Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»



бет8/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57
Лекциялар жинағы

Өндірісті басқару және бақылау
Ферментация үрдісінде оператордың басқаруымен биологиялық агенттің дамуы туралы және культивирлеу ортасының динамикасы туралы ақпарат алуға болады. Ферментация үрдісін сипаттаудың негізгі көрсеткіші келесідей болады. Физикалық: температура, қысым, берілген көлемі, араластырғыш бұлғағыштың айналу жиілігі, көбіктің пайда болуы, газдың ағымының жылдамдығы (ауа) ортаның ағымының жылдамдығы, тұтқырлығы, турбуленттілігі. Химиялық: рН ортасы, тотығу –тотықсыздану потенциалы, О2, СО2 еруінің құрамы, газдағы О2, СО құрамы, көміртегі құрамы, (предшествениктің) молекула құрамына кіріп құрайтын бүтіндей бір молекуланы құрайтын құрамы, азот, фосфор, Mg2-, K+, Ca 2+, Na+, Fe2+, SO42- және т. б.
Ферментация үрдісінің маңызды көрсеткіші болып биомасса, субстрат өнімінің құрамы саналады және бөгде микрофлорамен ластануды болдырмауы саналады. Продуценттің физикалық жағдайын сипаттайтын биомассаның өсуінің меншікті жылдамдығы, оның морфологиялық жағдайы, (жасушаның көлемі жасушаның бөлінуінің саны), сондай-ақ бірқатар биохимиялық көрсеткіштер (РНҚ, ДНҚ, құрамы, НАД, НАДФ, АТФ, қосылатын ферменттің активтілігі).
Көбінесе жоғарыда келтірілген химиялық көрсеткіштер периодты түрінде алынған сынамамен анықталады, ол физикалық көрсеткіштері –үздіксіз ферментердегі датчикті құрастыру көмегімен анықталады. Биотехнологиялық үрдіс үшін ортаның температурасы, рН мәні, сондай-ақ еріген оттегінің құрамы жоғары мәнге ие. рН мәнін анықтау үшін еріген оттегіне ферментерге құрастырып бекітілген залалсыздандырлған электрод қолданылады. Еріген оттегін анықтау үшін, көбінесе амперметрлік қорғасын – күміс немесе алтын күміс электродтар қолданылады.
Ферментация үрдісі жүруіне субстратың көбіктенуі, көбіктің пайда болуы үлкен әсер етеді. Күшті көбіктенген субстрат үшін автоматты жүйедегі көбік сөндіргіш қолданылады, химиялық әдісті қосқанда сондай-ақ механикалық заттармен де көбік сөндіргіш қолданылады. Қазіргі жаңа заманғы биотехнологиялық үрдіс ферментация үрдісін басқару үшін ЭЕМ қолданбаса мәні болмайды: рН мәнін, температура мәнін қалыпты ұстауда, көбік пайда болуын қадағалауда, араластырғыш бұлғағышының айналу жылдамдығын, еріген оттегінің мөлшерін, субстратты беру жылдамдығын және т.б.
Қазіргі кезде биореакторда жүйенің параметрлерін шектеулі түрде өлшеуге болады, осы параметрлер негізінде материалдық және энергетикалық балансты жалпы теңдеумен және биопроцесс параметрлерін және математикалық моделге сәйкес теңдеумен есептеуге болады, бұл бақылауға және өлшеуге болмайды. Өлшенетін параметрлер көмегімен метаболизммен және жасушаның өсуімен, араластырумен және аэрациямен байланысқан жүйенің сипаттамасын өлшеуге болады. Анализ мәнін өңдеу әдісінің негізгі мақсаты болып микробиологиялық үрдісте жасушаның өсуінің меншікті жылдамдығын және биомасса концентрациясын үздіксіз анықтау болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет