Базед немесе тиреотоксикоз ауруы байқалады. Науқастың көзі шарасынан шыға үлкейіп, бадырақ көз болады, қалқанша безі өседі, зат алмасуы күшейіп тез жүдейді, пульсы шапшандайды, тез шаршайды, ұйқысы бұзылады, бала жылауық, ашуланшақ болады. Қалқанша безінің гипосекрециясында микседема, яғни шырышты ісік пайда болады. Науқас баланың асқа тәбеті болмай, температурасы төмендеп, немқұрайлы, сылбыр болады, психикасы бұзылады, еске сақтау қабілеті төмендеп, ақылы кем болады. Егер бала ауруға кішкентай кезінде ұшыраса кретинизмге айналады: жыныс мүшелері жетілмейді, ақылы кем болып, дене пропорциясы бұзылады, жүрегінің қызметі күрт өзгереді (жүрек тахикардиясы).

Гипосекреция жағдайында байқалатын қалқанша безінің кемшіліктері — гипотиреоз екі түрлі болады: а) туа болган, яғни қалқанша безі болмай, не нашар дамыған балалар; ә) жүре болган, яғни гипофиз безінің тиреотропин гормонының түзілуі тоқтағандықтан өсе келе пайда болған. Қазіргі кезде жүре болған түрін ертерек емдей бастаса, ауруды асқындырмауға болады.

Қалқан серік бездері қалқанша безінің артқы қабырғасында орналасқан кішкентай түйме тәрізді 4 (2 жоғарғы және 2 төменгі), кей адамда 6 без болады. Жалпы салмағы 0,1-0,3 г, үзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм, қалыңдығы 1,5-2 мм. Жас өспірім балалардың қалқансерік безі сәл қызғылттау болады, кейіннен сарғыш тартады да, қартая келе қоңыр түсті болады. Олардың сыртын қоршаған жақсы капсуласы бар және қалқанша безінен сол қапшығымен бөлектенеді. Бездің пішіні, саны мен қалқанша безінің үстінде орналасуы тұрақсыз, әртүрлі болады. Олардың пішіні дөңгелекше, сопақша, ұзынша, бұршақ іспеттес болады. Без ұлпалары әртүрлі клеткалардан түрады: гликогені бар негізгі клеткалар мен эозинофилдері бар оксифильді клеткалар. Балалардың қалқансерік бездері негізгі клеткалардан тұрады. Жасы үлғая келе оксифильді клеткалар көбейіп, жыныстық жетілу кезінде олардың мөлшері негізгі клеткалардан басым болады. Қалқансерік безінде паратгормон немесе паратиреокрин деп аталатын гормон өнеді. Оның маңызы 1925 ж Коллиптің зерттеулері арқылы анықталған. Паратиреокрин кальцийдің алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшерін реттейді. Кальцийдің негізгі қоры сүйек болғандықтан бұл гормон организмдегі фосфордың алмасуына да әсерін тигізеді. Мұны қанның құрамындағы кальцийдің мөлшері көбейгенде фосфордың мөлшерінің азаюы арқылы байқайды. Паратгормон сүйек ұлпасының ыдырап, кальцийдің қанға шығуына мүмкіндік жасайды. Бұл гормонның жеткіліксіз болуы қандағы кальцийдің мөлшері кемігендіктен, сіңірдің тартылуын тудырады. Қалқанша безінің кальцитонин гормонымен және Д витаминімен бірге бала организмдегі кальцийдің алмасуының дұрыстығын қадағалайды. Паратиреоидтік гормонның гиперсекрециясында сүйектің құрамындағы фосфаттар несеп арқылы сыртқа шығып, босаған кальций қанда көптеп жиналады да, гиперкальциемия байқалады. Паратиреокриннің гипосекрециясы көбінесе қалқанша безіне операция жасағанда, оған қоса қалқансерік бездерін байқамай алып тастағанда, кей кезде инфекцияға байланысты пайда болады. Балаларда туа пайда болған гипофункция без ұлпаларының болмауынан немесе еркін дамығандықтан кездеседі. Кейбір жаңа туған сәбиде ұрықтық мезгілінде анасының паратгормонының гиперсекрециясына байланысты қалқансерік бездерінің қызметі нашарлайды. Мүндай гипосекреция туғаннан кейін де сақталады. Қандай болмасын гипопаратиреоз жағдайыңда баланың қанындағы кальцийдің мөлшері азайып, организмдегі калий-натрий тепе-теңдігі бұзылады да, гипопаратиреоздың белгісі — бұлшық еттердің тетанусы (лат. тетанус- сіреспе) пайда болады, кейін тісі бүлінеді, шаштары мен тырнақтарында кемшіліктер пайда болады.

Қалқансерік бездерінің дамуы ұрықта басталады. Оның өсу барысында без клеткалары дамып, паратгормон түзіліп, қанға құйыла бастайды. Бұл ұрықтың қаңқасындағы кальций түздарының жиналуымен қатар жүреді. Бала туғаннан кейін өсіп, жетіліп, кальцийдің алмасуына қатысады. Баланың сүйектерінің қатуы көбінесе осы бездердің қызметіне байланысты.

Бүйрек үсті бездері және оның гормондары. Бүйрек үсті бездері - қос мүше. Олар оң және сол жақ бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан, салмақтары 6-12 г., әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұратын қос бездер. Қыртысты қабатының салмағы 4,5-10 г, милы қабаты 1,2-2,4 г шамасында болады яғни қыртыс қабаты 2/3 бөлікке тең.

Бұл - салмағы аз болғанымен ішкі секрециялық бездердің ішіндегі тіршілік үшін маңызы өте зор бездердің бірі. Егер жануарлардың екі безін де сылып алып тастаса, ол бір аптаның ішінде өліп қалады: жануар тез әлсіреп, астан қалады, арықтап, салмағы азаяды, кейіннен сіңірі тартып, ішкен тамағын құсып, жүрек-қан тамырлар жүйесінің, тыныс мүшелерінің, ас қорыту мүшелерінің, бүйректің несеп шығару қызметтері нашарлайды, қан тамырларының қабырғасының өткізгіштігі күшейеді, қаны қоюланады және басқа өзгерістер пайда болады.

Бездің милы қабатын қалдырып, қыртыс қабатын сылып алып тастаса, жануар тез өліп қалады. Милы қабатын алып тастап, қыртыс қабатын қалдырса, айтарлықтай өзгеріссіз үзақ уақыт өмір сүре алады. Мұның себебі милы қабатты қүрайтын хромаффин клеткалар бүйрек үсті безінен басқа кейбір ірі қаң тамырларының бойыңда, шеткі ганглияларда кездеседі. Оған қоса, нервтердің ұштары норадреналин медиаторын бөліп шығарады. Ол милы қабаттың гормондары тәрізді әсер етеді.

Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабаты 10 астам кортикостероидтар тобына жататын гормондарды түзеді. Химиялық тұрғыдан олардың бәрі холестериннің туындысына жатады.

Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: а) глюкокортикоидтар; ә) минералкортикоидтар; б) адренокортикоидтар.

Глюкокортикоидтар бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының шашақты зонасында түзіледі. Бүл топқа өте белсенді гормон — кортизол, гормондық белсенділіктері төмендеу кортизон мен кортикостерон жатады.

Кортизол мен кортизон молекуласының С17 бөлігінде окси тобы болғандықтан, оларды 17-оксикортикостероидтар дейді. Глюкокортикоидтар зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді. Тері, бауыр, ет, май, дәнекер жөне лимфа ұлпаларында бүл гормонның әсерінен бірқатар ферменттердің, яғни трансаминаза, оксидаза, гидролаза т. б. ферменттердің белсенділігі күшейеді.

Глюкокортикоидтардың ықпалынан барлық ұлпаларда, әсіресе ет үлпасында, белоктың ыдырауы күшейеді. Қандағы амин қышқылдарының және несептегі азоттың мөлшері көбейеді, бауырдың мочевина бөлу қызметі артады. Аталған әсерлерге байланысты бала организмінің салмағы азайып, өсуі нашарлайды.

Глюкокортикостероидтардың майдың алмасуына әсерінен ұлпадағы май ыдырап, май қышқылдары бауырға өтеді. Бүл гормондар көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Олар бауырдағы гликонеогенезді (грек. гликос - тәтті + нео - жаңа + генезис - тек, болмыс, пайда болу) күшейтеді. Сондықтан гипергликемия, тіпті глюкозурия (несепте қанттың болуы) пайда болуы мүмкін. Бүл топтағы гормондардың әсерінен бауырдан басқа барлық мүшелердегі клеткалық мембраналардың глюкозаны өткізу қабілеті төмендейді. Ал бауырда, керісінше, глюкоза мен амин қышқылдарын өткізу аздап артады.

Глюкокортикоидтардың қабынуға, аллергияға қарсы тұру қабілеттерін арттыруға, иммунодепрессивтік (лат. иммунотатис - бірдеңеден босау, құтылу + депрессия - басу, тежеу) әсерлерінің маңызы мүлде ерекше. Олардың мұңдай қабілеттері клеткалық мембрананың өткізгіштігі төмендеуіне, клеткалардан және басқа құрылымдардан гистаминнің босауын азайтуға, антителолардың түзілуін төмендетуге, антиген мен антителоның реакциясын тежеуіне, дәнекер ұлпадағы коллаген мен мукополисахаридтердің түзілуін нашарлатуына байланысты.

Глюкокортикоидтардың әсерінен белоктың ыдырауынан пайда болған заттардан көмірсутекті заттар түзіледі, бүл әсіресе лимфа ұлпаларында күшті болады. Аз мөлшерде глюкокортикоидтар басқа гормондардың әсерін күшейтеді. Глюкокортикоидтардың синтезі мен секрециясы гипофиздің кортикотропин гормонымен реттеледі.

Канадалық зерттеуші ғалым Г. Селье алғаш рет бүйрек үсті бездерінің гормондары организмге түрлі қауырт жағдайларда өте қажет екенін көрсетті. Адамның қатты күйзелісі кезіндегі тітіркендіргіштерді ол стрессор (ағыл. стресс - қатты күйзелу, абыржу, қауырт жағдай) деп атады. Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гормондары айтарлықтай азайса, стресс жағдайында организм өліп кетуі мүмкін.

Минералкортикоидтар бүйрек үсті безінің түйнекті зонасыңда пайда болады. Бүл топқа альдостерон мен одан белсенділігі 20-30 есе төмен 11-ші дезоксикортикостерон жатады. Минералкортикоидтар бүйрек ұлпасында, тер және сілекей бездерінде, ас қорыту жолының шырышты қабатындағы клеткаларға әсер ету арқылы су мен тұздардың алмасуын реттейді. Бұл топтың басты гормоны альдостеронның әсерінен натрийдің алғашқы несептен бүйректің нефрондарына қайта сіңуін күшейтеді және калийдің қайта сіңуін азайтады. Натрийден кейін іле-шала су бүйрек каналшаларына қайта сіңеді, яғни альдостерон гормоны натрийдің қайта сіңуін күшейту арқылы судың алмасуына да әсерін тигізеді. Альдостерон жеткіліксіз болған жағдайда бүйрек арқьглы организмнен натрий көптеп шайьглады жөне дене сусызданады. Ал оның көбеюі денедегі қабынуларды күшейтеді.

Адренокортикоидтар - андростерон, эстрол жөне прогестерон гормондары бүйрек үсті бездерінің ретикулярлы (торлы) зонасының клеткаларында түзіледі. Жыныс бездерінің гормондарына қарағанда бұлар анағұрлым әлсіздеу келеді. Дегенмен бұлардың әсері жыныс бездерінің гормондары тәрізді. Олар жасөспірімдерде қосымша жыныс белгілерінің қалыптасуына көмектеседі. Олардың маңызы, өсіресе балалық және қартайған шақта күшті болады. Адам қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрек үсті бездері негізгі жыныс гормондарын түзуші құрылым болып қалады.

Бүйрек үсті бездерінің м и л ы қабатының гормоңдары негізінен екеу: адреналин және норадреналин. Адреналин бүйрек үсті бездерінде ғана, ал норадреналин басқа мүшелерде де пайда болады. Бұлар дофамин гормонымен бірге биогендік катехоламиндерге жатады. Үшеуі де тирозиннің туындысы болып есептеледі де, тирозиназа ферментінің әсерінен ыдырайды. Катехоламиндер организмдегі барлық үлпалар мен клеткаларға өсер етіп, оларда күрделі биохимиялық әрекеттерді тудырады жөне коптеген физиологиялық қызметтердің ерекшеліктерін айқындайды.

Катехоламиндердің әсер етуі түрлі биохимиялық реакциялармен байланысты. Бүлар химиялық ұқсастығына қарамастан организмге әртүрлі әсер етеді. Физиологиялық әсерлері олардың таңдамалылығына, цитоплазмалық мембраналардың адренорецепторларымен қарым-қатынасына, түрлі мүшелердің құрылысына байланысты келеді.

Катехоламиндер адренорецепторларға қысқа мерзім әсер етеді және ол пайда болған өзгерісті қалпына келтіруге рефлекторлық және гуморальдық (лат. гумор - мүйық) механизмдер арқылы қатысады. Катехоламиндердің организмге әсері өте көп және жан-жақты.

Адреналинның жүрек-қан тамырлар жүйесіне ықпалы зор. Ол жүректің жұмысын күшейтіп, соғу ырғағын тездетеді, қозғыштығын үлғайтып, импульстердің өткізгіш жүйесі арқылы қозғалысын жақсартады. Қан тамырларын дифференцияланбаған жеке-жеке клеткалар тобынан тұрады. 6 айға толғанда ұрықтық қыртысты заттар 3 есе кеміп, жаңа клеткалары көбейеді де, 7 жасқа дейін жетіледі. Милы қабаттың хромаффиндік клеткалары 3-4 жаста дифференциацияланады да тез өсе бастайды. Осы мерзімнің ішінде милы қабаттың жалпы салмағының 28-29% қалыптасады. Содан соң 8 жасқа дейін өспейді де қалған мөлшері 8-10 жас арасыңда тез өсіп, одан ері ақырындап, жалпы өсуі 16-20 жасқа дейін созылады.

Бір жастағы балалардың хромаффин ұлпалары адреналинді жақсы өндіреді. 6-7 жаста норадреналин мен дофаминнің қанға шығуы күшейеді. Ал қыз балаларда 9 жаста, ер балаларда 10-11 жаста адреналиннің мөлшері екінші рет үстем болады.

Қыртысты қабаттың без клеткалары 9-11 жаста қайтадан күшті өсе бастайды да, 11-12 жаста толық өсіп жетіледі.

Бүйрек үсті бездерінің қызметінен туындайтын аурулар, олардың қыртысты және милы қабаттарының гормондарына байланысты. Милы қабаттың гормоңдары жетіспегенде, көбінесе 10 жасқа дейін кішкентай балалардың миындағы жүйке клеткаларына қанттың жетіспеуінен талма ауруы байқалады. Сабақты көп оқығанда, ұзақ уақыт жүгіріп, көп ойнағанда бала есінен танып қалады. Мүндай жағдайда балаға жиі-жиі, әсіресе сабақ оқыр, ойнар алдында тәтті тағамдарды молырақ немесе суға еріткен бал, қант беру керек. Ауру 10 жастан кейін өзінен-өзі басылып кетеді.

Қыртысты қабаттың гипосекрециясында ұзақ уақыт гормондар жетіспегенде Аддисон ауруы дамиды. Бұл ауру ересек адамдарда көбірек, ал балаларда өте сирек кездеседі. Ауру баланың денесінде қоңыр дақтар пайда болып (ең алдымен көп үйкелетін жерлерде: шынтақ, сан, мойын, бел), тез шаршайды, қимылдары азаяды, немқұрайлық байқалады, жүдейді, қаны қоюланып, оның қысымы азаяды. Аурудың денесінен натрий мен хлор шайылып, калий жиналғандықтан жүрек әлсіздігі пайда болады. Көмір сутегінің алмасуы бұзылады. Баланың асқа зауқы төмендейді, оның бүлшық еттеріңде сіреспе пайда болып, кей кезде тыныс еттерінің сіресуінен шетінеп те кетуі мүмкін.

Кейбір балаларда туа пайда болған қыртыс қабатының гипертрофиясы байқалады. Бүл кемшілік тұқым қуалайды деген бірен-саран мәліметтер де бар. Аурудың белгілері ерте 2-3 жаста байқалуы мүмкін. Алғаш кезде жылдам өсе бастағанымен, кейіннен баланың өсу қарқыны баяулап, бойы аласа болып қалады, 2-3 жастан бастап ауру қыздардың қолтығында, шабында түктер өседі, бірақ емшектері өспейді, етек кірі келмейді. Ауру ер баланың сыртқы жыныс мүшесі тез өседі, эрекция пайда болады, сақал-мұрты, кеудесінде, қолтығында, шабында түктері қалың болып, ересек ер адамдарға ұқсай бастайды. Бүл ауру көбінесе бүйрек-үсті бездерінің ұрықтық мезгілдегі кемшілігіне байланысты.

Бүйрек үсті безінің милы қабатының гипертрофиясы ісікке байланысты байқалады. Қазіргі кезде оның ісіктері балаларда жиірек кездесетін боп жүр. Мүндай науқас бала тершең, көзі бақырайған, беті шырайсыз келеді, тіпті кішкентай 2-3 жастағы баланың өзінде қанның қысымы жоғарылайды. Мұндай балалар жиі-жиі басының ауыратынын, жүрегінің айныйтынын, қағатынын айтады. Ісікті алып тастағаннан кейін аурудың белгілері жойьшып, бала жазылып кетеді.

Бүйрек үсті безін операция жасап сылып алып тастаса, жануарлар өліп қалады. Ондай жануардың (мысалы, иттің, қойдың) температурасы тез төмендеп, арықтап, қимыл-қозғалысы азаяды, қанның қысымы төмеңдейді, қаны қойылады, жүрегінің қызметі нашарлайды. Мұндай белгілер адамның бүйрек үсті безінің гормондарының гипосекрециясыңда да байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет