3. Адам жасының кезеңдері. Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда балалардың жасын белгілі бір топқа бөлуге тура келеді, яғни әртүрлі жастағы балаларды бір топқа қосады. Ол топтардағы балалардың жасын белгілі бір мөлшермен шектеу қажет. Осыған байланысты адам өмірін бірнеше жас кезеңдеріне бөлу қажеттілігі пайда болады.
Өсу жас кезеңдері деп өсу мен дамуыға ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады.Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Осыны ескере отырып 1965 ж адам организмін зерттейтін түрлі ғылымдар өкілдерінің (физиологтар, гигиенистер, дәрігерлер, педагогтер, психологтар, философтар, генетиктер т.б.) қатысуымен Мәскеу қаласында болған дүние жүзілік жас кезеңдерінің шағын жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:
1.Жаңа туған сәби (алғашқы 10 күн өмірі);
2.Емшектегі сәби (10 күннен 1 жасқа дейін);
3.Алғашқы балалық шақ (1-3 жас);
4.Бірінші балалық шақ (4-7 жас);
5.Екінші балалық шақ (қыздар 8-11 жас, үлдар 8-12 жас);
6.Жеткіншек немесе жасөспірімдер (қыздар 12-15, ұлдар 13-16 жас);
7.Кәмелеттік немесе жігіттік бойжеткендік (қыздар 16-20, жігіттер 17-21 жас);
8.Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы (әйелдер 21-35, ерлер 22-35 жас);
9.Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы (әйелдер 36-55, ерлер 36-60 жас);
10.Егде жас (әйелдер 55-74, ерлер 60-74 жас);
11.Қариялар немесе кәрілік (әйелдер мен ерлерде бірдей 74-90 жас);
12. Ұзақ өмір сүрушілер (90 жастан әрі қарай).
Бұған қоса, балаларды тәрбиелеу, үйрету жөне оқыту жағдайларын ескеріп педагогтар келесі жас кезеңдерінің топтарын ұсынды:
1.Жаңа туған сәби (1 ай);
2.Емшектегі сәби (1 айдан 1 жасқа дейін);
3.Жас немесе балбөбектер тобы (1 - 4 жас);
4.Мектепке дейінгілер тобы (5-7жас);
5.Мектеп жасындағылар:
6..Бастауыш сыныптағы оқушылар (7-11 жас);
7.Ортаңғы сыныптағы оқушылар (11-14 жас);
8.Жоғарғы сыныптағы оқушылар (14-18 жас).
Жалпы алғанда адамның жасын кезеңдерге бөлу ұсыныстары өте көп. Ғалымдар алға қойған мақсаттарына байланысты белгілі бір көрсеткіштерді негіз етіп, адамның көптеген жас кезеңдерін ұсынды. Олардың кейбіреуі ескіріп, қазіргі жағдайларға сай келмейді, кейбіреулері бір жақты болып, жан-жақты түсінік бермейді. Физиологиялық түрғыдан алғанда үсынылып отырған Мәкеулік 1965 жылғы топтастыру ғылыми негізделген және организмнің ерекшеліктеріне сәйкес деуге болады Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын өзгеру м е з гі л і немесе ауысу мерзімі деп атайдьі (кейбір зерттеушілер ауысу мерзімін мүшелі жас деп ұран құру бірақ оның жас кезеңдері қазақтың мүшелі жасымен сәйкес келмейді, дегенмен белгілері үқсайды). Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіңдеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады.Жас кезеңдерінің уақыттары әртүрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген. Дегенмен ұсынылған жас кезеңдерінің әлі де жетіспейтін жерлері бар. Оларды анықтау адам организмі жайындағы зерттеулерді әлі де жалғастырып кеңейтуді талап етеді. Жас кезендерінің уақыт шектері (хронологиясы) болсын, оның жеке функциялық көрсеткіштері болсын әлеуметтік жағдайларға байланысты екенін ұмытпаған жөн. Жас кезеңдерінің ортақ ерекшеліктеріне қоса, әрбір адамның өзінің жеке басының ерекшеліктері болады. Олар адамның денсаулығына, тұрмыс жағдайына және жүйке жүйесінің даму дәрежесіне, қарай әртүрлі болады.
Бақылау сұрақтары:
-
Өсу мен дамудың көрсеткіштері қандай?
-
Дамудың түрлері қандай?
3.Баланың өсу қарқыны неше кезеңнен түрады жөне оның қаңдай себептері бар?
4.Өсу мен дамудың акселерациясы деген не?
5.Өсу мен дамудың акселерациясының белгілері қаңдай және оларды қалай анықтайды?
6.1965 жылы Мәскеулік жиналыста адамның жасын қандай кезеңдерге және қандай белгілеріне сүйеніп бөлген?
7.Өзгеру мезгілі деп нені айтады, оның ерекшеліктері қандай?
Лекция № 3 Тақырыбы: Нерв жүйесінің физиологиясы. Жоғары нерв әрекеті, олардың жас ерекшеліктері.
Жоспары:
1.Нерв жүйесінің маңызы.Нерв құрылымдарының морфологиясы.Нерв жүйесінің ақпаратты қабылдау, өңдеу, өткізу, түрліше организм реакцияларын ұйымдастыру, психикалық қызметтерін атқару кездеріндегі ролі.
2.Нейронның құрылысы мен қасиеттері. Тітіркену, тітіркендіргіш, қозу, қозғыштық, тежелу ұғымдары. Нерв талшығы және оның қасиеттері.Нерв талшықтарының
жас ерекшеліктері және олардың миеленденуі. Нейрондар арасындағы байланыс. Синапстар.
3.Орталық нерв жүйесіндегі қозудың берілу механизмі.Нерв орталығы және оның қасиеттері.
Рефлекс нерв әрекетінің негізі. Орталық нерв жүйесіндегі қозу мен тежелу және олардың өзара әрекеті.
4.Автономиялық нерв жүйесі.Сеченов.И.М. пен Павлов.И.П.-жоғары нерв әрекеті туралы ілімнің негізін салушылар.
Лекция мақсаты: Нерв құрылымдарының морфологиясымен таныстыру.
Лекция мәтіні:
1.Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі - нерв клеткасы немесе н е й р о н. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар-глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағүрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірімен теңеседі де кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың үлесі көбейеді.
Басқа тірі клеткалар тәрізді оның мембранасы, ядросы, ядрошығы мен органоидтары болады. Нейронның басқа клеткалардан айырмашылығы - денесінің көптеген өсінділері болады және цитоплазмасында нейрофибрилдері бар. Нейронның ала түсті заттарының құрамында рибонуклеин қышқылы (РНК) болады; Оның мөлшері жыныстық жетілуге дейін көбейіп, кейіннен тұрақталады. Қауіпті жағдайларда РНК-ның мөлшері азаяды да ала түсті заттары ыдырап, жоғалып кетеді. Мүндайда нейронның тірлігі жойылады. Нейрофибрилдер ұзын молекулалы белоктардан тұрады. Нейрон ұзақ жұмыс істегенде олар жойылыпта кетуі мүмкін.
2.Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бүрышты, жұлдыз тәрізді..Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері - нерв талшықтары шығады.Ұзын талшығын а к с о н (грекше аксон — тірек деген мағынада), қысқа талышқтарын д е н д р и т деп атайды (дендрон - ағаш). Аксонның сыртын қоршаған м и е л и н қабығы бар. Миелин - ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады.Аксон арқылы нерв клеткасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв импульстері тасылады. Мүшелерге келген аксондардың ұшы тармақталып нерв ұштарына айналады. Нерв ұштары қызметіне байланысты екі түрлі болып келеді: сезгіш ұштар рецепторлар және қозғаушы ұштар - эффекто р л ар. Рецепторлар сыртқы және ішкі ортаның қандай да болмасын тітіркендіргішінің әсерін нерв импульстеріне қ о з у ғ а айналдырады. Ал эффектор орталық жүйке жүйесінен келген қозуды жұмысшы мүшеге жеткізеді.
Дендриттер — тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Бұл нейрондардың басқа клеткалармен ұштасу ауданын үлкейтеді. Нерв клеткаларының аксоны көбіне біреу-ақ болады. Бірен саранында ғана екі аксон кездеседі. Олар ұзын болады: бірнеше сантиметрден 1-1,5 метрге дейін. Дендриттер көп болады. Олар - нейронның кірер есігі, ал аксондар - шығар есігі. Дендриттердің бүртіктері бала туғаннан кейін көбейе түсрді.
Нейрондардың бір-бірімен байланысы с и н а п с деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады.
Синапстың құрылысы мен қызметі. Синапс 2 бөлімнен тұрады: пресинапстық (сйнапстың алдындағы) және постсинапстық (синапстың соңыңдағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана нейрон аксонының жуандаған ұшы - синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады (лат. медиатор — делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасыңда синапс а р а л ы ғ ы болады. Ол клетка аралық сұйыққа толы кеңістік.
Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал өрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзей алады.,
Қазіргі кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар екені анықталды: Қоздырушы және тежеуші синапстар. Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор болады да ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді. Ми сыңарларының қыртысындағы нейрондарда ү-амин қышқылы (ГАМК) тежеуші медиатор ролін атқарады деген болжам бар.
Әрбір нерв клеткаларында коптеген тежеуші жөне қоздырушы синапстар болады. Бұл нерв өрекеттерінің бір-бірімен байланысты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Нерв талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мембранасынан өтіп синапс аралығына құйылуына түрткі болады. Ол медиатор синапс аралығындағы клеткаралық сұйықта диффузды түрде тарап, постсинапстық мембрананы тітіркендіреді. Постсинапстық мембранада медиатордың әсері қайтадан қозуға айналады.
Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте көп болады.
3. Нервтер мен нерв талшықтары. Сырты қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв т а л ш ы қ т а р ы деп атайды. Нерв талшықтары 2 түрлі болады: миелинді жене миелинсіз.
Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.
Егер нерв талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын тудырады. Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында натрий мен калий иондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе қозғалмайды. Тек қана оның бір жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда нерв талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. Әрекет потенциалы, нерв импульстері, қозу толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы, нерв талшығының белгілі бір жерінен 1 секундта 100 әрекет потенциалы, немесе 100 нерв импульстері, немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады.
Миелинді нерв талшығы арқылы нерв импульстері үздіксіз өте алмайды. Мұндай жағдайда бір Ранвье белдеуінен екінші белдеуге нерв импульстері секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамданады. Нерв талшығы арқылы қозудың өтуі талшықтың диаметріне де байланысты: диаметрі жуандаған сайын қозудың өту жылдамдығы тездейді. Нерв талшықтарын олардың диаметріне байланысты 3 топқа боледі: А, В, С талшықтары. А талшықтарының диаметрі 22 мк, оларда миелин қабығы болады. Бүл талшықтар арқылы қозудың оту жылдамдығы секундына 120 м. В тобының нерв талшықтарының да миелин қабығы болады. Олардың диаметрі 3 мк-ға дейін, қозуды откізу жылдамдығы секундына 5 м. С тобының талшықтарының диаметрі өте жіңішке: 1 мк-ға дейін. Олардың миелин қабығы болмайды, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 2 м. Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын нерв талшықтары жуандап, орталық жүйке жүйесінде де, шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.
Нерв талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып нервтерге айналады. Бір нервтің құрамында қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізетін жөне орталықтан жұмысшы мүшеге әкелетін талшықтар болады. Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе афференттік нервтер деп атайды, ал қозуды орталықтан жүмысшы мүшеге таситын нервтерді орталықтан тепкіш немесе эфференттік нерв дейді. Нервтердің көпшілігі аралас нервтер. Олардың құрамында афференттік және эфференттік нервтер болады.
Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік.
Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тындамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады. Бүл кезде ұлпалардың клеткаларыңда белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қаңдай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді.
Физиологиялық белсенд і л і к - кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, мүшелер жүйелері қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жүрек-қан тамырлар, тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мүндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді. Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады.
Т і т і р к е н у деп - сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін айтады. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін т і т і р к е н д і р г і ш деп атайды. Олардың әсерінен организм, оның жеке ұлпалары физиологиялық тыныштықтан белсенділікке ауысады. Тітіркендіргіштер төртке бөледі: физикалық, химиялық, физикалық - химиялық және биологиялық тітіркендіргіштер.
Физикалық тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым т. б.) және электрлік әсерлерді айтады.
Химиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамыңдағы органикалық және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, сілтілер, қышқылдар, тұздар және олардың ертінділері тәрізді көптеген химиялық заттардың әсері жатады.
Физикалық-химиялықтітіркендіргіштерге ертінділердегі заттардың парциалдық қысымы, осмостық қысымы, иондардың (аниондар мен катиондар) және түрлі заттардың концентрация айырмашылықтарының әсері (айталық, 5% және 7% тұз қышқылының ертінділерінің әсерінің айырмашылығы) жатады.
Биологиялық тітіркендіргіштерге түрлі макро және микро организмдердің әсерін жатқызуға болады.
Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркенгіш ұлпалар деп атайды. Оларға нерв, ет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштің әсеріне қозу мен жауап береді. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалар қызмет атқарады, олардың қызметі күшейеді. Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны т е ж е л у деп атайды. Тежелу де қозу іспетті тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде жеке мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет баяулайды, я болмаса мүлде тоқталады. Тірі ұлпалардың электрлік қасиетін биоэлектрл і к құбылыс дейді. Көп клеткалы организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңғырту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске асады.
Электр күшін тудыратын қуат клетка мембранасының ішкі жөне сыртқы жағында орналасқан оң (+) зарядты натрий, калий, кальцийдің катиондары мен түрлі теріс зарядты (-) аниондарға байланысты. Олардың бір-біріне градиенттік қатынасы (мембрананың иоңдық тартқышы) деп аталатын арнайы молекулалық құрылымның қызметіне негізделген. Энергия көзі саналатын иондық тартқыш аденозин үш фосфор қышқылы (АТФ) ферменттердің әсерінен ыдырау кезінде пайда болатын энергияны (яғни зат алмасуынан пайда болатын энергияны) жұмсайды. Тыныштық клетка мембранасының сырты мен ішіндегі потенциал айырмашылықтарын мембрананың потенциалы немесе т ы н ы ш т ы қ
т о ғ ы деп атайды.Қызмет атқарған клетканың мембранасы мен тыныштықтағы клетка мембранасының потенциал айырмашылығын әрекет потенциалы дейді. Тыныштық тоғы 50-90 мВ-қа дейін болады.
Жүйке жүйесінін маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
-денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тіршілігін қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесінін кұрылысы. Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі немесе перифериялық (лат. периферикус - шеттік) жүйке жүйесі болып бөлінеді.
Ор т а л ы қ жүйке жүйесі ми және жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 гр. Жұлынның жоғарғы жағы сопақша ми мен жалғасады да төменгі ұшы шашақтанып I жөне II бел омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады. Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум –бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері, Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер) Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері (І-жұптан баскасы) дененің терісін, аяқ- қолдарын, дене тұлғасының еттерін нерв пен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.
Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті, ал 2-3 жасқа келген баланың жұлыны 14 г болады (жаңа туған нәрестеде не бары 2,8 — 2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді.
Жұлын жүйке жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі. Түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері тасиды, ал мидан бүкіл дененің еттерін қозғайтын нерв импульстері мүшелерге барып, олардың қызметін реттейді. Бұларға қоса, жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық, тізе рефлексі). Адам өмірі үшін маңызды зәр шығару мүшесі бұл жұлынның қатысуымен орындалады.
Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты. Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.
Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б. рефлекстер).
Адамның миы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бүларға 1 иіс, 2 көру, 3 көз қимылдатқыш, 4. шығыршық, 5. үшкіл, 6. бұру, 7. бет, 8. дыбыс, 9 тіл-жұтқыншақ, 10 кезеген, 11 қосымша, 12 тіласты нервтері жатады.
Адамның миы ми сауытында орналасқан. Ми сопақша ми, көпір, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады.
Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390 гр.Жаңа туған ер баланың миының салмағы қыздардың миынан салмақтылау болады. Алғашқы жылы мидың салмағы екі есе, 3 жаста үш есе ұлғаяды. Бастауыш сынып оқушыларының миының салмағы 1250-1300 гр, ересек адамда 1400-1450 гр. Алғашқы 6-7 жылдың ішінде баланың миының салмағы ересек адамның миының салмағының 4/5 бөлігіндей болады. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Адамның ақыл-ойы оның миының салмағымен тікелей байланысты емес. Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті оның салмағы 900 грамнан төмендегенда және 2100 грамнан асқанда бүзылады;
Сопақша ми - жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Оның ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7 г. Ол екі түрлі қызмет атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік. Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей шығару, қарын және қарын асты бездерінің сөлдерін шығаратын нерв орталықтары орналасқан және ІХ-ХІІ ми нервтерінің ядролары орналасқан.
Вароли көпірі — сопақша мидың үстінде орналасқан. Оның ұзыңдығы 2,5 см. Ол үстіңгі жағыңда ортаңғы мимен, бүйір жақтарында мишықпен шектеседі. Сопақша ми мен вароли көпірін артқы ми деп те атайды. Мұның қызметі де сопақша ми тәрізді: рефлекторлық және өткізгіштік қызметтерін атқарады. Көпірден 5-6 ми нервтері шығады және көпір мен сопақша мидың арасынан VII, VIII ми нервтері шығады. Жаңа туған нәрестенің сопақша миы мен көпірінің жалпы салмағы 8 гр. 7 жасқа келгенде артқы мидың дамуы аяқталуға жақындайды.
Сопақша мидың арт жағында м и ш ы қ орналасқан. Мишық 3 бөлімнен тұрады: мишықтың сырты деп аталатын ортаңғы белім жене мишықтың екі жарты шарлары. Мишықтың жарты шарларының үстіңгі сыртқы қабаты сұр затты мишықтың қыртысынан тұрады, оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Мишықтың қыртысы 3 қабат болып орналасқан нейрондардан (нерв клеткаларынан) құралған: I - сыртқы, молекулярлық; II - ортаңғы, ганглиялық; III - ішкі, түйіршік қабаттары. Мишықтың жарты шарларының қалған жері ақ заттан құралған. Ақ затында сұр заттың түйірлері -тісті, тығын пішінді және шар тәрізді ядролар орналасқан. Мишықтың сыртында сұр заттан құралған екі ядро бар. Ересек адамның мишығының салмағы 150 г, оның негізгі қызметі - белгілі бір қозғалысқа қатысатын бұлшық еттердің жиырылуының жылдамдығын үйлестіру арқылы барлық қозғалыстарды реттеу, яғни қозғалыстар кезінде бұлшық еттердің тонусын сақтау. Қорытып айтсақ, мишық - тонустық рефлекстердің жоғары дәрежелі реттеушісі болып есептеледі. Бүған қоса, мишық тыныс алуды, жүректің соғуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.
Ортаңғы ми вароли көпірінің үстіңгі жағында орналасқан. Мұндағы сұр заттар 4 төбешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы жөне шығыршық нервтерінің, қызыл жөне қара субстанцияның ядролары бар. 4 төмпешіктің алдыңғыларында алғашқы көру орталығы, артқы төмпешіктерінде алғашқы дыбыс орталықтары орналасқан. Олардың қызметіне қарай бағдарлау реакциялары орындалады. Қара субстанция үйлестірілген жұтыну, шайнау, саусақтардың нәзік қимылдарын реттеуге қатысады. Қызыл ядрода еттің тонустары реттеледі.
Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында а р а л ы қ ми орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді т а л а м у с, ал төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамус дененің жоғары дәрежелі вегетативтік орталығы болып саналады. Мұнда зат алмасуын, дененің температурасын, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Мұнда нейросекреттер түзіліп, ол нейросекреттер гипофиз безінде белсендіріледі. Сондықтан гипоталамус пен гипофиз зат алмасуын реттейтін біріккен орталық болып есептеледі. Гипоталамуста барлық ішкі секрециялық бездердің қызметін реттеуге қатысатын орталық та бар. Бұларға қоса, ол адамның ұйқысын жөне сергектігін реттеуге қатысады.
Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады. Ми бағанасының ортаңғы бөлігін ретикулярлық формация (торлы құрылым) деп атайды. Ол әртүрлі пішінді және мөлшерлі, бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрады. Микроскоппен қарағанда торға ұқсас болғандықтан оны торлы құрылым деп те атайды. Торлы құрылым негізінен орталық жүйке жүйесінің 3 бөліміне әсер етеді: жұлын, мишық және үлкен ми сыңарлары. Ол жұлынның белсенділігін арттырып немесе тежеп отырады.Торлы құрылымның әсерінен жұлынның байланыс жолдары жеңілденіп, әлсіз тітіркендіргіштің өзіне жұлын рефлекстері толығынан және жақсы пайда болады. Ал тежеп әсер еткенде жұлын рефлексі әлсіреп, нашарлап тітіркендіргіштің күшті әсерін қажет етеді. Ми сыңарларына белсендендіріп әсер етуіне байланысты оның қозғыштығы төмендеп, адам ұйқыға кетеді. Ми сыңарлары мен торлы құрылым бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Тек қана торлы құрылым ми сыңарларын белсенлендіріп қоймай, керісінше, ми сыңарларының қыртыстары да торлы құрылымға белгілі шамада әсер етеді.
Торлы құрылымның мишыққа әсері оның ми сыңарларына әсер ететін. Оның жұлынға әсері 2-3 жаста әлі де болса толық қалыптаспағандықтан, жұлын рефлексінің пайда болуы жеңілденбейді де, керісінше, қиындай ды, бірақ ми сыңарларына әсері ересек адамға ұқсайды. Торлы бөлімнің қызметі бастауыш сынып оқушыларында толық қалыптаспаған.
Қыртыс асты ядролар. Ми сыңарларының ақ заттарының ішіңде қыртыс асты ядроларының сұр заттары болады. Ол ядролардың ішінде ең маңыздысы — бозарған ядро, қауызды ядро және құйрықты ядролар.
Бозарған ядро қозғалу кезінде көмекші қимылдарды қамтамасыз етеді және ортаңғы мидағы қызыл ядроны тежейді. Бұл ядроның қызметі күшейгенде қосымша қимылдар көбейіп, бұлшық еттің тонусы төмендеп кетеді. Мүндай жағдайда қажетсіз еріксіз тырбаңдаған қимылдары пайда болады, беті тыржияды т. с. с. қимылдар туады. Ондай еріксіз қимылдар, мысалы, хорея ауруымен ауырған адамдарда байқалады.
Бозарған ядроның қызметі нашарлағанда бұлшық еттің тонусы күшейіп, көмекші қимылдар мүлдем жойылады. Ондай адамның беті маска тәрізді болып, қимылдары икемсіз, бір-біріне сейкестелмейді.
Құйрықты ядро мен қауызды ядро бозарған ядроның қызметін тежейді. Сондықтан бұлардың қызметі күшейгеңде бозарған ядроның қызметі төмендейді, ал қызыл ядроның қызметі күшейеді. Мұндайда паркинсон ауруындағы тәрізді белгілер байқалады. Ал оның қызметі нашарлағанда хореяға ұқсас кемшіліктер пайда болады.
2-3 жаста қыртыс асты ядроларының мөлшері ересек адамның мөлшерінің 40%- ындай болады. Оның нейрондары бұл мерзімде әлі де болса дифференцияланып (нейрондардың белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі) үлгермейді, аксондарының көпшілігінде миелин қабығы жетілмеген, сондықтан балалардың қимылдары өлі де болса ыңғайсыздау, дұрыс бағытталмаған.
4-6 жаста қыртыс асты ядролары ересек адамның 80%-ындай болады. 7-13 жаста оның аксондары толық миелинденіп, ересектердің ядроларына жуықтайды.
Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шарлары). Үлкен ми сыңарлары мидың ең үлкен, ең маңызды бөлімі. Адам миының барлық салмағының 80%-ын ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 миллиард нерв клеткалары бар, яғни орталық жүйке жүйесінің нейрондарының тең жартысы осы ми сыңарларында орналасқан. Ми сыңарлары қызметін жоғары жүйке әрекетіне жатқызады. Ол өзінен төмен орналасқан орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметін реттеп отырады. Бүған қоса, біздің санамыз, ойлау қабілетіміз осы ми сыңарларының қызметіне негізделген.
Құрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен түрады: мандай, орталық, төбе, шүйде және самай.
Ми сыңарларының үстіңгі беті қатпарланған сайлардан тұрады. Олар бір-бірінен қатпарланып бөлінген. Алдыңғы жөне артқы сайларды орталық немесе роланд қатпары бөліп тұрады. Алдыңғы орталық сай ортаңғы қатпардың артында, ал артқы орталық сай ортаңғы қатпардың алдында орна-ласқан. Ортаңғы сайдың алдыңғы жағында жоғары, ортаңғы және төменгі маңдай сайлары бар. Олар өздері аттас қатпарлармен бөлінген. Орталық сайдың артыңда төбе сайлары орналасқан. Адамның желкесінде қатпарлармен бөлінген бірнеше сайлар болады. Самай бөлігінде 3 қатпар бар: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Адамның самай бөлігін маңдай бөлігінен бөліп түратын терең қатпарды Сильвий қатпары немесе мидың бүйір жақ саңлауы дейді. Бұл аталған негізгі қатпарлар мен сайлардан басқа бірнешеуі бар. Олардың әрқайсысының өз аты болады.
Ми сыңарларының сыртында нейрондардың денесінен тұратын қалыңдығы 2-4 мм сұр затты ми жарты шарларының қыртысы немесе м и қ ы р т ы с ы деп атайды. Ми жарты шарларының қалған аумағы миелин қабығымен қапталған нерв клеткаларының аксондарынан тұрады.
Ми жарты шарлары мөлшерлері мен пішіні әртүрлі нейрондардан тұрады. Ми қыртысының нейрондары 14 түрлі және оның құрамыңда нейроглиялар да болады. Олар нейрондардың тірегі қызметін атқарады әрі оларды қоректендіреді. Нейроглиялардың саны нейрондардан 10 есе артық болады.
Ми жарты шарларының жалпы көлемі 1700-1800 см2, бірақ оның 2/3 болігі қатпарларында орналасқан, тек 1/3 белігі сайларының үстіңгі жағынан орын алады.
Ми жарты шарларының қыртысы 7 қабат нейрондардан тұрады:
1..Молекулярлық қабат ми қыртысының ең үстіңгі жағында орналасқан ұсақ нейрондардан құрылған.
2.Сыртқы түйіршікті қабат пішіні дөн, пирамида және көп бұрышты нейрондардан тұрады.
3.Сыртқы пирамидалы қабат пирамида пішінді мөлшері әртүрлі нейрондар.
4.Ішкі түйіршікті қабат тығыз орналасқан әртүрлі пішінді ұсақ нейрондар.
5.Терең орналасқан пирамида қабаты Бец клеткаларының жиынтығы.
6.Көп пішінді клеткалар қабаты үш бүрышты, ұршық тәрізді, көп бұрышты және жұлдыз пішінді клеткалардан түрады.
7.Бұл қабат жіп тәрізді өте ұзын нерв торшаларынан тұрады, кейбіреулерінің дендриттері 1-ші қабаттағы нейрондарға өтіп кетеді.
Ми қыртысында белгілі бірнеше қызмет атқаратын бөлімдер бар: сезім, қозғалыс, байланыс және лимбика.
Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімі ретінде ми жарты шарлары бір-бірімен байланысты екі үлкен қызмет атқарады:
1.Организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-қүлқы, ойлау қабілеті, санасы, ақыл-ойы — бүлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері;
2.Организмнің қызметтерін бір-бірімен байланыстыру,ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптастыру, келтіру, яғни үйлестіру.
Бұдан бір ғасырдай бұрын ми жарты шарларының бірдей еместігі, әсіресе олардың қызметінің арасындағы айырмашылығы анықталған болатын. Мидың сол жағыңдағы сөйлеу орталығы зақымдалса, адам сөйлей алмай қалатынын Брок дәлелдеген. Осы аймақтың басқа бір нүктесіндегі нейрондар істен шыққаннан кейін адамда сөздің мағынасын түсіну қабілетінің бүзылғанын Вернике анықтады. Сол мәліметтерге байланысты мидың сол жақ жарты шарының ойлауға қатысы барлығы байқалды. Мидың оң жақ жарты шарына немғұрайлы көзқарас туып, ол қосымша бөлік деген ұғым пайда болды, бірақ кейіннен бүл пікірдің қате екендігі анықталды. Егер оң жақ жарты шар зақымдалса, көру қабілеті, кеңістікті аңғару сияқты қызметтер кеміген. Мидың оң жағының психикаға да қатысы бар.
Мидың оң жақ жарты шары кеңістікті қабылдау қызметін, ал сол жақ жарты шары сөйлеу, ойлау қызметтерін атқаратынын Р. Сперри ұсынды. Бұл қағида бойынша зерттеу жұмыстары көптеген ғылыми деректер жиналды. Сөйтіп адамның миының жарты шарларына тән негізгі қызметтер анықталды.
1985 жылы В. Л. Бианки ғылыми зерттеулер жұмысының және арнайы клиникалық бақылаулардың нәтижесінде оң жақ жарты шар дедукция (лат. дедукция — жалпылықтан жекелікке шығару), яғни жалпылықтан жекелікке қарай бағытталған тәртіппен талдауды басқарады. Ал сол жақ жарты шар индукция (лат. индукция — жекешеден жалпылыққа шығару) тәртібімен, яғни жеке-жеке талдаудан жалпылауға көшеді, біріктіріп жинайды.
Бұл зандылықтар да екі жарты шарлардың бірлескен қызметінің дүние танудағы маңызын көрсетеді. Адамзаттың тарихи дамуының нәтижесінде осындай үйлесімді дүние тану заңдылықтары қалыптасып, адамның сана-сезімі жетілдірілді. Сонымен бірге, мидың ойлау және сөйлеу жүйелері жақсы дамыды.
Достарыңызбен бөлісу: |