Бақылау сұрақтары
-
Фаунаның структуралық құрылысы.
-
Ногея патшалығының жануарлар әлемі.
-
Фаунаның жасы және оның ерекшеліктері.
-
Фаунаның генезисі және олардың типтері.
-
Жер шарының фаунасына антропогеннің әсері.
-
Фаунаның құрылымы және систематикасы.
-
Шөл мен шөлейтті жерлерде кеpдесетін қосмекенділер.
-
Қызыл бауыр шұбар бақа мен Сібір бұрыштістісінің айырмашылығы.
-
Кап патшалығы.
-
Австралия патшалығы.
-
Туған өлкенің фаунасы мен флорасының көптүрлі есепке алу ,оның практикалық маңызы.
-
Фауналық элементтер және комплекстер.
-
Фаунаның пелегиальдық бөлінуі.Тропикалық аймақ.
-
Флора және фауна патшалықтары неше облысқа бөлінеді.
-
Далалы жерлерде кездесетін қосмекенділер.Сүйір тұмсық көлбақа.
-
Жер бетіндегі омыртқалылар. Жазықты жерлерде кездесетін бауырмен жорғалаушылар.Кәдімгі сарыбас жылан.
-
Жер бетіндегі улы жыландар.
-
Орманды дала жерлерінде кездесетін құстар.
-
Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін бауырмен жорғалаушылар.
-
Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін құстар.
-
Қызыл кітабқа енгізілген өсімдіктер.
-
Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін бауырмен жорғалаушылар.
-
Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін сүтқоректілер.
-
Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін құстар.
-
Далалы жерлерде кездесетін қосмекенділер.
-
Жазықты жерлерде кездесетін құстар.
-
Неотропика облысында кездесетін өсімдіктері.
-
Полеотропикалық патшалығы қай жерлерді алып жатыр.
-
Кап патшалығының флорасы.
-
Австралия патшалығы.
-
Фауна дегеніміз не.
-
Нотогей патшалығы неше облысқа бөлінеді.
-
Австралия облысында кездесетін эндемиктер.
-
Жаңа Зеландия қандай аралдар тізбегіне кіреді.
-
Антарктида облысындағы эндемиктер.
-
Неотропика қай облысқа кіреді.
-
Эфиопия және Үндімалай облыстары кіретін патшалықтар.
-
Голарктика облысы қанша облыс тармағына бөлінеді.
-
Антарктидалық патшалықтарында кездесетін өсімдіктер.
-
Антарктидалық патшалықтың орналасқан облысы.
ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Биосфера - Жер қабатының «тірі денелер», сондай- ақ «денелер» сияқты ұғымдарды ұстап тұратын бөлігі.
Геосфера - Жердің тірі емес бөліктері атмосфераны, гидросфераны және литосфераны біріктіретін географиялық бөлігі.
Биогеоценоз - тірі ағзалар мен қоршаған ортадағы өлі компаненттердің белгілі бір географиялық территорияда өзара байланыстағы, ішінде біртекті және табиғи шектеулі биосфераның ең кіші құрылымдық бірлігі.
Биоценоз- белгілі территориядағы немесе акваториялардағы түрлердің түрлі (жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің) дараларының өзара және қоршаған ортамен байланысып жатқан бірлестігі.
Экожүйе- бір-бірімен заңдылықты қарым-қатынаста болшатын, зат алмасу мен энергия мөлшерінің таралуымен байланысты, тіршілік ортасындағы әртүрлі ағзалардың және өмір сүру талаптарының бірлестігі.
Абиотикалық факторлар- табиғаттың өлі элементтері: температура, жарық, радиоактивті сәулену, қысым, ауаның ылғалдылығы, судың құрамындағы тұздар, жел, ағымдар, жергілікті жер релефтары және т.б.
Биотикалық факторлар – тірі денелердің бір – біріне тигізетін әсерлері.
Антропогендік факторлар – адамның табиғат компоненттеріне әсер еткен іс-әрекеті (оңды немесе теріс әсерлер).
Гелиофиттер - жарық сүйгіштер (жарықтағы) жануарлар.
Сциофиттер көлеңке сүйгіштер (көлеңкедегілер) жануарлар.
Гелиофиттер көлдеңкеге төзімді факультативті жануарлар.
Криофилдер –суықты қажет ететін түрлер.
Термофилдер – керісінше, жоғары температураны қажет етуші түрлер.
Гидатофиттер – суда толығымен немесе біршама бөлігімен тұрып өсетін өсімдіктер.
Гидрофиты – құрлық –су өсімдіктері, олардың көпшілік бөлігі суда өседі, су тоғандарында, шалшық суларда, балшықтарда өсетін өсімдіктер.
Гигрофиттер – құрлықтағы өсімдіктер, олардың көпшілігі ылғалды ауасы бар жерлерде, ылғалды топырақта өседі.
Мезофиттер – аздаған және өте шөлді жерлерде өсетін өсімдіктер.
Ксерофиттер - ылғалы жеткіліксіз жерлерде өседі.
Суккуленттер – бойына шырын жинаған шырынды өсімдіктер, оларда суды паренхималары мен түрлі органдарында жинау қабілеттері бар.
Гидробионттар – сулы ортада өмір сүретін ағзалар.
Гиробионтар – суда өмір сүретін экологиялық топтарға жататын –планктондар (өсімдіктекті ағзалар –фитопланктондар, жануартекті ағзалар – зоопланктондар) жатады.
Топырақ – құрлық үстінің жұқа борпылдақ, ауамен байланысып жататын бөлігі. Бұл үшфазалы жүйе, оның қатты бөлігі ауаме, сумен қоршалып жатыр.
Микрофауна - топырақтағы өте ұсақ ағзалар (қарапайымдылар, колораткалар, тихоходтар мен нематодтар және т.б.). Олар үшін топырақ – микросу тоған жүйесі.
Мезофауна - недәуір ірілеу ағзалар (0,1 – ден 2-3 мм – ге дейінгі) жиынтығы, негізінен буынаяқтылар (кенелер,алғашқы қанатсыз жәндіктер мен қанаттылардың ұсақ түрлері, қырықаяқтар және басқалар).Олар үшін топырақ ұсақ үңгірлер жүйесі сияқты.
Макрофауна – 2-20 мм.-ге дейінгі көлемдегі денелі жәндіктер (құрттар,қырықаяқтар,жәндіктер,шаянтәрізділер).
Фауналық аудандастыру – белгілі бір аумақта таралған жануарлар дүниесінің түр құрамына, олардың тарихи қалыптасуына, ондағы эндемик түрлердің сақталып қалуына және түрлердің таралу заңдылықтарына байланысты жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |