Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»



бет50/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
Лекциялар жинағы

Іш- сүзек вакцинасын алу
Іш- сүзек вакцинасын алу үшін іш-сүзегін қоздырғыш бактериялар штамын, ішек инфекцияларына қарсы вакцина алуда штамдардың бірі Salmonella tуphi 4446 штамын қолданып, сальмонелла және шигелл штамдарын алу, бақылау, сақтау ережелерінің талаптарын қанағаттандыруы керек.
Құрғақ іш- сүзек вакцинасын дайындау үрдісі бірнеше сатыдан тұрады: аналық культураны алу; нативті культураны өсіру (микробтық масса); микроб массасын инактивациялау; вакцинаны дайындау; ампулаларға құю; лиофилизациялап кептіру және ампуланы дәнекерлеу.



1-өндірістік штаммен жұмыс жасау; 2- биомассаның жинауы;
3-нативті микробтық заттың инактивациясы; 4-стандартты араластыру (разводка);
5- препартты лиофилизациялап кептіру; 6-ампуланы дәнекерлеу;
7-дайын препаратты этикеткалау,буып түю.
29 сурет. Іш- сүзек вакцинасын алудың технологиялық сызба нұсқасы

Егіс материал ретінде - 18-сағаттық агарланған культура немесе 5-6 сағаттық ЕПС культурасы санады. Егіс материалының көлемі жалпы көлемінің 5-10%-тін алады.


Іш- сүзек бактерияларының жеткілікті жоғарғы биомассасын алу үшін ақуыз- гидролизатты немесе жартылай жасанды ортада аэрациялау жағдайында өсіріледі. Қоректік орта ретінде мөлдір, сабан тәрізді түсі, рН 7,2-7,6; 300-400 мг % жалпы азоты; 200-250 мг % аминді азот және 0,1-0,6 % пептоны бар гидролизат казеинді сорпа қолданылады.
Қазіргі кезде вакцинаны түптік культивирлеу әдісімен тот баспайтын болаттан жасалған, бумен немесе сумен қамтамасыз етілген жейдесі бар реакторларда өндіріледі (залалсыздалған жағдайда жүреді).
Реакторлар қоректік орта үнемі келіп түсіп тұратын сифон жүйесімен жабдықталған, культивирлеу үрдісі біткеннен кейін культураны бөліп алатын арнайы бөлгіштермен қамтамасыз етіледі. Культураны өсіруге есеп бойынша 1 минутта 1 л ортаға 1 л залалсыздандырылған ауа қажет. Қосымша аэрациялауды, араластыруды түтікшелі немесе роторлық араластырғыш жүзеге асырады. Оның айналу жылдамдығы 180-300 айн/мин.
Микроорганизмнің көбеюін интенсификациялау және ортаның рН мәнін 7,5-7,8 ұстау үшін периодты түрде 40 %-тік залалсыздалған глюкоза ерітіндісін қосып отырады. Осы культивирлеу режимдері (температура, қарқынды аэрациялау, глюкоза беру) автоматты түрде бақылау, аппараттың басқарушы қызметін жүзеге асырылып отырады.
Спиртті вакцинаны өндіруде түптік культивирлеу жағдайында алынған микроб жасушасының өлшенген бөлігін арнайы өлшегіштерде мұқият араластыру арқылы залалсыздайды, 96 %-тік этил спиртімен екі рет (біріншісі 1:4, екіншісі 1:10 қатынаста) өңдеу қажет.
Культуралды сұйықтықтың залалсыздығына және иммунагендігіне сәйкес бақылау жасаған соң консервант ретінде қолданылатын 0,25%-тік фенол қосылған натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен араластырады.
1 мл спиртті вакцинада 5 млрд микроб жасушалары болады. Ампулаға құйылған вакцинаны 40-500С температурада мұздатып қатырады, сублимациялық қондырғыда кептіреді де, препаратты ампулаларда вакууммен дәнекерлейді.
Спиртті құрғақ іш-сүзек вакцинасын таза күйінде де, Ви- антигенмен құнарландырылған күйінде де қолдануға болады.
Осы вакцинаны алудың сызба нұсқасы бойынша спиртті құрғақ дизентерия вакцинасын алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет