Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»


Вирусты препараттардың ерекшеліктері



бет53/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Лекциялар жинағы

Вирусты препараттардың ерекшеліктері
Соңғы кездері тірі вакциналардың ішінде вирусты препараттарды алу кеңінен тараған. Вирусты культивирлеу тауық, үйрек немесе бөдене эмбриондарында немесе ұлпаның культурасында жүргізіледі. Эмбрионды тек бүліндіру үшін емес, сонымен қатар ұлпаның культурасын дайындау үшін де қолданады (шешек ауруына қарсы вакцина). Вирусты препараттарды залалсыздау ережесін қатаң сақтауды және басқа жұмыс түрлерінен оқшалауды талап етеді. Алынған өнімнің бөгде вирустармен байланысын толығымен жою қажет. Эмбриондарды арнайы иесінен (хозяйн) лейкозға ұшырамаған тауықтардан алады. Ұлпаның культураларын алуда жануарлардың түрі қатаң сақталады, мысалы африкалық жасыл ергежейлісі - полиомиелит вирусын өсірудегі бүйрек жасушасының культурасын алу үшін қолданылады. Жануарларды қатаң оқшаулаулап ұстайды.
Ұлпаны культивирлеуде құрамы күрделі ерекше қоректік орталарды қолданады. Ұлпаның культурасында вирустардың жиналуы шыны сосудтарда (ыдыста) жүреді. Вирустардың шығымын жоғарылату үшін сосудтарды тербелмелі шайқағыш арнайы құрылғыларда жүргізеді. Қазіргі кезде түптік культивирлеу әдістері өңделуде.
Вирусты вакциналарды дайындауда жиналған вирустың биомассасына концентрлеу және тазалау жүргізіледі. Бөгде қоспаны заттардан айыру үшін сепарирлеу әдісі қолданылады, сосын (полиомиелит вирусына қарсы) вакцина алу вирусты құрайтын сұйықтықты залалсыздағыш фильтрация үрдісі жүргізіледі. Мұқият бақылаудан кейін вакцинаны буып- түйеді және сұйық препарат ретінде қолдануға жібереді немесе лиофилизациялайды, кептіреді.
Вирусты вакциналар өлі болуы да мүмкін. Өлі тұмау (грипп) вакцинасын тазартуға және концентрлеуге арналған кең кеуекті шыныда храмотаграфиялық әдісімен алу кеңінен қолданылуда.


Вакцинаға қойылатын талаптар
Барлық вакциналар шығу тегіне қарамастан бірнеше негізгі талаптарды орындауы қажет, оларсыз белсенді иммунизацияға қолдануға болмайды.

  1. Вакциналар өзіндік арнайы залалсыздығы болуы қажет (құрамында бөгде агенттер болмауы қажет). Өзіндік залалсыздығы вакцинаның ұқсастығымен тығыз байланысты, тірі немесе өлі вакцинаның құрамында тек атына байланысты ғана микроорганизмдер болуы керек. Осыған байланысты жоғарыда көрсетілгендей вакцинаға қоспа бөгде агенттердің қатысуы мүмкін емес.

  2. Екінші талабы, вакцинаға жауап беруі керек – олардың зиянсыздығы, (вакцина қолданысқа түспес бұрын тексеріледі). Зиянсыздығын арнайы лабораторияларда жануарларға қолданып анықталады, олар вакцинаны енгізгенде жергілікті орнына және жалпы реакция бермеуі керек, берілген ережелерден шетке шықпауы керек.

  3. Вакцинаға қойылатын үшінші талап –стандартқа сәйкес болуы. Барлық ампулада, сериясына сәйкес вакцина бірдей көлемде болуы және бірдей немесе антигендігіне және иммуногендігіне жақын болуы керек.

  4. Төртінші талап – вакцинаның баяу реактогендігі. Табиғатта ареактогенді вакциналар болған жоқ. Микробтық препараттар еккен жерде жергілікті орнын немесе жалпы реакцияны көрсете алу қасиетіне ие. Бұл препараттың «реактогенділігін» сипаттайды немесе сол немесе басқа вакцинаны енгізуде организмнің жауабын сипаттайды.

  5. Төтенше маңызды сұрақ – вакцинаның иммуногендігін анықтау. Вакцинаның сапасына, пробиркадағы антигендігін бағалау сонымен қатар жануарларға жасаған тәжірибе туралы мәлімет болуы қажет. Препараттың иммуногендігін жануарларға жасаған тәжірибе нәтижесімен бағалайды, микроорганизмнің сәйкес культурасын немесе оның тіршілік ету өнімін (токсиндер) келесідей бүлдіруде берілген препаратпен иммунизирленген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет