«Биология» мамандығы үшін Құрастырған


Баға қою саясаты. Студенттердің білімін бағалау – тапсырмаларды орындау және есепке алу



бет4/7
Дата09.06.2016
өлшемі437 Kb.
#124614
1   2   3   4   5   6   7
Баға қою саясаты. Студенттердің білімін бағалау – тапсырмаларды орындау және есепке алу
арнайы шкала бойынша қойылады. Барлық тапсырмалар уақытында орындалуы тиіс. Берілген талаптарды орындаған студент сессияға жіберіледі.
Рейтинг шкала

№ р/н

Көрсеткіштер

Саны

Ұпай саны

Ұпайлар

1
Лекцияға қатысу










2

Зертханалық сабақтарға қатысу, тапсыру, орындау

7

4

28

3

Тапсымаларды орындау және тапсыру:

СОӨЖ


СӨЖ

4

5



4

4



16

20






Барлығы:

16




64


Білімді бағалау шкаласы.


Баға

Орташа ұпай

Проценті (%)

Баға мазмұны

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


7.Курстың саясаты.

  • Сабақты босатпау, ауыру бойынша болса справка әкелу және сабақты тапсыру (отработка).

  • Сабаққа кешікпеу.

  • Сабақта сөйлемеу.

  • Сағыз шайнамау.

  • Ұялы телефонды өшіріп қою.

  • Оқу процесіне белсенді қатысу.

  • Үй тапсырмасын, СӨЖ дұрыс орындау және уақытында тапсыру.

  • Тапсырмаларды орындау барысында ғылыми материалдарды максимальды қолдану.

  • Уақытында орындалмаған тапсырмалар бағасы төмендетіледі.

Сабақты босату – минус 1 ұпай.

ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ
Дәріс №1.

Тақырыбы: Жануарлар биосфераның компоненті ретінде.

Дәрістің мақсаты: Жанурлардың биосферадағы рөлін, жануарлар таралуының негізгі заңдылықтарымен, ареалымен таныстыру.

Дәріс жоспары және қысқаша мазмұны:

  1. Биосфера туралы түсінік. Биоценоз, экожүйе және биогеоценоз туралы түсініктер.

  2. Жануарлардың биосферадағы рөлі.

  3. Жануарлар таралуының негізгі заңдылықтары.

  4. Ареал туралы түсінік.

Біздің планетамыздың маңызды тіршілік қабаты-биосфера. Биосфера қабатына-литосфераның беткі қабаты тереңдігі –30-60, кейде 200м, гидросфера түгелімен және атмосфераның төменгі қабаты 10-15км биіктіікті қамтиді. Тірі организмдердің миллиард жылдық тарихында тау жыныстары мен су атмосфера өзгерді. Атмосфераның кәзіргі газдық құрамы өсімдіктермен мен жануарлардың тіршілік әрекетінен пайда болды. Ауадағы өттегі өсімдіктердегі фотосинтез процессіне байланысты. Ал атмосфераға көмір қышқыл газі жануарлардың тыныс шығаруынан келеді.Су ағзалары гидросфераның тұздық режиміне әсер етеді. Жердің беткі құнарлы қабатын –топырақ деп атаймыз. Топырақтың түзілүіне биологиялық фактор әсер етеді немесе тірі организмдердің әсері болады. Академик В:И Вернадский – жер бетінде ең күшті күш – тірі организмдердің әсері деді.

Тірі қабат ең жұқа қабат болып есептеледі. Биосфераның жоғарғы шекарасы ультракүлгін сәулелерінің қарқындылығымен анықталады. Ал төменгі шекарасы мұхит түбінде. Нағыз тіршіліктің қайнаған көзі Жердің беткі қабаты. Осы жерде өлі және тірі табиғат арасында тоқтаусыз байланыстар жүреді.

Биогеоценоз (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы. Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. 

Биоценоз (био... және гр. koіns — жалпы) — тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтін жануарлардыңөсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы; Құрлықтың немесе судың белгілі бір бөлігін мекендейтін, сондай-ақ, өзара және тіршілік ортасының табиғат жағдайына бейімделген жануарларөсімдіктерсаңырауқұлақтар, микроорганизмдер жиынтығы; тірі ағзалар бірлестігі. Биоценоз — биогеоценоз құрайтын организмдер жиынтығы. Биоценоз терминін неміс гидробиологы К. Мебиус ұсынған (1877).

Ареал-дегініміз белгілі бір аймақта жануарлардың таралуын атаймыз.

Зоогеографияда негізгі зерттеу обьектісі болып-түрдің ареалы саналады. Түр-тірі организмдердің систематикалық категорияларының бірі.

Мекен ету аймағына, не болмаса түрлердің ұзақ уақыт белгілі бір аймақта тұрып, көбеюін, белгілі бір тығыздылықты сақтап тұруын ареал дейміз.

Ареалдар түрлері алуан түрлі. Бірнеше аймақты қамтитын үлкен ареалдар, ұзын сопақша келетін кішкентай ареалдар. Материкті, аралды, түбекті дүние жүзін қамтитын алып ареалдар бар.

Құрлықтағы жануарлар кішігірім ареалдарды алады, ал теңіз жануарларының ареалдары кең көлемді алып жатады. Кейде түрдің ареалы табиғи географиялық аймақпен шектелген. Бұндай түрлерді эндемикті деп атайды. Тар ареалдар құстарда, көбелектерде таулы өзеннің жануарларында болады. Түрлі тотықұстар, мысалы жапалақты тотықұс Жаңа Зеландияның таулы ормандарын мекен етеді. Олардың да ареалдары өте кішкентай болады.

Барлық кішкентай аралдар эндемикті жануарларға тән. Эволюциялық көз қарас жөнінен эндемикті түрлердің екі категориясын ажыратады. 1. Палеоэндемиктер. 2. Неоэндемиктер. Палеэндемиктер- реликті эндемиктер болып саналады. Бұған ежелгі жастағы түрлердің өкілдері кіреді.Олар жер тарихының ұзақ геологиялық дамуында қалыптасқан. Қазіргі ареалдар сол бұрынғы үлкен ареалдардың бөлігі.
Қолданылатын әдебиеттер:


  1. Кобышев Н.М., Кубанцев Б.С. География животных с основами зоологии. -М.: Посвещение, 1988.

  2. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло И.И. Биогеография мира. М.: Высшая школа, 1985.

  3. Дорст Ж. Южная и Центральная Америка. Пер.с англ. М.:Прогресс, 1977.

  4. Кист А. Австралия и острова Тихого океана. Пер. с англ. М.:Прогресс, 1980.

  5. Кусто Ж. И.,Паккале И. Сюрпизы моря. Гидрометеоиздат.1982

  6. Парин Н. В. Ихтиофауна океанской эпипелагиали. М. Наука 1968.

  7. Воронов А.Г. и др. Биогеография мира ,- 1985 г



Дәріс №2.

Тақырыбы: Жер шарының құрылық аймақтарының жануарлар әлемі.

Дәрістің мақсаты: Құрлықтың зоогеографиялық аудандарымен таныстыру. Аймақтардағы жануарлар ерекшеліктері.

Дәріс жоспары және қысқаша мазмұны:

  1. Құрлықтың зоогеографиялық аймақтары:

  2. Жаңазеландиялық, Австралиялық, Полинезиялық,

  3. Неотропиялық, Эфиоптық, Мадагаскарлық,

  4. Үнді-малайлық, Голарктикалық.

Ежелгі дүниенің тропиктері мен субтропиктарды қамтиды. Африка материгінің

Сахара шөлінен оңтүстікке қарай, Аравия түбегінің оңтүстігі, Мадагаскар аралы, Үндістан және Үндіқытай түбектері.Зонд пен Жаңа Гвинея аралдары, Полинезия архипелагі жатады.

Эфиопия облысы – Африканың Сахара шөлінен оңтүстікке қарай, Аравия түбегінің оңтүстігін және Үнді мұхитындағы Сокотра аралын қамтиды. Табиғи жағдайлары жергілікті жердің рельефімен ерекшеленеді. Африка таулары ылғалды теңіз жерлерінің келуіне кедергі жасайды. Сондықтан Африканың орталығында құрғақ тропикалық климат.

Эфиопия облысында саванналар кездеседі. Ылғалды экваториалды ормандар Африканың батыс және орталық жерлерін алып жатады. Конго өзенінің бассейіні және Гвинея шығанағының оңтүстік жағалаулары. Экваториалды ормандардың өсімдік әлемі әр түрлі. 1 га. Жерде 50 ге жуық өсімдік түрлері кездеседі. Сүткоректілерден – домандар, африка трубказубі. Тұяқтылар өте көп. Антилопаның 40 туысы. Жирафтар, бегемоттар, шошқалар, носорогтар кездеседі. Жыртқыштардан –гиеналар,қасқырлар, гиена-иттері, түлкілер бар. Кеміргіштерден –ғажайып құйрықтиын, атжалмандар, тау тышқандар. т.б.

Насекомдар отряды 3 эндемикті тұқымдастардан тұрады. Сүткоректілерден жартылай маймылдар. Потто және галаго деген түрлері бар. Маймылдар көп және алуан түрлі. Горилла мен шимпанзе, мартышкалар, павиандар, мандрила мен колобустар.

Бір өркешті түйе сирек кездеседі.

Құстар әлемі алуан түрлі. Африка страусі, цесаркалар носорог-құстар, тотықұстар, питт құстары мекен етеді. Эфиопия аймағының рептилиялары алуан түрлі. Хамелеондар, кесірткелер, геккондар, жыландар. Ерекше түрлері болып саналатын жыландар, кобралар, крокодилдер кездеседі. Амфибиялар түрі алуан түрлі. Балықтар әлемі алуан түрлі және ерекше.

Омыртқасыздар әлемі алуан түрлі. Насекомдар, жәндіктер ерекше және алуан түрлі болып келеді. Соның ішінде термиттердің орны ерекше.

Батыс Африка және Кап аудандарын бөледі. Батыс Африка ауданы Гвинея шығанағы және Конго өзенінің бассейінін қамтиды. Ылғалды тропикалық орман. Либерия шошқасы, бегемоттар, африка бұғысы, орман антилопалары мекен етеді. Адам тәрізді горилла май-мылы мекен етеді. Әдемі Африка павмені кездеседі.

Құстардан - кептерлер, тотықұстар, бананжегіштер мекен етеді. Кап ауданының табиғаты өте әсем, экзотикалық. Өсімдіктері – суккуленті. Калахари, Карру, Намибия шөлдерін қамтамасыз етеді. Фаунасы алуан түрлі Зебра,гиена, вивверлермекен етеді.

Мадагаскар облысы түгелімен Мадагаскар аралын қамтиды., Канар, Сейшель, Маскарен аралдары кіреді. Мадагаскар аралының табиғат жағдайы алуан түрлі. Өсімдіктер әлемі өте әдемі, әсем де алуан түрлі. Кейбір жерлерде жоқ ғажайып өсімдіктер түрлері кездеседі. Өсімдіктердің 6000 түрлері өседі. Пальма,бамбук, орхидея және ғажайып саяхатшы ағашы өседі.

Фаунасы алуан түрлі. Ірі жыртқыш жануарлар жоқтың қасы. Приматтардан лемурлар, инди және ай-ай деген жануарлар мекендейді. Жыртқыштардан виверр тұқымдасына жататын фосса деген жанауарлар. Ерекше жануарлар тобына жатады. Насекомдармен қореқтенетін жанауарлардан –кірпілер немесе тенректер. Олардың 13 туысы , 30 тұрі бар. Сұтқоректілердің көбі Африкадан келгендер. Оларға ұзын құлақты шошқа, атжалмандар, тышқандар. Құстар әлемі алуан тұрлі. Мадагаскар питтасы, бакландар, поганкалар,тырналар, көгершіндер. Рептилиялардан –хамелеондар, геккондар,тасбақалар ніл қалтрауыны, кесір-ткелер. Қосмекенділерден бақалар кездеседі.

