Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»



бет18/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
Лекциялар жинағы

Кептірудің басқа әдістері
Биотехнологиялық өндірісте микроорганизм суспензиясын кептіру бірнеше әдіспен іске асырылады. Нан ашытқысын конвективті кептіргіште кептіргенде жылу өтетін және судың буын жою газ тәрізді кептіргіш агенттің көмегімен – ауамен, инертті газбен және тағы басқалармен іске асырылады. Ашытқыны кептіру 35°С температурадан жоғары болмау керек. Сүт қышқылының бактериясын (әр түрлі ашытқы ұйытқы) 50°С температурада кептіреді. Микроорганизмдерге байланысты кептіру (кептіргіштен шыққан кептірілетін агенттің температурасы 130-150оС) болады. Контактілі әдіспен ашытқыны кептіруде крахмалмен немесе ұнмен араластырып кептіру жүзеге асырылады.


Саңырауқұлақтан алынған ақуыз
Азықтық ақуыз өнімі болып қоректенуге жарамды саңырауқұлақтар саналады. Бұл саңырауқұлақтарды жасанды культивирлеу өнеркәсіптік биотехнология және ауылшаруашылығы арасындағы арнайы аумағы болып келеді. Культивирленген саңырауқұлақтарды әлемде өндіру жылына 1 млн тоннадан жоғары болуы керек. Ғалымдардың жорамалы бойынша 2050 жылы азықтық рационында адамның ақуызының 1/3 бөлігін саңырауқұлақ ақуызы құрайды екен.
Жасанды культивирлеу үшін негізінде шампиньондар қолданылады. Шампиньон өндірісі көбінесе АҚШ-та, Францияда, Нидерландияда, Ұлыбританияда, Италияда, Испанияда және Канадада дамыған. Шампиньондар арнайы температура мен ылғалға тұрақты болатын жылы жайда өсіріледі. Саңырауқұлақтарды культивирлеу үшін көп сатылы қайықшалар және саңырауқұлақтардың споралары (мицелий) себілген қоректік орта дайындалады. Саңырауқұлақтар өндірісінде ең қиын және ұзақ сатылы болып субстратты культивирлеуге даярлау болып табылады. Қарапайым субстрат ретінде құрамында 65-70% жылқы қиы бар кампост қолданылады. Зерттеу күші осы субстратқа тең алмастыратын субстрат табуға және оның даярлау уақытын қысқартуға бағыталған. Кампосттың құрамына бидай және күріш ұнтағын, құс саңғырығын, шошқа қиын, мақта ұнын және басқа целлюлозасы бар қалдықтар қосылады. Саңырауқұлақтардың өнімі кейбір субстраттан 1 т кампостан 200-240 кг жетеді. Өнімді жинап алған соң кампостты ауылшаруашылығы культураларына тыңайтқыш ретінде қолдануға болады. Қоректенуге жарамды саңырауқұлақтарды культивирлеудің кемшілігі, оны өндіру циклінің ұзақ, бірнеше ондаған күнге созылуы болып саналады, сонымен қатар температура мен ылғалды автоматты түрде реттеу, осыған қарамастан, қазіргі кезде жылы жайда культивирлеуге үлкен қол жұмысының күші қажет болады.
Азықтық ақуызды алудың болашақта тиімді және экономика жағынан тиімді тәсілі саңырауқұлақ мицелийін түптік культивирлеу болып табылады.
Түптік культивирлеу әдісімен саңырауқұлақ массасының жиналуы, беттік культивирлеу әдісіне қарағанда бірнеше есе жылдам жүреді. Түптік культивирлеу арқылы алынған мицелийлі биомасса сапасы мен қоректік бағасы бойынша саңырауқұлақтың жеміс беретін денесінен кем түспейді.
Түптік культивирлеу жағдайында шампиньон мицелийлері, вешенкалар және саңырауқұлақтардың басқа түрлері жақсы өседі. Саңырауқұлақ мицелийін алудың түптік культивирлеу тәсілінде көмірсу көзі әртүрлі ақуыз және целлюлоза қағаз өнеркәсібінің қалдықтары: меласса, сүттің сарысуы, ағаш қалдықтары атқарады.
Англияда азықтық ақуызды көмірсу ортасында түптік культивирлеу әдісі арқылы токсинді емес саңырауқұлақ түрі Fusarium алынған. Культуралды сұйықтықтан саңырауқұлақ биомассасы бөлінген соң, нуклеин қышқылынын құрамын төмендету, бөліп алу үшін арнайы өңдеуден өтеді. Алынған өнім витаминнің және ақуыздың құрамының жоғарғы болуымен ажыратылады және қаныққан май қышқылының және холестериннің жоқтығымен ерекшеленеді. Францияда сүт сарысуында азықтық ақуызды өңдеу дамуда. Кейбір Рenicillium саңырауқұлақ штамын лактозада культивирлегенде 30т сүт сарысуынан 1 т ақуыз алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет