Биология кафедрасы


Лекция № 6 Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі және оның жас ерекшеліктері



бет9/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.59 Mb.
#133662
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Лекция № 6

Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі және оның жас ерекшеліктері.

Жоспары:

1.Адам қаңқасы.

2.Қаңқаның қалаптасуы мен олардың иілістері.

3.Бас,аяқ –қол,ми сауыты және бет сүйектерінің дамуы.



Лекция мақсаты: Баланың тірек-қимыл жүйесінің маңызы, құрылысы, қызметі мен танысу.

Лекция мәтіні:

1. Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады.

Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді, Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты.Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т.б) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Соңғы кезде бұл жүйке зат алмасуына, әсіресе минерал заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысатыны анықталды. Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекітілген. Олардың көбі екі сүйекке бекігендіктен олардың қозғалысын іске асырады. Әрбір сүйекке екі, тіпті одан да көп еттердің ұштасуы мүмкін.

Еттердің негізгі қызметі — сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.Адамның қимыл-қозғалысы организмдердің эволюциялық дамуында қалыптасқан, оған тән морфологиялық және функциялық денені тік ұстауға, қимыл-қорғанысқа ет пен сүйектен басқа тірек-қимыл жүйесіне кіретін буындар, сіңірлер, тарамыстар қатысады.

Сонымен, сүйек-ет жүйесі негізінен тірек, қимыл-қозғалыс, қорғаныс, тұздардың алмасуына қатысу арқылы адам организмінде өте маңызды орын алады.

Сүйектің құрылысы мен құрамы. Адам қаңқасының негізі сүйек. Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан о с т е о н деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек
қабының орнына шеміршек болады.Остеондардың орналасуына қарай сүйек екі түрлі заттардан тұрады: (тығыз және кемік заттар.)

Тығыз заттар кемік сүйектің сыртын да орналасқан. Олардың қалыңдығы әр сүйекте әртүрлі. Тірек-қимыл қозғалыс қызметтерін атқаратын сүйектердің тығыз заттары көп болады. Мысалы, ұзын сүйектің ортаңғы бөлімі диафизін де (грек- диафизис - жілік сүйектің ортасы).Кемік


сүйекте остеондар айқыш-ұйқыш орналасады да, арасында саңлаулары көрінеді. Олар қысқа, жазық сүйектерде, ұзын сүйектің екі жақ ұшында көп болады (Жілік майының
каналдарында сары түсті, ал кемігінде қызыл түсті май бар. Себебі кемік сүйектерде қан түйірлері эритроциттер, лейкоциттер жене тромбоциттер дамиды. Ересек
кадамның жілік қуыстарындағы май сары түсті келеді.Олар
көбіне май клеткаларынан тұрады.

Сүйек қабы сәл қызғылттау екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі қабықтар. Сыртқы қабығы тығыз, ішкі қабығы жұмсақ, борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Ішкі қабығында сүйектердің өсуін қамтамасыз ететін клеткалар остеобластар болады.

Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.

Сүйекті күйдіргенде о с с е и н жанады да, бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті тұз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затқа, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.

Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.

Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.

2.Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады Т ұ л ғ а сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабыргалар мен кеуде сүйегі жатады.

О м ы р т қ а ж о т а с ы - бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ омыртқалары. Мүның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады.

Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және ө с і н д і л е р і болады. Омыртқаның тығыз жері - денесі. Омыртқалардың доғалары жұлын орналасатын омыртқа жотасының к а н а л ы н (өзегін) құрады. Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары жөне төмен бағытта орналасқан жүп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жүп бүйір өсінділері болады. Омыртқалардың жалпы құрылысы ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады.



І-ші мойын омыртқасы - атлант немесе ауыз омыртқа тікелей бас сүйегімен жалғасады. Оның денесі және арқа өсіндісі болмайды, бір-бірімен бүйір денесі арқылы қосылып жатқан алдыңғы және артқы доғалармен шектескен сақина тәрізді. Ауыз омыртқа шұңқырлау үстіңгі буынымен шүйде сүйекпен, астыңғы тегіс буынымен екінші мойын омыртқамен жалғасады. Мұның омыртқа тесігі басқа омыртқалардан кеңірек болады. ІІ-ші мойын омыртқасының денесінен жоғары қарай бағытталған тісшесі болады. Ол тісшедегі алдыңғы және артқы буын беті арқылы ауыз омыртқамен, астыңғы жағыңдағы буын беті арқылы Ш-ші мойын омыртқасымен жалғасады.

Соңғы УІІ-ші мойын омыртқасының арқа өсіндісі ұзын болады. Көкірек омыртқаларының ерекшелігі — денесінің аддыңғы бүйір бетінде және көлденең өсінділерінде қабырға ойыстары деп аталатын буын беттері. Екі көкірек омыртқаларының жартылай буын ойыстары омыртқа жотасының буын ойыстарына айналады. Ол жерге қабырғаның басы кіреді. І-ші көкірек омыртқасының үстінде толық буын ойысы, астында - жартылай буын ойысы бар. Ал Х-шы омыртқаның үстіңгі жағында да жартылай буын ойысы болады. ХІ-ХІІ-ші омыртқаларда бір-бірден ғана буын ойыстары бар. Ауыртпалық көбірек түсетіндіктен бел омыртқаларының денесі жақсы жетілген және ірі келеді, әсіресе, соңғы У-ші омыртқа көкірек омыртқаларынан анағұрлым ірі болады. Эволюциялық даму кезінде қабырғалар көлденең өсінділерімен бірігіп бітуіне байланысты өсінділері ұзын болады.



Ересек адамның сегізкөз омыртқаларының арасы бірігіп сегізкөз сүйегіне айналады. Оның сыртқы ортасында бірігіп кеткен арқа өсінділерінен пайда болған ортаңғы сегізкөз қыры, оның екі жағынан бірігіп кеткен буын беттерінен пайда болған бүйір қыры, көлденең бүйір өсінділерінен пайда болған бүйір қыры болады. Біріккен омыртқа тесіктерінен пайда болған сегізкөз каналы омыртқа жотасы каналының жалғасы болып есептеледі. Оның алдыңғы және артқы бетінде нервтер мен тамырлар өтетін тесігі болады. Сегізкөздің бүйір жақтарында қүлақша төрізді жамбас сүйегімен жалғасатын буын беті болады. Оның артқы жағының бұдырлы жеріне тарамыстар бекиді. Ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзындау болады. Адамның ІУ-У-ші қүйымшақ омыртқаларының денесі бірігіп құйымшақ сүйегіне айналған. Мүны жануарлардың құйрық омыртқаларының рудименті (қалдығы) деп есептейді. Олардың өсінділері жойылып, денесі ғана қалған. Тек І-ші құйымшақ омыртқасында ғана қалған өте қысқа көлденең өсінділері бар. Омыртқа жотасының өсуі баланың алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Жаңа туған нәрестелердің омыртқаларыңца алты сүйектену нүктелерін көруге болады. Олар 1 жасқа таман біріге бастайды. Омыртқалардың эпифизі алғашқы жылы шеміршек күйінде сақталады. Омыртқа аралығындағы буындардың шеміршектері қалың және серпімді келеді. Сондықтан олардың омыртқа жотасы ересектермен салыстырғанда жеңіл қимылдайды.Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдері болмайды, 2-3 айда баланың мойыны бекігеннен кейін мойын л о р д о з ы ( лат. лордоз - алға қисаю, иілу), 6 айдан кейін отыра бастағаңда кеуде және сегізкөз к и ф о з д а р ы (лат. кифоз — артқа қарай иілу, қисаю), 1 жасқа жақыңдап, бала жүре бастағанда бел лордозы пайда болады. Дегенмен бір жастағы баланың омыртқа жотасының иілуі нашар әрі тұрақсыздау болады: таңертең ұйқыдан тұрғанда нашар, кешке таман күшейе бастайды 2-3 жаста омыртқа одан әрі қарай сүйектене береді.Омыртқа аралық буын шеміршектері әлі де болса қалыңдау болып, омыртқа жотасы жақсы қимылдайды. Бұл кезде сегізкөз, құйымшақ омыртқалары біріге бастағанымен аралары толық бітпейді. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты иілістері күшейе түскенімен, әлі де болса тұрақсыз болғандықтан, баланың бойы таңертең өлшегенде 5-6 см ұзын (ересек адамда 2-3 см ғана), кешке өлшегенде соншалықты аласа болып түрады. 4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілістері толық қалыптасады. Бұл кезден бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасыңда физиологиялық қалыпты 2 лордозы (мойын және бел омыртқа), 2 кифозы (кеуде және сегізкөз) иілістері түзіледі.Салмақ бел омыртқа иілісіне көбірек түсіп, ол қисаяды, ал жатқанда мойын және бел омыртқаларының иілістері түзеледі. Бала омыртқасының сүйегінің қатаюы жылдам болғанымен, олардың диафиздерінде шеміршек қалың болады және омыртқа аралық шеміршектері биік келеді. Сегізкөз бен құйымшақ сүйектері біте бастайды. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да, шеміршекті қабаты сақталады. Омыртқа аралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары ұзарып, жуандайды. 5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқааралық шеміршектердегі заттың алмасуы өте күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқаның өсуі тез бұзылып, омыртқа жотасының бір жақ бүйіріне қарай қисаю, лордозы, кифозы өзгерістері пайда болады. Мысалы, өте жылдам 8-12 м/сек қозғалғанда мойын және көкірек омыртқалары зақымдалады. Бала өте аз қозғалғанда да ұсақ зақымдар пайда болып, олардың негізінде кейіннен омыртқа кемшіліктері дамиды. Омыртқа жотасының өсуі жігіттік пен бойжеткендік кезеңге дейін байқалғанымен, әр түрлі бөлімдерінің омыртқалары бірдей өспейді. 1,5 жасқа дейін барлық омыртқалар бірдей өседі, 1,5-3 жас арасында мойын және кеуденің жоғарғы омыртқалары нашар өседі.

Омыртқа аралығындағы шеміршектер жоғарыдан төмен қарай қалыңдай түседі. Ол шеміршектердің ұзындығы бүкіл жотаның 1/4 бөлігіне тең. Бұлар омыртқа жотасын серпімді етіп, жан-жаққа қимылдауға мүмкіндік тудырады.

І-ші құйымшақ омыртқасы тек қана жартылай шеміршекпен жалғасқан, сондықтан арасында аздаған кеңістік болады да, басқа омыртқалардың жалғасуынан ерекшелеу жарты ай тәрізді болады. Ұзынды-қысқалы сіңірлер омыртқа жотасын бекітіп, қимылдау мүмкіндігін төмендетеді, оны үзілуден сақтайды. Екі ұзын сіңір байламдары бастың шүйде сүйегінен басталып, мойын, көкірек және бел омыртқа бөлімдерінен өтіп, сегізкөздің жоғарғы жағына дейін жетеді. Алдыңғы ұзын сіңір байламы омыртқалардың денесінің алдынан жайпақ лента тәрізді созылып жатады, ал артқы байламы омыртқа каналының ішімен жіңішке лента іспетті созылып, омыртқа аралығында сәл жалпақтанады. Қысқа сіңір байламдары көршілес екі омыртқа доғаларын, арқа және көлденең өсінділері сегіз көзбен құйымшақ сүйектерін байланыстырады. Бұл байланыстар мен омыртқа иілістері соққы, сілкіну, солқылдау жағдайларында денені серпімді етіп, зақымнан сақтайды, түрлі қимыл қозғалыстарын тудырады. Көрші омыртқалардың бір-бірімен қимылы шектелгенімен, жалпы омыртқа жотасының қимыл мүмкіндігі мол. Ол 160 градусқа дейін еңкейіп, 145 градусқа дейін шалқаяды, оңға-солға 165 градусқа, ал ез есінде 120 градусқа дейін қозғалады. Бұған қоса, омыртқа жотасының иілістері дененің серпімді болып, жеңіл қозғалуына мүмкіндік тудырады



Көкірек қуысының сүйектері. Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасынан басқа көкірек қуысын құратын қ а б ы р ғ а және т о с сүйектері жатады.

Қ а б ы р ғ а. Адам денесінде 12 қос қабырғалар бар. Әрбір қабырға жалпақтау ұзын сүйектен және шеміршектен тұрады. Олар бір-бірімен жалғасып кеткен. Қабырғаның б а с ы , м о й ы н ы , д е н е с і болады. Оның омыртқамен жалғасқан жерін қабырға басы деп атайды да қалған жері мен басының арасыңдағы жіңішкелеу жерін мойын дейді. Қабырға денесінің алдыңғы жақ ұшы төс сүйегімен жалғасады. Жоғарғы қос қабырғаның мойыны мен денесінің қосылатын жеріндегі қабырға бұдыры омыртқаның көлденең өсіндісімен жалғасады.

Әр қабырғаның пішіні мен құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Жоғарғы VII қос қабырғалар шеміршек арқылы тікелей төс сүйегіне жалғасса, УШ-ІХ-Х-қабырғалар ұзын шеміршек қабырғалар арқылы алдыңғыларымен жалғасады, ал ХІ-ХП-жүп қабырғалардың алдыңғы ұшы бос қалады. Алғашқы І-УІІ-жұп қабырғаларды ш ы н, олардан кейінгі УІІ-Х-жүп қабырғаларды ж а л ғ а н, ал соңғы ХІ-ХП-жұп қабырғаларды б о с қабырғалар деп атайды.

Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2-айлығында VI-VII қабырғаларда басталады, 3-4 жасқа келгенде қабырғаның ортасы мен бұрышында ғана тығыз сүйектері болады, яғни қабырғаның 40%-ында ғана остеондық құрылысы болады, 6-7 жаста қабырғаның алдыңғы жағы толық сүйекке айналады.Төс суйегі — жалпақ сыңар сүйек. Дененің көкірек қуысының алдыңғы сызығының бойында орналасады.Т ө с сүйегінің денесі, тұтқасы, семсершесі болады. Төс тұтқасының жоғарғы жағында м о й ы н д ы р ы қ, екі жағында б ұ ғ а н а, және жеті-жетіден қабырға ойындылары бар.

І-ші қабырға ойындысы төс тұтқасы мен денесінің қосылған жерінде басталып, қабырға ойындысы төс денесі мен семсершесінің қосылатын жерінде болады.

Төс сүйегінің бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Төстің төменгі жағының шеміршектері 15-16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жаста сүйекке айналып, төс сүйегінің бөліктері жалғасып, арасы бітіп кетеді, ал семсершенің сүйектенуі 30 жасқа дейін созылады.

Омыртқа сүйектері мен XII қос қабырғалар және төс сүйегі көкірек қуысын құрайды. Адамның көкірек қуысы жұмыртқа пішіндес болады, бірақ жасына, еңбегіне, ауруға байланысты өзгеруі мүмкін.

1 жастағы баланың көкірек қуысы екі бүйірінен қысылған конус тәрізді, 12-13 жаста ғана ересек адамның көкірек қуысындай болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе артериялары, өкпе, бауырды қорғайды. Сонымен қатар, тыныс мүшелерінің еттерінің және қол еттерінің бекіген жері. Осы сүйектерінің қозғалмалы байланыста болуы арқасында адам тыныс алуға мүмкіншілік алады.

Ауыр жүмыстың әсерінен дене шынықтыруға байланыстьі көкірек қуысының көлемі кішірейеді.

Партада отыру ережесін дұрыс орындамай, үстелдің шетіне үзақ уақыт кеудесімен тіреліп отырған баланың төс сүйегі ішіне қарай майысады және көкірек қуысы тарылады да, өкпе мен жүректің дамуы нашарлайды.

3.Иық және жамбас белдеулерінің сүйектері. Аяқ-қолдардың сүйектері адам денесінің екі белдеуін құрады: иық және жамбас белдеулері. Омыртқа жотасының жоғарғы жағында екі жауырын сүйектері орналасқан. Олар бұғана және тос сүйектерімен жалғасады. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйегі арқылы қол сүйектерімен жалғасады.

Ж а у ы р ы н - жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғасқан. Жаңа туған сәбидің жауырын сүйегінің иық, құс тұмсық өсінділерінде, буын бетінде, омыртқа жақ шетіңде, жоғарғы және төменгі бұрыштарында шеміршектер болады. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарда 18 жаста қатады.

Б ұ ғ а н а (латынның) 8 әрпі тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады. Қ о л жауырынмен қозғала біткен иін сүйектерінен, шынтақ пен шыбық сүйектерінен құралған білек сүйектеріне, білезіктің ұсақ сүйектері, бес ұзын алақан сүйектері мен саусақ сүйектерінен тұратын қолдың басынан тұрады. Қолдың басы сүйектері кеудеге қарай бағытталған алақан ойығын түзеді. Алақан ойығы жаңа туған нәрестеде қалыптаса бастап, 10-13 жаста толық аяқталады. Осы мерзімде саусақ сүйектерінің қатуы да аяқталады. Сондықтан мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сурет салуы, жазуы өте баяу болады. Ұзақ уақыт жаттықтырса, саусаққа күш түсуіне байланысты оның сүйектері тез қатады да, ұзын болып өседі. Мысалы, күйшілердің саусақтарын айтуға болады.Тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қалады. Бұл жіліктің ұзарып өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты болғандықтан, 22 жасқа дейін жілік басын кесуге болмайды. Кессе, жілік өспей қысқа болып қалады.Кәрі жіліктің қатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Ш ы н т а қ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-22 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатады. Б і л е з і к сүйектерінің қатуы 14-16 жаста аяқталуға жақын болады. С а у с а қ сүйектері 16-18 жаста қатып аяқталады.



Жамбас белдеуінің сүйектері. Жамбас белдеуі сегізкөзден және онымен қимылсыз біріккен екі жамбас сүйектерінен құралған. Жамбас сүйектерінің алдыңғы жағы бір-бірімен қимылсыз біріккен. Жамбас сүйектерінің ойысында ортан жіліктің басы бекіген. Жамбас пен ортан жілік қозғалмалы буын арқылы бірігеді. Адамның жамбас сүйектері кең тостақан тәрізді қуыс жасайды. Себебі адамның тік жүруіне байланысты ішек-қарынның салмағы осы жамбас сүйектеріне түседі. Ортан жіліктің екінші шеті асықты жілік пен оның ш ы б ы ғ ы н а жалғасады. Ал олар толарсақ, бақай сүйектері және бақайшықтан құралған т а б а н сүйектерінен тұрады.

Ортан жілік пен асықты жілік бір-бірімен тізе буыны арқылы қозғалмалы жалғасқан. Табан сүйектері бір-бірімен буындасып жалғасқан сүйектер.

Ортан жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек. Оның жілік басы, денесі болады. Жілік басы мен денесінің арасында мойыны бар. Мойыны мен денесінің қосылатын жерінде бұдырлау орналасқан ұршықтары болады. Бала туғаннан кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өседі де, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпта баяу өседі. Жілік басы мен мойыны 14-20 жаста бірігіп кетеді. Осы мерзімде ұршықтары, мойыны, денесі бір-бірімен жалғасады. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады. Асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін осіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Олар төмен қарай өседі, яғни ұзарады. Асықты жіліктің шеміршектері балада неғүрлым тез жүріп кетсе, соғүрлым тез өседі.

Табан сүйектері өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен құралған. Өкше сүйектеріне нағыз өкше сүйегі, тепкіш, қайық , сына, куб тәрізді сүйектер жатады. Бұлардың өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады.

Бақайшақтар бес ұсақ жүмыр пішінді әртүрлі сүйектерден тұрады. Қыздарда - 17, жігіттерде - 20 жасқа дейін өседі. Бес саусақ сүйектерінің төртеуі 3 сүйектен, ал бас бармағы 2 сүйектен құралған, бір-бірімен буындасқан сүйектерден тұрады. Ең алдымен І-саусақтардың сүйектері өсе бастайды да кейіннен IV-V саусақтар сүйектері жетіледі. Барлығының өсуі 15-20 жаста аяқталады.

Т а б а н сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады. Табан күмбезі сүйектерді мықтап бекітіп тұратын тарамыстардың даму барысында пайда болып, табанға күш түскенде оның күмбезі төмендейді. Табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына тар аяқ киім, ауыр жүк тасу, үзақ уақыт табанға күш түсіріп, кішкентай баланың түрегеліп тұруы, сол сияқты мешел ауруыңда да кері әсер етеді. Мұндайда жалпақ табан пайда болады. Жалпақ табанда баланың сымбаты бұзылады, қан айналысы нашарлап аяқ тез шаршайды. Жалаң аяқ жер басып жүру, бұлшық еттерді күшейтетін түрлі жаттығулар, спорт ойындары жалпақ табанның алдын алады, яғни оны болдырмайды, табан күмбезін дұрыс қалыптастырады.

Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды. Себебі ондай аяқ киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды.

Бас сүйектері. Бас сүйектері екі негізгі бөліктен тұрады: ми сауыты жөне бет сүйектері. М и

с а у ы т ы адамның миы орналасқан үлкен қуыс. Ол мандай, жұптасқан төбе, шүйде жөне екі самай, негізгі және көз торы сүйектерінен тұрады. Ми сауыты самай сүйегінің тесігі арқылы ішкі құлақпен, шүйде сүйегінің үлкен тесігі арқылы омыртқа өзегімен (омыртқа каналы деп те аталады) жалғасқан.

Бет сүйектері жоғарғы және төменгі жақ, шықшыт-бет, тандай сүйектері, кеңсірік желбезегі, мұрын сүйегі мен мұрынның төменгі кеуілжігі және көз қуысы сүйектерінен тұрады.

Бұлардың ішінде төменгі жақ сүйегі ғана қозғалмалы орналасқан. Қалғандары бір-бірімен қозғалмайтындай тығыз біткен. Бет сүйегінің біразы жұп (үстіңгі жақ, мұрын, көз қуысы, бет-тандай, төменгі кеуілжік сүйектері), тек үшеуі ғана жалғыз (жақ, тіл асты сүйектері) сүйектер.

Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері алғашқы 1 жаста және жыныстық жетілу мерзімінде, әсіресе 13-14 жаста күшті өседі. Дегенмен ересек адамның өзінде ми сауытының көлемі бет сүйектерінің көлемінен артық болады: нәрестенің ми сауыты бет сүйектерінен 8 есе, ересек адамда 2-2,5 есе артық.

Жаңа туған сәбидің ми сауытьшың сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектердің қосылатын жерінде үлкен болады. Ондай жерін баланың е ң б е г і деп атайды.

Ми сауытының ондай жерлері екі-екіден самайда (жалпы саны 4), мандайда және шүйдеде бір-бірден болады. Барлығы 6. Маңдай еңбегі 1 жасқа жақындағанда, қалғандары 2-3 айда бітеді де, қатты қабықпен жабылады ми сауыты сүйектерінің арасындағы жіктері 4 жасқа жақындағанда бірігіп кетеді де олардың өсуі тоқталады. Бет сүйектері жыныстық жетілуге дейін өсіп, содан кейін өсуі тоқталады.

Нәрестенің жақ сүйектерінің т і с т е р і болмайды. Баланың тісі ең алғаш 5-6 айда өсе бастайды (сүт тістері шығады), 6 жасқа жақындағанда сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістері шығады. Ең соңғы тұрақты тістері — ақыл тістері жыныстық жетілуден кейін пайда болады. Жалпы алғанда тістердің шығуы, өсуі, тұрақты тіске ауысуы баланың дене шынығуына, жетілуіне байланысты. Сондықтан жастардың тісінен олардың биологиялық жетілуін анықтауға болады.

Бет сүйектері өсіп жетілгеннен кейін баланың тұрақты бет әлпеті қалыптасады, яғни оның түрі тұрақты болады.

Баланың сүйектерінің ерекшелігі. жалпы алғанда балалар мен жас өспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ, оңай өзгергіш келеді. Соңдықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектері тез бұзылып, ден саулығына зиян болады. Әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сүйектері өте серпімді болады. Олардың сүйектері еркін қатпағандықтан үйде, балалар бақшасында, мектепте дене еңбегі мен спорт ойындарын ұйымдастыруға деген гигиеналық талаптарды, үстелде дұрыс отыру ережелері, баланың ұйықтайтын төсегіне арналған талаптар сақталмаған жағдайда сүйектері тез ерекшеленіп жетіледі.

Сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, мезгілінде қатаюына тамақтың құрамындағы минерал заттарының, витаминдердің әсері көп. Әсіресе алғашқы жылы тамақтану және далаға шығып ауа жүту талаптары бұзылғанда мешел ауруы туып, жілік сүйектері, көкірек қуысы мен омыртқа сүйектері дұрыс қалыптаспайды. Бұл тұрғыдан алғанда кішкентай баланы далаға шығарып, күннің ультракүлгін сәулелері әсер етуіне мүмкіндік тудырудың маңызы зор. Себебі ол сәулелердің әсерінен баланың денесінде Д витамині түзіледі де, минерал заттарының алмасуы дұрыс реттеледі. Әсіресе сүйектің құрамыңдағы кальций, фосфор түздарының алмасуы жөнделеді, ал күннің ультракүлгін сәулелері терезенің шынысынан өтпейді, соңдықтан үйден шықпаған баланың сүйегі дұрыс жетілмейді. Ауа райына қарамай баланы далаға шығарып отырса, тіпті өте қалың киімнен де сәуле өтіп, бала дұрыс өседі.

Бұлшық еттердің құрылысы мен қызметі жаңа туған сәбидің бұлшық еттері толық қалыптаспағанымен, дене салмағының 20-22 %-ндай ғана (ересек адамда 45-40 %) болады. Адам денесінде 600-ден астам бұлшық еттер бар. Олар бір-бірімен тарамыс ұштары арқылы жақын орналасқан қаңқа сүйектеріне бекітіледі) Қаңқа еттері негізінен көлденең салалы еттерден тұрады. Қаңқа еттерін көлденең салалы ет ұлпаларынан тұратын, құрамында дәнекер үлпасы, нервтер және тамырлары бар мүшелер деп есептейді. Сырт құрылысына қарасақ, бұлшық еттер сіңір басынан басталып, еттің денесі немесе айьшы сіңірмен аяқталады. Бұлшық еттердің пішіні әртүрлі болып, өзінің атқаратын қызметіне байланысты қалыптасады. Олар ұзын салалы, қысқа, жалпақ, ромба, квадрат, трапеция т.б. тәрізді болып келеді. Бұлшық еттің екі басы болса, оны ж а й қарапайым ет деп, үш немесе одан да көп бастары болса, күрделі ет деп атайды. Қозғалтатын буындардың санына байланысты еттерді бір буынды, қос буынды және көп буынды деп болуге болады. Қызметіне қарай бүгілдіргіш, жазылдырғыш, айналдырғыш т.б. болып бөлінеді. Бұлшық еттердің орналасуына қарай, яғни топографиялық орнына қарай бас, мойын, арқа, кеуде, қүрсақ, қол-аяқ еттеріне жіктеледі. Жалпы алғанда денеде 327 жүп еттер мен 2 сыңар ет бар.

Бұлшық еттердің қызметі олардың негізгі қасиеті — жиырылуға байланысты орындалады. Жиырылу арқылы ет қысқарып, оның жиырылу қабілетін көрсетеді. Еттің жиырылуы нерв импульстерінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп бүлшық етті қоздырады. Нерв импульстеріне қозумен жауап беру қабілетін еттің қ о з ғ ы ш т ы ғ ы немесе қозғыш қасиеті дейді, еттің қозғыштығы оның қызмет дәрежесін, яғни-жұмыс атқару қабілетін көрсетеді. Қозған еттің клеткаларының зат алмасуы, биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Бұлшық еттің қозуды өткізу жылдамдығы онша кеп емес, 5 м/сек шамасында.

Бұлшық еттер жиырылғанда көп қуат жұмсалады. Жиырылған еттің қысқаруы шарт емес, кейде, керісінше, ұзаруы да мүмкін. Жиырылу күші еттің талшықтарының санына және қалындығына байланысты. Еттің к ү ш і деп оның ширау қабілетін айтады. Еттің ширау қабілеті ет талшықтарының жиырылуға қатысу саны мен жуандығына байланысты. Жиырылу күші кей кезде бірнеше килограмға жетеді. Сондықтан неғұрлым ет жуан болса, соғұрлым күшті болады, Бұлшық еттің күші оның сүйекке бекітілуіне де байланысты. Дегенмен денедегі барлық бұлшық еттер бір мезетте жиыралса, олардың күші 25-27 тоннаға дейін барады, бірақ табиғи жағдайда бір мезгілде жиырылатын еттер саны анағұрлым аз болады. Бұлшық еттің күші оның құрылысына да байланысты. Олардың сыртын ф а с ц и я деп аталатын бұлшық ет қабығы жабады. Бұлшық еттердің қан тамырлары көп болады. Қан тамырлары арқылы етке түрлі қоректік заттар, оттегі тасылып, зат алмасуынан пайда болған қажетсіз заттар мен көмірсу қышқылы шығарылады. Бұлшық еттердің лимфалары да көп болады.

Бұлшық еттерде көптеген нерв ұштары - рецепторлар орналасқан. Олар еттің қозуына байланысты жиырылу және созылу дәрежелерін сезеді.

Бұлшық еттердің өсіп жетілуі әртүрлі. Алғашқы жылы ең алдымен құрсақ еттері дамиды да, кейіннен шайнау еттері жетіледі. Еңбектеу мен жүруге байланысты жыл аяғында аяқ-қол және арқа еттері өсіп дамиды. Жыныстық жетілу кезінде жас өспірімдердің жілік сүйектерінің өсуіне қарай олардың сіңірлері де өседі. Бұл кезде бұлшық еттер ұзарып, жіп-жіңішке болып көрінеді. Сондықтан жас өспірімдердің аяқ-қолдары сорайып көрінеді. 15-16 жаста еттер толып жуандай бастайды. Бұлшық еттердің дамуы негізінде 25-30 жасқа дейін байқалады.

Нәрестенің етінің жиырылу қабілеті ересек адамның шаршаған етінің қабілетіндей ғана болады. Жиырылу қабілетін хронаксия (лат.хронос-уақыт) деп аталатын еттің тыныштық қалпынан қозуға ауысуына қажетті уақыты арқылы анықтайды. Оны арнайы хронаксиметр деп аталатын аспаппен с и г м а, яғни секундтың 1/1000 бөлігі мөлшерінде өлшейді. Баланың жасы ұлғая келе хронаксия уақыты азаяды. Мысалы, жаңа туған сәбидің екі басты бұлшық етінің хронаксиясы 0,6-0,9 сигма, 1-2 жаста 0,2-0,22 сигма, 4-6 жаста 0,11 сигма, ересек адамда 0,1 сигмаға тең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет