Органикалық заттар түзедіҚоректік тізбек бастамасын құрайды
300. Қырықжапырақтәріздестер - жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің арасында ең ерте пайда болған түрі. Бұдан 300 млн жыл бұрын ормандарда судың көп жиналуынан жер жиі батпақтанып, нәтижесінде биіктігі 40 м жететін қырықжапырақтәріздестер түзіліп, олар лайға құлап, нығыздалып, миллиондаған жылдар бойы оттегінің қатысуынсыз қырықжапырақтәрізділерден тас көмір түзілген. Тас көмір - өте қызулы отын. Тас көмірден алынатын химиялық заттар жанғыш газ, пластмасса, асфальт т.б. ретінде өте маңызды. Қырықжапырақ атауы өсімдік жапырағы тақтасының қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделуіне байланысты берілген. Қырықжапырақ тәріздестердің қазіргі уақытта 10 000-нан астам түрі бар. Тропикте бұл өсімдіктер ағаш және лиана түрінде өседі. Олардың суда өсетін түрлері де бар. Австралия мен Жаңа Зеландияда биіктігі 20 метрге дейін жететін ағаш түрлері кездеседі. Норфол аралдарында алеофила, эксцелла қырықжапырағының орташа биіктігі 18,28 м. Қазақстанда қырықжапырақтәріздестердің ағаш текстес түрлерін ботаникалық бақтардан көруге болады. Оларды сәндік, көгалдандыру және дәрілік мақсаттарда қолданады. Усасыр қырықжапырақ өсімдігінің жапырағының ірі болу себебі