Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»


Егілген ашытқыны өсірудің екінші сатысы



бет29/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57
Лекциялар жинағы

Егілген ашытқыны өсірудің екінші сатысы
Сыйымдығы 4,5-5,0 м³ кіші ашытқыш аппаратта жүргізіледі. Ашытқыш аппаратқа (1300 л) қайнаған ыстық су (200л), қоректік орта және барлық егілген ашытқы (300-310) қоректік ортасымен бірінші сатыдан беріледі. Өсіру ұзақтығы 10-11сағат, үлкен ашытқыш аппаратта культуралды сұйықтық 2500л жиналады.
Үшінші сатысы сыйымдығы 12-15 м³ кіші ашытқы өсіретін аппаратта жүргізіледі. Аппаратқа (1500л) қайнаған ыстық су, екінші сатыда өсірілген (2500л) егілген ашытқы қоректік ортасымен және (500л) жаңадан жасалған жас қоректік орта беріледі. Кіші ашытқы өсіретін аппаратта ашытқыны өсіру уақытысы (8-9сағ.), қоректік ортаны қосып отырғандағы ортада 90-120 кг ашытқы биомассасын құрайтын ортада 6000л жиналады. 1 литр ортада ылғалдығы 75% 15-20г ашытқы құрайды. Өндірістік ашытқы өсіретін аппаратта егіс ашытқысын таңдап алу үшін осындай мөлшері жеткілікті.
Егілген ашытқыны өңделген қоректік ортамен бірге бөліп алу кіші ашытқы өсіретін аппараттан үздіксіз жұмыс жасаумен іске асырылады, демек, аппараттан 1-1,5 м³ егістік ашытқы алынады, оған осындай мөлшерде жас жаңадан жасалған қоректік орта беріледі. Қоректік ортадағы РЗ редуцирлеуші заттың құрамы 1-1,2% жоғарыламауы керек.
Ашытқының таза культурасы бірінші өндірістік аппаратқа беру ұсынылады, ол толған соң, екіншісіне және тағы сол сияқты келесілері тізбектеле жалғаса береді. Таза культура өсіретін аппарат ауа тарататын жүйемен және қоректік ортаны салқындатқыш, қыздырғыш жыланшамен, бу беруге арналған барбатермен жабдықталған. Ашытқыны өсіруге аппаратқа ауаны беру тазарту және залалсыздау жүйесінен кейін беріледі.


Қоректік ортаны дайындау
Өсімдік шикізатының гидролизатында және сульфитті шелокта ашытқыны өсіруде субстраттың тұрақты құрамы жоғары мәнге ие, негізінде микроорганизмдерді өсіру осы шикізат көзін дайындау сапасына байланысты.
Көмірсуды құрайтын субстраттарда ашытқының қалыпты дамуын қамтамасыз ету үшін қоректік ортаға қосымша калий, азот, фосфор қосылуы керек. Азотты аммоний сульфаты немесе аммиакты су түрінде қосады, ол бір мезгілде ашытқы өсіретін апаратта рН мәнін реттеп отыру үшін де қажет, фосфор – суперфосфат түрінде қосылады, калий – калий хлориді түрінде қосылады. Кейбір ашытқы штаммдарының тіршілік етуіне оң әсер етуші биостимуляторлар әсер етеді. Көбінесе биостимуляторлар ретінде ашытқы автолизаты, меласса, солод өсіндісі қосылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет