Азықтық ақуыз өнімі
Микробиологиялық өндірістің алдындағы негізгі мақсатының бірі ауылшаруашылығын жарамды азықтық ақуызбен қамтамасыз ету. Мал шаруашылық өнімі өндірісінің кеңеюіне байланысты сенімді азықтық базасын құру талап етілді.
Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы тұтынатын азықтық ақуызды, негізінде өсімдік шаруашылығының есебінен қанағаттандырады. Бірақ, мұндай дән культурасы, картоп, азықтық шөптер сияқты бағалы өсімдік азығына микроэлементті және витаминді, жарамды ақуызды тек қоспа ретінде қосқан кезде ғана тиімді тұтынуы мүмкін. Өсімдік азығының сапасын жақсарту үшін оларға балық және ет – сүйек ұнын, майсыз сүтті қосып байытады. Мұндай ақуыз қоспа өндірісінің көлемі мал шаруашылығында тұтынатындарды қанағаттандырмайды. Әлемнің барлық елдерінде азықтық ақуыздың тапшы екені белгілі. Азықтық ақуыз өнімін алу үшін қолданылатын шикізатқа байланысты тауарлардың аттары келесідей болады: өсімдік шикізатының гидролизатында және сульфитті щелокте –азықтық ақуыз немесе гаприн; метил спиртінде – меприн; мұнай парафинінде – азықтық ашытқы, азықтық ақуыз концентраты немесе паприн; этил спиртінде – эприн.
Тақырып 7. Микробиологиялық синтездің азықтық ашытқы өндірісі. Азықтық ашытқы алуда өсімдік шикізатының гидролиз әдіс
Дәріс 13. Азықтық ашытқы өндірісі. Өсімдік шикізатының гидролизатын алу.
Дәріс 14. Өсімдік шикізатының гидролиз әдісі. Гидролизат алу процесінің технологиясы.
Азықтық ашытқы өндірісі
Азықтық ашытқы мироорганизмдердің биомассасы белгілі ылғалдылыққа дейін кептірілген. Олар минералды заттардың және витаминнің, ақуыздың алынатын көзі биологиялық жарамды азық болып саналады. Азықтық ашытқының ең бағалы компоненті – протеин, оның құрамы 52–55 % - ке жетеді. Азықтық ашытқының құрамы бойынша ең маңыздысы жануар тектес ақуызға жақын алмастырмайтын аминқышқылы болмайды, азықтық ашытқыда мұндай аминқышқылының болуы өсімдік ақуызының биологиялық бағалылығын жоғарылатады. Оларды жануарлар рационына бірлесе отырып енгізсе болады. Азықтық ашытқы В витаминдер тобын да құрайды, жануарлар организмінде ақуыздың алмасуы оң екені байқалды. Олардан басқада азықтық ашытқыға эргостерин қатысады. Ультракүлгін сәулесімен шағылыстырғанда Д2 витамині оңай өзгереді. Азықтық ашытқыда жануарларға, құстарға арналған микро және макроэлементтер қатысады: фосфор, калий, кальций, темір, магний, натрий, күкірт, мыс, марганец, кобальт және т. б. Олай болса, ақуыз сапасы бойынша (алмастырмайтын аминқышқылы құрамы бойынша) витаминдер, липидтер, микроэлемент комплексі және азықтық ақуыздың биологиялық активтік заттары, өсімдік және жануар тектес ақуыздарды алмастырып қоймай және жеке көрсеткіші бойынша олардан басым болады. Азықтық ашытқыны жануардың және құстың әр түрлі түрлерін қоректендіргенде эффективтілігінің жоғарғы екендігі көп жылдық тәжірибелерден дәлелденген. Бірақ жануарлардың, құстардың азығына азықтық ашытқыны ақуыз – витамин қоспасы ретінде қолдануға болады. Құрғақ ашытқыны қолданудың орташа нормасы тәулігіне жануардың 1кг тірі салмағына 1г құрғақ ашытқыны қолдануды құрайды. Тәулігіне ірі қара малдың негізгі азығына 500 г құрғақ ашытқыны қосу ұсынылады, ал шошқаға 150 – 200 г, құстарға 2 г ұсынылады. Комбикорм өндірісі азықтық ашытқыны көлемді тұтынатынын дәлелдейді. Кеңес Одағы кезінің өзінде ірі масштабты өндірістер азықтық ашытқыны өндіруде бүкіл әлемде бірінші орында болып, мал азығына тұтынатынды толығымен қамтамасыз ете алмаған. Елімізде экономикалық және әлеуметтік жағдайдың дамуының негізгі бағыты азықтық ақуыз өндірісі және биологиялық белсенді заттарды кеңейту қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |