Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»


Тақырып 2. Биотехнологиялық өндірістің ферментация процесі. Биотехнологиялық өндірісте культуралды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу



бет7/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57
Лекциялар жинағы

Тақырып 2. Биотехнологиялық өндірістің ферментация процесі. Биотехнологиялық өндірісте культуралды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу


Дәріс 3. Ферментация процесінің технологиялық ерекшеліктері.
Дәріс 4. Биотехнологиялық өндірісті басқару. Биотехнологиялық өндірісті бақылау. Культуралды сұйықтықты флотирлеу. Культуралды сұйықтықты сепарирлеу.
“Ферментация” термині ертеректе ашу үрдісінде қолданылған, қазіргі кезде кеңінен қолданылуда. Ферментация үрдісінің арқасында микроорганизмдерді әр түрлі мақсатта өсірілуде. Микроорганизмдерді культивирлеу үрдісі әр түрлі. Микроорганизм – продуцентінің қасиеті әр түрлілігімен түсіндіріледі, бірінші кезекте оны өсіру технологиясын құруда ескеріледі.
Технологиялық өрнектеу бойынша келесі биотехнологиялық үрдістер анықталады:

  1. аэробты және анаэробты культивирлеу;

  2. беттік және түптік культивирлеу;

  3. кезеңді және үздіксіз культивирлеу;

Өндірісте сұйық қоректік ортада аэробты микроорганизмді түптік культивирлеу үрдісі кеңінен таралған. Аэробты микроорганизмді түптік культивирлеуде бірқатар ерекшеліктер бар. Культивирлеу үрдісі күрделі көп фазалы жүйеде жүреді: газ – сұйық – қатты дене (жасушалар). Қатты фаза күйінде және суда ерімейтін көміртегі көзі түрінде болады (мысалы, н-парафиндер).
Тіршілік ететін микроорганизмдерден жылу бөлінеді және егер лабороториялық жағдайда көлемі үлкен емес (сосудта) шыны ыдыста микроорганизмдер өсірілсе жылу бөліну үрдісі сезілмейді, ал үлкен көлемдегі аппаратта микроорганизмдерді культивирлеу үрдісінде жылудың бөлінгені сезіледі. Сондықтан, культивирлеу үрдісінде культуралды сұйықтықтың барлық бөлігінде температураны барлық уақытта ұзақ ұстап тұру керек. Олай болса, микроорганизмді өсіру үрдісінде мол мөлшерде оттегі қажет, ал ол культуралды сұйықтықтың төмен еруін, үлкен көлемде ауаның аппараттан үздіксіз берілуін және шығарылуын қамтамасыз етеді.
Ферментация үрдісінде көбік пайда болады, үрдісте көбіктің болмағаны дұрыс және оны жою қажет. Көп жағдайда ферментация үрдісі кезінде аппаратқа бөгде микрофлора түспеуі қажет, демек залалсыздандыру үрдісін ұзақ уақыт ұстау керек. Биотехнологиялық үрдістің жалпы ерекшеліктері, сондай-ақ кейбір басқа да микроорганизмнің нақты культурасына арналған ферментация үрдісінің ферментерінің арнайы құрылысын қайта өңдеуде ескеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет