Қолданылатын әдебиеттер:
-
Кобышев Н.М., Кубанцев Б.С. География животных с основами зоологии. -М.: Посвещение, 1988.
-
Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло И.И. Биогеография мира. М.: Высшая школа, 1985.
-
Дорст Ж. Южная и Центральная Америка. Пер.с англ. М.:Прогресс, 1977.
-
Кист А. Австралия и острова Тихого океана. Пер. С англ. М.:Прогресс, 1980.
-
Жизнь пресных вод СССР./ Под ред. Проф. Жадина В.И и акад.Е.Н.Павловского/ М.- Л., 1940
-
Липин А. Н. Пресные воды и их жизнь. М.,1965
-
Кусто Ж. И.,Паккале И. Сюрпизы моря. Гидрометеоиздат.1982
-
Парин Н. В. Ихтиофауна океанской эпипелагиали. М. Наука 1968.
-
Воронов А.Г. и др. Биогеография мира ,- 1985 г
Дәріс №4.
Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер географиясы. Фауна мен флораның негізгі патшалықтары. Тропикалық және субтропикалық аймақтар. Бұл аймақтарға тән өсімдіктер және олардың негізгі ерекшеліктері.
Дәрістің мақсаты: Өсімдіктер географиясымен таныстыру. Флоралық аудандастырудың патшалықтарымен , ондағы өсімдіктер ерекшеліктерімен таныстыру.
Дәріс жоспары және қысқаша мазмұны:
-
Өсімдіктер географиясының даму кезеңдері.
-
Пәннің міндеттері мен негізгі мақсаттары.
-
Австриялық, неотропикалық, кап, голарктикалық, палеотропикалық және голантрактикалық патшалықтар олардың орналасуы.
-
Тропикалық аймақтар олардың флорасы. Дүние жүзінде субтропикалық аймақтарда орналасқан бұталы ормандар.
Флоралық аудандастыру төмендегідей патшалықтарға бөлінеді:
-
Голарктикалық (В.Аллехин 1944ж 11 облысқа бөлді, және 1978ж Тахтаджян.А.9 облысқа бөлді)
-
Полеотропикалық (5 облыс)
-
Неотропика (5 облыс)
-
Австралия патшалығы
-
Кап (1 провинция)
-
Антарктикалық (4 облыс)
Флористика аудандау иерархиялық қағида бойынша құрылып, бір-біріне бағынышты, деңгейі әр түрлі кеңістік бірліктерге (фитохориялар) — патшалықтар, облыстар, провинциялар, округтерге, т.б. бөлінеді. Флористика аудандаудың негізі өсімдіктердің әр түрлі жүйелік топтарының (әдетте жақсы зерттелген гүлді өсімдіктер мен қырыққұлақтәрізділер) миграция мен география оқшаулануы нәтижесіндегі таралуын салыстырмалы зерттеу болып табылады. Флористика аудандау бірлігінің деңгейі қаншалықты жоғары болса, оларға тән таксондардың да дәрежесі жоғары болады. Мыс., флористик. патшалыққа эндемик тұқымдас тармақтары, трибалар; провинциялар үшін — эндемик туыстар; округ үшін — эндемик түрлер тән. Патшалықтар, облыстар және провинциялар арасындағы шекараны анықтауда — флораны статист. талдау нәтижелерінің, осы аумақтың палеогрия сипаттамалары (негізінен бор кезеңінен бастап) есебінің, сонымен қатар, Флористика аудандаудың геоботаника және ландшафттық ауданмен өзара байланысты болуының маңызы зор. Қазіргі кезде көптеген ғалымдар, оның ішінде орыс ғалымы А.Л. Тахтаджян құрлықтағы флораны 6 патшалыққа, 34 — 37 облысқа, 150-ге жуық провинцияға бөледі (1974, 1978). Кейбір зерттеушілер барлық мұхиттарды 7 мұхиттық ерекше патшалыққа бөліп қарастыруды ұсынады. Флористик. патшалықтардың орналасуында мынадай заңдылықтар байқалады: оңтүстікке қарай олардың жер ауқымы кішірейіп, бөлшектену деңгейі жоғарылай бастайды. Солтүстік жарты шардың тропиктерден тыс бөлігінің барлығы Голарктика патшалықты құрайды, Жердің тропик. және кейбір субтропик. аудандары — Палеотропик. және Неотропик патшалықтарға жатады, Оңтүстік жарты шардың басқа бөлігі 3 патшалыққа бөлінеді: Кап, Австралиялық және Голантарктик. Мұндай бөліну — Жердің даму тарихы және онымен байланысты флоралардың даму тарихының көрінісі. Флористика аудандау арқылы Жердің өсімдіктер дүниесі генофондының география орналасуы анық көрінеді, сондықтан ол әр түрлі биомдардың флорасын қорғаудың теория негізі болып табылады. Қазақстанның иерархиялық қағида бойынша дайындалған Флористика аудандау жобасы бар. Қазақстан Голарктика патшалықта орналасып, Бореалдық және Ежелгі жерортатеңіздік 2 тармаққа бөлінген. Қазақстан аумағы 3 флористиктік облысқа (Далалық Қазақстан, Шөлдік Қазақстан, Таулы Қазақстан), 10 провинцияға (Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Тұран, Оңтүстік Тұран,Жоңғар Алатау Зайсан, Алтай, Сауыр — Тарбағатай), 54 — 58 (60) округке бөлінеді; қ. Қазақстанның флористикалық аудандау картасы.
Голарктика патшалығы – Жапония, Қытай, Қазақстан, Иран, Ауғанстан, Сауд Арабиясы, Египет, Алжир, Марокко т.б. В.Аллехин 1944ж 11 облысқа бөлді: 1.Қытай-Жапон флоралық тармақ, 2.Орманды Жерорта теңізі, 3.Макаронезия, 4.Азия – Жерорта теңізі,5. Солтүстік Африка –Үнді, 6.Евразия даласы, 7.Европа орманды-Сібір, 8.Солтүстік Америка-Атлантика, 9.Солтүстік Америка – Тынық мұхит, 10.Прери, 11.Арктика.
1978ж Тахтаджян.А.9 облысқа бөлді: 1.Циркум бореальды, 2.Шығыс Азия, 3.Солтүстік Америка –Атлантика, 4.Тау, 5.Макаронезия, 6.Жерорта теңізі,7.Сахара – Аравия, 8.Иран –Туран, 9.Мадреан. Бұл патшалыққа негізінен өсімдікке бай, көбісі эндемиктер. Әсіресе, Орта Азия, Иран, Египет аймақтары шөл шөлейтті зонаға байланысты өсімдіктерге кедей. Бүгінгі күнге дейін бұл патшалықтың облыс тармақтарына аудандастырылуы әлі зерттелмеген.
Полеотропикалық патшалығы – Африка, Үндіқытай, Тынық мұхит аралдары, Зонд, Шриланка, Гавай, Полинезия, Филиппинді алып жатыр. Эндемик өсімдіктері 10000 түрі бар. Соның 40 жуық тұқымдастар эндемик: фикус, цитрус ағашы, банан 100 түрі бар. Бұлар төмендегідей облыстарға бөлінеді. Үнді – Африка, Мадагаскар, Жаңа Зеландия, Гавай.
Үнді – Африка облыс тармағы – көне дәуір өсімдіктері көп. Тұт ағаш, бұршақ, пальма, ананас, саваннада астық тұқымды өсімдіктер көп кездседі, кейбір биіктігі 8м жетеді.
Мадагаскар облыс тармағы – баоаб, папоротник, күрделігүлділер, ерекше өсімдігі соговник. Бұл ағаштардан әр түрлі бұйым қағаз жасалады. Мадагаскарда 6765 түрінің 89% эндемик.
Малайзия облыс тармағы - өсімдіктердің 45000 түрі, эндемиктер бұршақ тұқымдастар, шатыргүлділер, фикус, инжир, каучук.
Жаңа Зеландия облыс тармағы – көне дәуір өсімдіктері көп сақталған, папоротник, лиана көп, 30-40м шырмауықтар өсімдіктердің 1800 түрінің 78% эндемик. Әсіресе басқа жерде кездеспейтін қына, бөдене шамшат.
Гавай облыс тармағы - өсімдіктерді жануарлары шектелген, папоротниктер өте көп, астық тұқымдастар, техникалық дақыл, өсімдіктің 705 түрінің 93% эндемик: қоңыраугүлді өсімдіктер, шөптесін өсімдіктер.
Неотропика патшалығы - өсімдіктердің 40000 түрі кездеседі. Сүттігендер, лаврлар, тұт ағаштары, пальмалар, архидеялар, бұршақтұқымдастар, ерінгүлділер, кактустар. Бұл 5 облыс тармағына бөлінеді. Кариб теңізі, Гвиана тау қыраты, Амазонка, Бразилия, Анд тауы.
Кариб теңізі – Оңтүстік Мексика, Оңтүстік Америка аралдары кіреді. 500-ден астам эндемик туыстары бар.
Гвиана тау қыраты – Оңтүстік Американың Солтүстік жағы кіреді. Өсімдіктердің 200 түрі болса, 96% эндемиктер мен реликтілер.
Амазонка – Амазонка бассейнін қамтиды. Мұнда өсімдіктердің 500 эндемик туысы, 3000 жуық эндемик түрі.
Бразилия – 400 эндемик туысы бар. Жайрандар эндемиктер.
Анд тауы - өсімдіктердің 100 деген эндемик түрі бар. Әсіресе емен, қалталыгүлділер, қарақаттар.
Қолданылатын әдебиеттер:
-
Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло И.И. Биогеография мира. М.: Высшая школа, 1985.
-
Дорст Ж. Южная и Центральная Америка. Пер.с англ. М.:Прогресс, 1977.
-
Страны и народы. Зарубежная Азия. Восточная и Центральная Азия. / Под ред. Сладковского М.И. М.: Мысль, 1982.
-
Алехин В.В. и др. География растений с основами ботаники М.; 1961
-
Воронов А.Г. и др. Биогеография мира ,- 1985 г
-
Молдагулов Н. Основы ландшафтоведения и ландшафтная география Кахахстана
-
Сағындықов Ж. Өсімдіктер географиясы
Дәріс №5.
Тақырыбы: Дүние жүзіндегі шөлейтті аймақтар. Шөлейтті аймақтарға тән қасиеттер және олардың флорасының ерекшеліктері.
Дәрістің мақсаты: Дүние жүзіндегі шөлейтті аймақтармен, оларға тән қасиеттер және олардың флорасының ерекшеліктеріментаныстыру.
Дәріс жоспары және қысқаша мазмұны:
1. Шөлейтті аймақтар. Сахара, Туран, Гоби, Тар, Атакама және т. б. дүние жүзілік шөлейттер түрлері. Оларға тән өсімдіктер түрлері.
Шөлейтті аймақтарға кіретін бірлестіктер типтері, қоңыржай, субтропиктік және тропиктік жағдайларында қалыптасады. Бұл әр түрлі шөлейттердегі жылу режимдерінің айырмашылықтарын анықтайды. Дегенмен, шөлейтті бірлестіктер, олардың құрылымы, белгілі бір тіршілік формаларының дамуы, ең алдымен ылғалдың жетіспеушілігімен және аридті жағдайлармен анықталады.
Өсімдіктердің ылғалды неғұрлым тиімді пайдалануға, морфофизиологиялық бейімделуі, ылғалдың жетіспеушілігімен, көбінесе тұзданатын топырақтың кедейлігімен және жоғары температурамен анықталады.
Шөлейтті сипаттауда көбінесе климаттық көрсеткіштер пайдаланылады. Шөлейттерге климаты өте құрғақ (жауын-шашын мөлшері 200 мм төмен) және біркелкі түспейтін жерлерді жатқызады.
Маңызды экологиялық факторлар ретінде, топырақтағы тұзды миграция процесінің басымдылығын келтіруге болады. Шөлейттерге ағынсыз көлдер мен уақытша болатын ағын сулардың болуы тән. Негізінен ксерофиттер немесе гипоксерофиттер тобының өсімдіктері басым. Ерекше топ ретінде жапырақтары мен сабақтарындағы су жинағыш паренхимиаларында су қорын жинайтын, суккуленттерді бөліп қарастырады. Суккуленттердің жапырағы және сабағы кутикуласы қалың, Сырты балауызбен немесе қалың түкпен қатты қапталған. Устьицалары терең батып жатады. Сондай-ақ бұларда ауа алмасу азайғандықтан, суккуленттер баяу өседі. Бұларға жерустілік тармақталған тамыр жүйесі тән. Ол жауын-шашын ылғалын жақсы ұстау үшін қажет.
Сонымен қатар ылғалы мол жыл мезілінде ғана дамитын, тіршілік циклі қысқарған өсімдіктер жеке топты құрайды. Бұл шөптесін өсімдіктер: Эфемерлер (терофиттер) мен эфемероидер (геофиттер). Шөлейтті жерлердің ксерофиттері негізінен ұсақжарыоақты немесе жапырақсыз түрлерімен сипатталады.
Ксерофиттер немесе склерофиттер, Тамырлары жақсы бұтақталып, кейде топырақтың терең қабаттарына дейін кетеді. Бұл топтағы өсімдіктер ылғал жетіспеген жағдайда.транспирация қарқынын күрт төмендетеді. Көпшілігі жас бұтақтарын тастайды, жапырақтары түтікке оралады.
Аталған өсімдік топтарының дамуы жауын-шашыннның түсуіне байланысты. Одан басқа шөлейтітң өсімдіктерінде маңызды орын алатын, фреатофиттер. Бұлардың тамыр жүйелері жер асты суларына дейін жете алады. Фреатофиттердің ішінде ағаш, бұталы және шөптесін түрлері де бар. Тамыр жүйелерінің ұзындықтары 3-10 м аралығында болады.
Қолданылатын әдебиеттер:
-
Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло И.И. Биогеография мира. М.: Высшая школа, 1985.
-
Дорст Ж. Южная и Центральная Америка. Пер.с англ. М.:Прогресс, 1977.
-
Страны и народы. Зарубежная Азия. Восточная и Центральная Азия. / Под ред. Сладковского М.И. М.: Мысль, 1982.
-
Алехин В.В. и др. География растений с основами ботаники М.; 1961
-
Воронов А.Г. и др. Биогеография мира ,- 1985 г
-
Молдагулов Н. Основы ландшафтоведения и ландшафтная география Кахахстана
-
Сағындықов Ж. Өсімдіктер географиясы
Дәріс №6.
Тақырыбы: Дүние жүзінде орман алқаптарының орналасуы. Ормандар түрлері олардың ерекшеліктері.
Дәрістің мақсаты: Дүниежүзіндегі орман түрлері мен ондағы өсімдік жамылғысының ерекшеліктерімен танысу.
Дәріс жоспары және қысқаша мазмұны:
-
Жалпақ жапырақты ормандар түрлері олардың флорасы.
-
Қылқан жапырақты орман түрлері олардың орналасу.
Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пенкөміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді"). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман — географиялық ландшафт элементі. Орманда ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т.б. өседі.
Орман топырақтың құрылысына, су алмасуына, онда органикалық және минералдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман топырағында ылғал жеткілікті, сондықтан оның құрамында шірінді көп. Орманды жердің топырағы қышқыл, мұндай топырақта өсімдік тамыры терең бойлап, минерал заттарды мол алады, суды көп буландырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктерге қолайлы микроклимат жасайды. Орман ағаштары, оның ішінде ‘’мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаштар’’ өз жапырақтары арқылы өздері өскен қоршаған ортаға зиянды ‘’’ауру қоздырғыш бактерияларды’’’өлтіретін, хош иісті заттар (фитонцид) шығарады. Сондықтан да, қылқан жапырақты орманды аймақтарда көпшілік демалып, тынығатын ‘’’курорт-санаторийлер’’’ орналастырылады.
Қазіргі кезде дүние жүзінде орман аумағы 3 млрд. га-дан астам, яғни дүние жүзінің 27 – 28%-н орман алып жатыр. Өкінішке орай, адамзат қоғамы өз тарихында бүкіл О-ның 2/3 бөлігін жойған, сонымен бұрын жер бетінің 75%-н алып жатқан ормандардың көлемі көп кеміген. Әлемдегі ормандар негізінен 5 белдемде өседі ( Орман белдемдері). Жалпы Ораманның таралуындағы заңдылық салқын аймақтарда қылқан жапырақты, қоңыржай аймақтарда қылқан жапырақты және майда жапырақты ормандар аралас, ал жылы аймақтарда негізінен ірі жапырақты ормандар өседі.
Жер шарындағы мемлекеттердің табиғи-климаттық жағдайларына сәйкес әр мемлекеттегі Ормандардың көлемі мен түрлері әрқалай.Бразилияда 320 млн., Канадада 264 млн., АҚШ-та 195 млн., Анголада 60 млн., Перуде 57 млн., Колумбияда 50 млн., Үндістанда 46 млн. га орман бар. Ал бүкіл Африка елдеріндегі Орман қорлары 760 млн. гажерді қамтиды. Бұрынғы Кеңестер Одағындағы орманның көлемі816 млн. га, яғни жер аумағының 37%-ын алып жатты (оның 50%-дан астамы Ресейдің үлесінде). Бұл әлемдегі Орманның , яғни 25%-н құрады. Орта Азия, Кавказ, Қазақстан аймақтарындағы Орман көлемі Ресейдегі Орман алқаптарының небәрі 3 – 4%-н құрайды.
Қолданылатын әдебиеттер:
-
Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло И.И. Биогеография мира. М.: Высшая школа, 1985.
-
Дорст Ж. Южная и Центральная Америка. Пер.с англ. М.:Прогресс, 1977.
-
Страны и народы. Зарубежная Азия. Восточная и Центральная Азия. / Под ред. Сладковского М.И. М.: Мысль, 1982.
-
Алехин В.В. и др. География растений с основами ботаники М.; 1961
-
Воронов А.Г. и др. Биогеография мира ,- 1985 г
-
Молдагулов Н. Основы ландшафтоведения и ландшафтная география Кахахстана
-
Сағындықов Ж. Өсімдіктер географиясы
Дәріс №7.
Тақырыбы: Далалы аймақтар пампалар, пушталар, прериялар. Таулы аймақтар. Оларға тән өсімдіктер.
Дәрістің мақсаты: Далалы аймақтар пампалар, пушталар, прериялар. таулы аймақтардың өсімдіктерімен таныстыру.
Дәріс жоспары және қысқаша мазмұны:
-
Дүние жүзілік далалы аймақтар олардың флорасы.
-
Таулы аймақтарға тән қасиеттер және олардың флорасы.
Далалы белдеу топырақ ылғалдылығы аз және тұрақсыз, континентальды климат жағдайына қалыптасқан. Дала өсімдік бірлестіктері қуаңшылыққа және аязға төзімді, Жақсы жетілген тамыр жүйесі бар көпжылдық шөптесін өсімдіктерден құралған. Дала өсімдіктерінің негізгі эдофикаторы тамырлы шым түзетін астық тұқымдастарының өкілдері. Өсімдік жамылғысы іркелкі емес, жер рельефіне байланысты өрнекті болып келеді.
Өсімдік бірлестіктерінің құрамы, мен құрылысы жердің ендігі мен бойлылығына қарай үлкен өзгерістерге ұшырайды. Далалы белдеудің солтүстігінде көпжылдық ірі тамыр жүйесін құрайтын, астық тұқымдастары мен ксеромезофильді басқа тұқымдас өкілдері көптеп кездессе, оңтүстік далалы аймақтарда керісінше тамыр жүйесі тереңге кетпейтін астық тұқымдастардың өкілдері пайда болады. Сонымен қатар да флорасының түр құрамында да үлкен өзгерістербайқалады. Негізгі эдификаторлар қау, бетеге, бидайық, жуашықты өсімдіктер кездеседі. Өсімдік жамылғысы 40-50% мөлшерінде болады.
Қоңыржай белдеуінің ксерофилді бірлестіктері әр түрлі аталады. Еуразияда далалар деп, Солтүстік Америкада прерийлер деп, Оңтүстік Америкада пампа деп, ал Жаңа Зеландияда туссоктар деп аталады. Бұл жерлер қыс айларында түрлі температура айымашылықтарымен ерекшеленеді. Еуразия далалы аймақтарында жылдық орташа температура 3 – 7,5 оС, оңтүстік аймақтарында 10оС-қа дейін. Шілде айындағы температура 19,5 – 24,5 оС. Пампалардың климатыдалалы аймақтар мен прерийлерден қолайлы температура режимімен ерекшеленеді. Орташа жылдық температурасы +16,6 оС тең. Аязды күндер 12 күннен артық болмайды.
Қолданылатын әдебиеттер:
-
Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло И.И. Биогеография мира. М.: Высшая школа, 1985.
-
Дорст Ж. Южная и Центральная Америка. Пер.с англ. М.:Прогресс, 1977.
-
Страны и народы. Зарубежная Азия. Восточная и Центральная Азия. / Под ред. Сладковского М.И. М.: Мысль, 1982.
-
Алехин В.В. и др. География растений с основами ботаники М.; 1961
-
Воронов А.Г. и др. Биогеография мира ,- 1985 г
-
Молдагулов Н. Основы ландшафтоведения и ландшафтная география Кахахстана
-
Сағындықов Ж. Өсімдіктер географиясы
ТАРАУ 3. ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ЖҮРГІЗУГЕ
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Зертханалық жұмыс №1.
Тақырыбы: Бірклеткалылар мен көпклеткалылар патшалық тармақтары.
Мақсаты: Жануарлардың барлық типтеріне сипаттама беру. Әлем фаунасына сипаттама беру. Карталардың жіктелуін қарастыру.
Тапсырмалар:
-
Жануарлардың барлық типтеріне сипаттама беру.
-
Олардың жеке топтарының анатомиялық морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Құралдар: Препараттар, микроскоп, таблицалар, карталар.
Әдістемелік нұсқаулар: Жануарлардың әртүрлілігімен, олардыңтаралу жолдарымен, құрылыс ерекшкліктері. Ареал. Ареалды картада көрсету әдісі. Құрлық және су жануарларыны морфологиялық айырмашылықтары.
Бақылау сұрақтары:
-
Бірклеткалы және көпклеткалы жануарлар типтері.
-
Жануарлардың барлық типтеріне сипаттама беру.
-
Олардың жеке топтарының анатомиялық морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
-
карталардың қандай түрлері бар?
Қолданылатын әдебиеттер:
-
Кобышев Н.М., Кубанцев Б.С. География животных с основами зоологии. -М.: Посвещение, 1988.
-
Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло И.И. Биогеография мира. М.: Высшая школа, 1985.
-
Дорст Ж. Южная и Центральная Америка. Пер.с англ. М.:Прогресс, 1977.
-
Кист А. Австралия и острова Тихого океана. Пер. с англ. М.:Прогресс, 1980.
-
Кусто Ж. И.,Паккале И. Сюрпизы моря. Гидрометеоиздат.1982
-
Воронов А.Г. и др. Биогеография мира ,- 1985 г
Зертханалық жұмыс №2.
Тақырыбы: Құрылықтың негізгі фауналық аймақтарының жануарлар әлемі.
Мақсаты: Әлемнің фауналық аймақтаымен, фауналық патшалықтарға бөлу принциптермен, дүниежүзінің түрлі аймақтарына тән фаунамен танытыру.
Тапсырмалар:
-
Контурлы картадан фауналық облыстардың шекарасын сызу.
-
Оқу құралдарынан әр облысқа тән және эндемді жануарлар түрлерін (сүтқоректілер мен құстар) анықтаңдар.
Құралдар: Материктердің зоогеографиялық аудандастырылуының картасы, географиялық атлас, дүниежүзінің зоогеографиялық картасы, дүниежүзінің контурлық картасы.
Әдістемелік нұсқаулар: Жаңазеландиялық, Австралиялық, Полинезиялық, Неотропиялық, Эфиоптық, мадагаскарлық, Үнді-малайлық және Голарктикалық аймақтарының жануарлары. Аймақтардың ерекшеліктер.
Бақылау сұрақтары:
-
Географиялық жағдай, шекара.
-
Патшалықтардың генезисі.
-
Патшалықтарға тән тірі организмдер өкілдері.
-
Жануарлардың эндемді топтары.
-
Фауналық патшалықтарға сипаттама беру.
Қолданылатын әдебиеттер:
-
Кобышев Н.М., Кубанцев Б.С. География животных с основами зоологии. -М.: Посвещение, 1988.
-
Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло И.И. Биогеография мира. М.: Высшая школа, 1985.
-
Дорст Ж. Южная и Центральная Америка. Пер.с англ. М.:Прогресс, 1977.
-
Кист А. Австралия и острова Тихого океана. Пер. С англ. М.:Прогресс, 1980.
Зертханалық жұмыс №3.
Тақырыбы: Әлемдік мұхиттың зоогеографиялық аймақтары.
Мақсаты: Әлемдік мұхиттың зоогеографиялық аймақтарымен танысу.
Тапсырмалар:
1. Теңіз және мұхит жануарларының негізгі аймақтарының сипаттамасы.
2. Картадан мұхит және теңіз жануарлар аймақтарын көрсету, белгілеу.
Құралдар: Мұхиттардың зоогеографиялық аудандастырылуының картасы, географиялық атлас, дүниежүзінің зоогеографиялық картасы, дүниежүзінің контурлық картасы.
Әдістемелік нұсқаулар:
-
Борео Атлантикалық облыс.
-
Антибореальдік регион.
-
Антарктикалық облыс.
-
Антибореальдық облыс.
Бақылау сұрақтары:
-
Мұхит суының химиялық, биогенді және ауалық құрамы.
-
Мұхиттың экологиялық аудандары.
-
Мұхиттардың биогеографиялық аудандастыру.
-
Дүниежүзі мухитының биологиялық ресурстары.
-
Планктон, нектон.
Қолданылатын әдебиеттер:
-
Кобышев Н.М., Кубанцев Б.С. География животных с основами зоологии. -М.: Посвещение, 1988.
-
Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло И.И. Биогеография мира. М.: Высшая школа, 1985.
-
Жизнь пресных вод СССР./ Под ред. Проф. Жадина В.И и акад.Е.Н.Павловского/ М.- Л., 1940
-
Липин А. Н. Пресные воды и их жизнь. М.,1965
-
Кусто Ж. И.,Паккале И. Сюрпизы моря. Гидрометеоиздат.1982
-
Парин Н. В. Ихтиофауна океанской эпипелагиали. М. Наука 1968.
Зертханалық жұмыс №4.
Тақырыбы: Флораның негізгі патшалықтары
Мақсаты: Флораның негізгі патшалықтарымен ондағы эдификаторлармен танысу.
Тапсырмалар: Австриялық, неотропикалық, кап, голарктикалық, палеотропикалық және голантрактикалық патшалықтар олардың орналасуын карталарға түсіру қажет. Тропикалық аймақтарға кіретін жерлерді картада белгілеу олардың флорасы. Оларды өсетін өсімдіктер түрлері. Флораның негізгі патшалақтарына тән мәдени өсімдіктер түрлері
Құралдар:
Достарыңызбен бөлісу: |