Индо-малай облысы Азаяның тропикалық аймағын қамтиді. Тынық мұхитының,Ұнді мұхитының архипелагтары мен аралдарын қамтиді. Сулавеси,Кіші Зонд аралдары және Малукк аралдары кіреді. Ғалымдар Жаңа Гвинея аралдарында жатқызды. Фаунасы ерекше. Сұтқоректілердін 46 тұқымдасы, соның ішінде қалталылар көп кездеседі. Жұмыртқа салушылардан жаңагвинеялық ехидна,қалталы тышқандар, насеком-жегіштерден кірпілер, алты қанаттылар, ұшатын тышқандар мекен етеді. Маймылдар әлемі алуан тұрлі. Макакалар, жұқатері маймылдар, гиббондар мен орангутангілер. Жыртқыштардан-қызыл қасқырлар, үнді мангустасы, жолбарыс, гепард және арыстан кездеседі. Пілдер, таперлер, носорогтар мекендейді. Өгіздер тұқымдасынан банктенігі гариал және текелер мен қойлар кездеседі. Рептилиялардан тасбақа, кесірткелер, қолтырауындар, жыландар мекендейді. Омыртқасыздар әлемі алуан түрлі. Насекомдар шаянтәрізділер,буынаяқтылар өте көп. Тұщы судың балықтары алуан түрлі. Құстар әлемі ерекше орын алады. Әсемде әдемі құстар кездеседі. Фазандар, павлин, көгершіндер тоқылдақтар өте көп. Фаунасының алуан түрлілігі жергілікті жердің әсем табиғатын сипаттайды.

Бұл патшалыққа Орталық және Оңтүстік Америка кіреді. Үлкен Антиль , Багам, Галапагос,Хуан –Фернандес және Кіші Антиль аралдары кіреді. Бұл жердің фаунасы ерекше. Қалталы жануарлар, құстар тұқымдасы, рептилиялар , амфибиялар және тұщы сұдың балықтары мекен етеді. Патшалықта 2 облысты бөледі. 1-Неотропикалық. 2- Кариб облысы.Неотропика аймағының табиғаты алуан түрлі.Таулы ,үстірті болып келеді. Кордильері.Гвиана және Бразилия қыраттары алып жатады. Өсімдіктері жергілікті жердің климатына байланысты. Жылдық жауын –шашынның мөлшері 2500-3000 мм, орташа температура 23-290 с. Гилей ормандары қалың. Экваториальді ылғалды ормандар африка ормандарына ұқсас болып келеді. Неотропика фаунасы ерекше.,эндемикті тұрлер басым. Сұтқоректілерден құамырсқажегіштер жалқаулар,броненоцтар мекендейді. Приматтардан жалпақ мұрынды маймылдар.тараған. Кеміргіштерден дикобраз, тиіндар, тышқан-дар.Тұяқтылардан- ламалар, америка бұғысы, пекарлар. Жыртқыштардан –енот, оцелот, ягуарунди, пума. Аюлар, қасқырлар мекендейді. Құстар әлемі алуан тұрлі. Тырна-лар, үйректер, кептерлер, жыртқыш құстар, жапалақтар, тотықұстар, тоқылдақтар мекендйді. Америка страусі-нанду мекен етеді.Тоты құстардан-амазона, ара түрлері бар.

Рептилиялардан тасбақалар,кесірткелер- игуан тұрлері, жыландардан артқы аяқ-тарының рудиментары бар вальковат түрлері кездеседі. Крокодилдер мен каймандар бар. Қосмекенділерден бақалар, пипалар, қалталы бақалар мекен етеді. Тұщ сұларда балықтар алуан тұрлі. Омыртқасыздардан насекомдар, көбелектер, аралар кездеседі.

Кариб облысына Үлкен және Кіші Антиль, Багам, Тринидад аралдары кіреді. Бұл нағыз аралдық облыс. Табиғи жағдайлары өте қолайлы. Аралдардың тең жартысы тропи-калық ормадармен берілген. Сұтқоректілер насекомжегіштермен берілген. Аратістер, жер-қазғыштар-мекендейді. Орнитофаунасы ғажайып. Тоди, трогондар, колибри тирандар мек-ендейді. Рептилиялардан қалтраундар, найзағайтектес жыландар мекен етеді. Насекомдар мен балықтар алуан тұрлі. Моллюскалар, көбелектер кездеседі.

Нотогея патшалығы Өңтұстік Американың –Патагония,Отты Жер аралдары және Австралия,Тасмания, Жаңа Зеландия аралдары кіреді. Нотогея нағыз-аралдық патшалық.

Нотогея патшалығында 3 облыс бар. 1-Австралия, 2- Жаңа Зеландия , 3-Патагония. Австра-лия облысына Тасмания аралы, Австралия материгі, Кенгуру ,Кинг, Флиндерс аралы кіреді. Австралияның табиғи жағдайы географиялық орнымен, рельефімен, климатымен бай-ланысты. Фаунасы австралиялық. Сүтқоректілер қалталы болып келеді.

Қалталылар 8-тұқымдасты құрайды. Құмырсқажегіштер, қалталы кроттар, коала, пос-сумдар, кенгуру мекен етеді. Қалталы қасқыр мен қалталы шайтандар кездеседі.

Ғажайып жануарлардан жабайы Динго иті мекендейді. Кеміргіштер алуан тұрлі. Құстар

әлеиі 50-тұқымдастарды біріктіреді. Эму страусы, казуарлар,қара аққу, австралия үндігі

мекенлейді. Австралия тотықұстары-какаду, розелла,лори –мекен етеді, Рептилиялар әпемі алуан тұрлі. Жыланбасты тасбақалар,геккондар,агамалар, молох кесірткелері бар.

Амфибиялардан-бақалар, құрбақалар, ұсақ квакшалар кездеседі. Насекомдар әлемі алуан тұрлі, күндізгі кобелектер, шыбын-шіркейлер, термиттер өте көп және әртүрлі.

Жаңа Зеландия облысы Окленд, Кермадек және Чатен аралдарын қамтиды. Климаты жұмсақ жауын-шашын 800-1000мм. жауады. Орташа температура 12-130 . Фаунасы кедей. Маори атжалманы мекендейді. Ұшатын жарқанаттар және ірі мол мекен етеді. Құстар әлемі алуан түрлі тотықұстар, кептерлер, жыртқыш құстар мекендейді. Рептилиялардан гаттерия кесірткесі, геккондар мекендейді. Амфибиялардан құрбақалар және леопельмалар. Омырт- қасыздар фаунасы кедей. Потогония облысы Чили және Аргенитаның Оңтүстігін Отты жер аралын, Полкленд аралдары кіреді. Рельефі далалы пампасты. Фаунасы сүткоректілермен берілген. Потогония да кеміргіштер өте көп. Құстардан Дарвиннің Нандусы, аққу, үйректер мекен етеді. Рептилиялардан игуандар омыртқасыздар әлемі алуан түрлі шыбын-шіркейлер өте көп.

Адамзаттың табиғатқа әсерін анропогендік әсері деп атайды. Адамдар табиғатқа пайдалыда зиянды әсерін тигізіп келеді. Европада ақылды адамның пайда болуына 250 мың жыл толды. Соның ішінде адамдар табиғатқа көптеген зиян келтіріп үлгерді. Орман пілдері бегемоттар алып бұғы жер бетінен жойылып кетті. Капитализмнің дамуы табиғи ресурстарды аяусыз пайдалануға көшті. Соңғы 100 жыл ішінде 130 сүткоректілердің түрлері жойылды. 550 түр жойылу қалпында тұр. Жабайы тарпанаты жабайы Зубр, Гренландия киті жер бетінен жойылып кетті. Азия жерінде мелу бұғысы, азия жолбарысы екі өркешті түйе иИран бұғысы жойылып кетті. Африка материгінде тұяқты жануарлар жыртқыштар аяусыз жойылды. Шеттен келген келімсектер Африка табиғатын мүлдем өзгертіп жіберді. Австралия материгіде көптеген қалталы жануарлардан айырылды. Қалталы қасқыр, Жабайы Динго иті, Мангусту деген жануарлардың саны азайып кетті. Кейінгі жылдары жануарлар әлемін қорғау мақсатында арнайы қорықтар ұлттық парктер мемлекеттік парктер ашылды. Жануарлар санын көбейту мақсатында жерсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бір материктен екінші материкке жануарларды қоныстандыруда.


Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Кобышев Н.М., Кубанцев Б.С. География животных с основами зоологии. -М.: Посвещение, 1988.

  2. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло И.И. Биогеография мира. М.: Высшая школа, 1985.

  3. Дорст Ж. Южная и Центральная Америка. Пер.с англ. М.:Прогресс, 1977.

  4. Кист А. Австралия и острова Тихого океана. Пер. С англ. М.:Прогресс, 1980.

  5. Страны и народы. Зарубежная Азия. Восточная и Центральная Азия. / Под ред. Сладковского М.И. М.: Мысль, 1982.

  6. Жизнь пресных вод СССР./ Под ред. Проф. Жадина В.И и акад.Е.Н.Павловского/ М.- Л., 1940

  7. Парин Н. В. Ихтиофауна океанской эпипелагиали. М. Наука 1968.

  8. Воронов А.Г. и др. Биогеография мира ,- 1985 г


Дәріс №3.

Тақырыбы: Мұхиттар мен теңіздер фаунасы.

Дәрістің мақсаты: Мұхиттарды зоогеографиялық аударының жануарларымен, олардың ерекшеліктерімен таныстыру.

Дәріс жоспары және қысқаша мазмұны:

  1. Әлемдік мұхиттың зоогеографиялық аудандарға бөлінуі.

  2. Арктикалық, Борео-пацификалық, Борео-Атлантикалық,

  3. Тропикті-Атлантикалық, Тропикті-Үнді-пацификалық, Антарктикалық аймақтар.

Қара теңіз Азов теңізі сияқты Сармат ауданына кіреді.Бұл қарапайым ішкі су қоймалары. Өйткені Жерорта теңізбен байланыс Босфор бұғазы арқылы болады.

Қара теңіз фаунасы кедей. Литоральдік аймағы молюсскалармен берілген. Эндемигі –ланцетник . Балықтардан губандар, теңіз күшіктері, теңіз аттары т.б. Қара теңіздің аралас фаунасы – Жерорта теңіздік фаунасына ұқсас болады.

Антибореальдік аймаққа – Антарктиданың литораль және субантарктикалық аралдар мен архипелагтар жатады.

Оларға: Оңтүстік Шотландық , Оркнейлік, Оңтүстік Георгия жерлері кіреді. Жаңа Зеландия, Оңтүстік Америка жағалауының сулары жатады. Бұл жерді екі облысқа бөледі.



  1. Антарктикалық .

  2. Антибореальдік.

Антарктикалық облыс үш мұхиттың суларын қамтиды. Бұл мұхит сулары

Антарктида мен маңындағы архипелагтың жағалауларын шайып тұрады. Климаты суық, арктикалық . Облыстың фаунасы теңіз сүткоректілерден тұрады. Оларға оңтүстік мысық, теңіз жолбарысы, Уэдел тюлені, теңіз пілі кіреді. Құстардан пингвиндер колониямен тіршілік етуде. Әсіресе император пингвині мен Адели пингвині. Антарктидың пелагиальді жануарларының түрлері Арктикада кездеседі. Мұны биполярлық таралуы дейді.

Биполярлық таралудың екі болжамы бар: 1. Реликтілік. 2.Миграциялық. Бірінші болжам бойынша –биполярлық ареалдар кезінде тұтас болған, тропикалық аймақтыда қамтыған, сол жерде кейбір түрлердің популяцисы жойылған.

Екінші гипотезаны Дарвин жасаған. Бұл гипотеза бойынша биоплярлық мұз

басудың нәтижесінде қалыптасқан. Мұз басудың аяқталуы, тропикалық аймақтың жылынуы, жануарлардың таралуына мүмкіндік береді.

Антибореальдік облыс – оңтүстік материктердің жағалауларын қамтиды. Жануарлардың тіршілігіне жағдайлары қолайлы. Фаунасы өте бай. Оңтүстік Австралия жерінің фаунасы өте бай және алуан түрлі. Теңіз жануарларына – теңіз мысығы, теңіз пілі, тюльендер, теңіз жолбарысы жатады. Құстардан айдарлы пингвиндер және көптеген омыртқасыз жануарлар.

Оңтүстікамерикалық жердің фаунасы өзгеше. Бұл аудан Оңтүстік Америка жағалауларын қамтиды. Гумбольдт пингвині Галапогос аралдарына дейін жеткен. Теңіз жануарларының солтүстікке қарай жылжуы Перуан суық ағысы жеңілдетеді. Шаян тәрізділердің 150 түрі бар.

Оңтүстік Африкалық ауданның көлемі үлкен емес. Оңтүстік Американың атлантикалық және үнді мұхитінің жағалауларын қамтиды. Атлантикада оның шекарасы 17 0 о.е. дейін жетеді, ад Үнді мұхитыныда 240дейін барады.

Бұл аймақтың фаунасына оңтүстік мысығы, пингвиндер, эндемикті моллюскалар, шаянтәрізділер тән. Ашық мұхиттың су түбімен байланысы жоқ тіршілікті пелагиаль дейді. Пелагиальдың жоғары бөлігін – эпипелагиелб дейді, түбіне қарайғы жағы – батипелагиаль деп аталады.

Эпипелагиельдік аймақ – Тропикалық, Бореальдік және Антибореальдік деп бөлінеді.

Тропикалық аймақ-судың беткі қабатының жоғарғы температурасымен ерекшеленеді.

Ал төменгі қабатындағы су температурасы әрине, төмен болады. Моллюскалардың, медузалардың пелегиальдік формалары кездеседі.

Атлантикалық аймақ жануарларының әлемі өзінің аса бөтен ерекшелігімен танылады. Киттәрізділер, аккулалар, ұшатын балықтар кездеседі. Плейстоннан –сифонофора кездеседі. Теңіз аттары, ине –балық, антенарий балығы тағы да моллюскалар ұшырасады.

Индо- Пацификалық облыс. – ерекше жануарлар әлемі арқылы ерекшеленеді. Үнді киті, желкен қанатты балықтар, қылыш балықтар кездеседі.

Бореальдік аймаққа солтүстік жарты шардың суық және қоңыржай сулары жатады. Қиыр Солтүстік жерінің жартысынан көбі қыста мұз басып жатады. Суының тұздылығы орташа. Жануарлар дүниесі кедей және біркелкі. Оңтүстікке қарай 40 с.е. температурасы тұрақсыз жерлер кездеседі. Бұл жерлерде жануарлар көптеу кездеседі. Бұл аймақты екіге бөледі: 1. Арктикалық облыс. 2. Эвбореальді облыс.

Артика облысының жануарлар дүниесі кедей болғанымен ерекше айқындалған. Гренландия киті, дельфиндер кездеседі. Балықтардан поляр акуласы кездеседі. Молюскалар, шаянтәрізділер мекендейді.

Эвбореальді облыстың пелагиальді аймақтары Атлант және Тынық мұхитінің солтүстік бөліктерін қамтиды. Судың температурасының ауытқуы айқын байқалады. Тропикалық және арктикалық сулардан айырмашылық жасайды.

Атлантикалық пелагиальі киттердің бірнеше түрлерін, дельфиндерді қамтиды. Балықтар әлемі алуан түрлі. Скумбрия, макрель, тунец, қылыш балық , шпрот, сардина кездеседі. Бұл жерлерде алып акула бар.

Тынық мұхитының боральдік бөлімінде жапон және сұр киттер мекендейді. Балықтардан сардина, калифорния балығы, жапон скумбриясы кездеседі.

Антибореальдік аудан – Тропикалық аймақтың оңтүстігіне қарай дүниежүзілік мұхиттың белдеуі орналасқан. Сол жерде антибореальдік аймақ ажыратылады. Бұл аймақтың пелагиаль біркелкі фаунамен ерекшеленеді. Австралия киттері мен ергежейлі киттер, кашалот, жолақ киттер кездеседі. Балықтардан – анчоус, сардина. Бұл аймақтың балық аулау шаруашылығында маңызы ерекше. Бұл екі ауданның фаунистикалық ерекшелігі шамалы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет