Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»


Культуралды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу және концентрлеу сатысы



бет9/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Лекциялар жинағы

Культуралды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу және концентрлеу сатысы
Ферментация үрдісі аяқталғаннан кейін культуралды сұйықтықтың құрамында микроорганизмдердің тіршілік етуіне қажет заттар, қоректік ортаның қалдықтары, көбік сөндіргіш, еріген және ерімеген заттар болады.
Биосинтез үрдісінің дайын өнімі болып, культуралды сұйықтықта еріген зат немесе микроорганизм жасушасының ішіндегі микроорганизмнің өзі, әлде оның метаболиттері саналады. Барлық жағдайда дайын өнімді бөліп алу үшін, культуралды сұйықтықтан микроорганизмдер массасының өлшенген фазасын бөліп алу қажет.
Культуралды сұйықтықтағы микроорганизмдердің құрамы төмен. 1л культуралды сұйықтықтың құрамында 5-10г ҚБ (құрғақ биомасса) болады. Фазаның мұндай мөлшерін бөліп алуда күрделі технологиялық үрдіс жүреді, әр түрлі әдістер қолданылады, барлық уақытта биомассаны концентрлеумен шешіледі (флотирлеу, сепарирлеу, буландыру). Өндірістік жағдайда үлкен көлемде қиын фильтрлеуші суспензияны өңдеуде мол мөлшерде энергияның жұмсалуына әкеліп соқтырады.
Культуралды сұйықтықтан микроорганизм жасушасының биомассасын бөліп алу әдістерін механикалық (центрифугалау, фильтрлеу, тұндыру) және жылу техникалық (кептіру) бөлімдеріне бөлуге болады. Соңғы өнімге байланысты осы әдістің сәйкес келетінін таңдауға болады. Культуралды сұйықтықтағы микроорганизм концентрациясын, биопрепараттың тауарлы формасын ескеріп, концентрлеудің және биомассаны бөліп алудың сызба нұсқасы таңдап алынып, экономика жағынан бағасы беріледі.
Флотирлеу
Азықтық ақуыз өндірісінде ашытқы жасушасын концентрлеу үшін флотирлеу әдісі қолданылады. Орындалу мақсаты культуралды сұйықтық көбіктенгенде ашытқының негізгі массасы ауамен бірге көбікке ауысады, оны культуралды сұйықтықтан бөліп алады. Флотирлеу үрдісі арнайы аппаратта – құрылысы әр түрлі флотаторда жүргізіледі. Биотехнологиялық өндірісте флотатор аппараты қолданылады, бірнеше вариантта орындалады: көлденең конусты, тігінен цилиндрлі, бір сатылы және екі сатылы ішінде стаканы бар болып келеді.
1-суретте қарапайым бір сатылы флотатордың жалпы түрі келтірілген. Флотатор түбі тегіс цилиндрлі корпустан тұрады және ішкі жағында көбік жинағыш стаканы бар болады. Корпус пен көбік жинағыштың арасындағы сақиналы кеңістік (1-V) тігінен секциялы бөліктерге бөлінген. Бөлгіш қоршаулар бірінші мен соңғы секциядан басқасының түбіне жетпей тұрады. ІІ-V секцияда аэратор орнатылған.
Ашытқы суспензиясы, ашытқы өсіруші аппараттан бірінші ұзындығы бойынша ең үлкен флотатордың секциясына келеді, осы жерде ашытқының негізгі массасы газ суспензиясы құрамының есебінен флотирлеу іске асырылады. Пайда болған көбік ішкі стаканның жоғарғы жағынан асып ағып түсіп, көбік жинағышқа келеді. Культуралды сұйықтықта қалған ашытқы, флотирлеудің қалған секциясында, аэратор арқылы берілген ауаның көмегімен іске асырылады. Пайда болған көбік, көбік жинағышқа келіп түседі. Көбік жинағыштағы көбікті механикалық көбік сөндіргішпен сөндіреді. Көбік жинағыштан ашытқы концентраты сепарацияға беріледі.

1- ашытқы суспензиясын құюға арналған патрубка; 2-корпус;


3-ішкі стакан; 4-бірігіп тұратын қалта; 5-механикалық
көбік сөндіргіш; 6-аэраторлар.
1 сурет. Бірсатылы флотатор

Өңделген культуралды сұйықтық соңғы секциядағы гидрозатордың қызметін атқаратын қалтасынан шығарылады. Флотатордың өнімділігі бастапқы ашытқы суспензиясы бойынша 40-70 м3/сағ құрайды. Флотирлеу әдісі тек қана ашытқыны концентрлеу үшін қолданылады.


Тіркеу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет