Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»



бет21/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Лекциялар жинағы

Азықтық ақуыз өндірісі
Микробиологиялық синтез өндірісінің алдына тамақ өндірісіне қажетті өнім ассортименті мен өндірілуі жөнінде маңызды талаптар қойылған.
Биомассадан алынған ақуыз. Азықтық ашытқылар өзінің ақуыз-витамин қоспасымен мал азығына қосылып, мал шаруашылығында кеңінен қолданылады. Бірақ, жануарлар организмінің қоректік затының үлкен бөлігі (65-90 %) тіршілік ету барысында қайтымсыз жоғалады.
Көптеген елдерде азықтық ақуыз өнімін алуда микробиологиялық әдіспен өндіру үшін қарқынды зерттеулер жүргізілуде. Продуцент ретінде көбінесе әртүрлі ашытқы штамдары, бактериялар, актиномицеттер ұсынылады. Көміртегі көзі ретінде спирттер (метил, этил) газ түзуші көмірсулар (метан, этан, пропан) органикалық қышқылдар (сірке) және т.б. қолданылады.
Азықтық ақуыз өнімдері үшін микроорганизм биомассасын алу технологиясы азықтық ашытқыны алу технологиясынан ерекшелігі жоқ, бірақ бастапқы компоненттің, қоректік ортаның жоғарғы дәрежеде таза болуын талап етеді. Азықтық ақуызды алуда технологиялық қиындықтар, микроорганизмді биомассадан бөліп алу сатысында азықтық сапасы немесе дәмі төмендейді. Биомассаға механикалық және химиялық әсер етеді, липидтің құрамы, нуклеин қышқылының азаюы, жасуша қабырғасының бұзылуы үшін әртүрлі экстрагенттермен өңделеді. Биомассаны тереңірек өңдеуде, жақсы қасиетке ие ерігіштік гель түзу қабілетіне ие және т.б. ақуыз құрайтынды алуға мүмкіндік береді.
Азықтық ақуызды микробиологиялық синтездеу арқылы алу экономика жағынан жоғарғы мәнге ие. Мысалы, 25 тонна ақуыз изоляты 37 мың тонна жоғарғы сортты етке эквивалентті болады екен.
Ақуыз изоляты-бұл табиғи полимерлер, сондықтан оларды тамақ өндірісінде қолдану әртүрлі болады. Таза күйінде олардың дәмі, иісі болмайды сондықтан оларды дәстүрлі тамақ өнімдеріне құнарландыратын, байытатын қоспа ретінде қолданады (шұжық, ірімшік және т.б.). Қоректік күшті өнім ақуыз изоляты негізінде алу үшін оларға сыртқы түріне, иісіне және дәміне қарай, физика механикалық қасиет береді.
Полимерлік сипатының арқасында және күшті өзара молекулярлық әрекетінің арқасында ақуыз гель түзе алады. Полимерлік заттарды өңдеу әдісін қолданып ақуызды қажет азықтық формада алуға болады. Азық өнімдерінде табиғи қоспа және қоспалар әсіресе, тамақ даярлауда, қайнатуда, пісіруде иіс пен дәм береді. Кез келген дәмді ингридиенттен тұрады: тәтті, ащы, қышқыл, тұзды – және оны араластырудың арқасында алуға болады, қант ерітіндісі, тұздар, қышқылдар және кофеин.
Табиғи өнімнің иісі күрделі ондаған қоспаның композициясы арқылы беріледі, олардың массалық үлесі бірнеше милионның бір бөлігін құрайды. Жасанды өнімнің иісін аминқышқылын және олардың қантпен қоспасын қолдану арқылы өзгертуге болады.
Қазіргі кезде тамақтың жаңа формасын ароматтайтын изобояулар, дәмді заттар ақуыз изоляты негіздеген.
Азықтық ақуыз өндірісі бір жасушалы микроорганизм биомассасынан алу көптеген елдерде негізделген. Францияда “протибел” атты ашытқы биомассасын құрайды, лактоза өсіріп азықтық өнім шығарады. Протибел 50% ақуыздан тұратын, оны сорпаға, кондитерлік өнімдерге, сусындарға, балалар тамақтанатын өнімдерге қосады.
Микробиологиялық ақуызды этил спирті субстратынада өндіру тәжірибелік-өндірістік көлемде Чехияда жүзеге асырылған.
АҚШ-та этил спирті субстратында азықтық ашытқыларды өндіретін қондырғылар жұмыс жасады. Ашытқы негізінде 30-ға жуық әртүрлі азықтық өнімдер шығарылды.
Англияда метил спирті субстратынада бактерия өсіру арқылы “прутин” өнімін шығарды. ФРГ-да метил спиртінде жем ретінде және азықтық мақсатта микроорганизмнің биомассасын алды.
Кеңес Одағы кезінде кең қолданбалы көлемді зерттеулер бір жасушалы организм биомассасынан изолирленген ақуыз алу аумағында жүргізілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет